Экономика

«ТАБЫСТЫ БИЗНЕСМЕН – БІЛІКТІ МЕНЕДЖЕР»

Әділ Жұбанов, «БатысАльянсСтрой» ЖШС директоры, облыстық мәслихаттың депутаты:

- Байқағанымдай, бизнесті ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдыру үрдісі шет елдерде бұрыннан қалыптасқан. Мысалы, Италиядағы дәріханалардың бірінің иесі кәсібінің ата-бабаларынан қалған іс екендігін айтты. Жүздеген жылдар түгілі, бірнеше ғасыр бойы әлгі бизнесті ұрпағы жалғастырып келе жатқан көрінеді. Құрылыс саласында да солай. Осыдан бірнеше жыл бұрын Өзбекстанда жігіттердің әсем тастарды жапсырып жатқанын көрдік. Өзім құрылыста жұмыс жасағандықтан қызығушылықпен сұрастырдым. Сөйтсем, ол да аталарының жолымен өзгеше әдіспен тас қалайды екен. Басқалардан ерекше тәсілінің сырын ашып, ешкімге тіс жармайды.

Читать далее »

«ЕҢБЕККЕ БАУЛЫҒАННАН ҰТАРЫМЫЗ КӨП»

Раиса Көшекова, «Ізекен» ЖШС директоры, «Райхан» қонақүйінің басшысы:

- Ойлап отырсақ, мектептегі қарапайым еңбек пәнінің мәні зор екен ғой. Бізде керісінше, соңғы кездері соның маңызы жоғалып кеткендей. Себебі, бизнеске баулу дегеніміз баланы кішкентай кезінен бастап еңбекке үйретуден басталады. Мәселен, үй шаруашылығын жүргізу, еңбек сабақтарының тектен-тек емес, жақсы жобамен жүргізіліп, жұмыс жасағаны жөн. Біздер кей-кейде болмашы нәрсеге үлкен мән береміз де, шынайы қажеттілікті ескермей қалып жатамыз. Шындығында, оқушы ілгекті қадап, шеге қағып үйренуі тиіс. Адал еңбекте шынығып, ынта-жігері болса, кәсіп бастауға барлық мүмкіндіктің бары анық. Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға кедергі келтіретін барлық құқықтық нормалардың күшін жою керектігін міндеттеген-ді. Елбасының бизнеске қатысты айтқан пікірлерін ести салысымен балаша қуанғаным да рас. Әсіресе, әкімшілік барьерді төмендеткенін қолдадым. 

Читать далее »

«КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫНЫҢ ЕСІГІ ӘРДАЙЫМ АШЫҚ»

Ардақ Төкенова, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Атырау филиалы директорының экономикалық мәселелер жөніндегі орынбасары:

- Былтыр қазан айында бұрынғы «Атамекен» ұлттық экономикалық-кәсіпкерлік палатасы қайта жаңғырды. Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғаннан бастап ұйымның қызмет көрсету аясы кеңіді. Қоғамдағы рөлі артты.

Читать далее »

ҚАЗАҚ МҰНАЙЫ: ІРГЕЛІ ЖОБАЛАРДАН – ІРІ ҚАЙТАРЫМ

Әлемдегі барлық жетекші эксперттік ұйымдардың болжамынша, энергия тасымалдаушылар құрылымында мұнай мен газдың ұзақ мерзімді жетекші рөлі әлі де болса сақталмақ. Бұл ретте Халықаралық энергетикалық агенттік пен БиПи сарапшыларының мәліметтерінше, 2035 жылға қарай әлемдегі мұнайға деген сұраныс қазіргі  жыл сайынғы 4 млрд. тоннадан 5 млрд. тоннаға дейін артатын болады. Осыған орай алдағы отыз жылдың ішінде Бренд маркалы мұнайдың баррелі 130-160 долларға дейін қымбаттайды.

Читать далее »

ЖЕЛ ГЕНЕРАТОРЛАРЫ ҚОЛДАНЫСҚА ЕНДІ

Оның қызығын шаруагерлер көруде

«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының ІІ бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту» бойынша жетiспейтiн инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым объектілерін дамыту мақсатында ауданға ағымдағы жылы құны 4 928,0 мың теңгеге бағаланатын 2 жел генераторы сатылып алынды. Енді бұл жел генераторының ғажайып жұмысын аудан орталығынан шалғайда қоныстанған төрт түлік мал жайлаған шаруа қожалықтары көріп отыр. Жанкелдин ауылдық округіне қарасты «Құлпейіс» қыстағында отырған «ЖКО» шаруа қожалығының жетекшісі Ерболат Байгелдиннің отбасына келгенімізде олардың бақуатты тұрмыстарын көріп көңіліміз көтеріліп қалды. Дала төскейінде төрт түлік мал өсіріп, қызығын көріп отырған қожалық төрағасының шаңырағы электр жарығының болмауынан талай жылдан бері қиындық көріп келіпті.

Читать далее »

БАҒАЛЫ БАҒДАРЛАМАЛАР ХАЛЫҚҚА ҚАЖЕТ

олар терең түсінікті керек етеді

Кезінде Мәскеудегі Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетін тәмамдаған, экономика ғылымдарының докторы, профессор Ерғали Досмағамбет – біздің жерлесіміз. Сонау 2000 жылдардың басында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, экономика саласына жауап берген. Бүгінде Астанада тұратын атыраулық жақында туған жеріне келгенінде аз-кем сұхбаттасып қалған едік.

Читать далее »

Ауыл кәсіпкерлігі ҚАЛАЙ ТҮЛЕДІ?

Тағы бір жылды тарих қойнауына қалдырып, жаңа жылға аяқ бастық. Өткен жыл атыраулық кәсіпкерлер үшін табысты болды. Әсіресе, ауылдағы бірқатар шаруа қожалығының жолы ашылды десек, артық айтқандығымыз болмас. Бірі субсидияның қызығын көрсе, енді бірі шағын несиенің несібесін көріп үлгерді. Бағы жанғандардың біразын «Бизнесменге» беріп те үлгердік. Табыс өздігінен келмейтінін, оған адал еңбекпен ғана қол жеткізуге болатынын ұғындық. Өзгелердің тәжірибесінен үлгі алғандар бүгінде өз ісін бастауға буынып отырғаны да жасырын емес. Бұл жолы «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы Атырау филиалының директоры Гүлзада ШАЛАҒҰЛОВАМЕН әңгімелескен едік.
– Гүлзада Айтжанқызы, қор несие беретінін бәріміз жетік білеміз. Ал, сұрақтар легіне қарағанда, оның құрылу тарихы туралы білгісі келетіндер де бар екен...

Читать далее »

«ЕРТЕГІДЕГІ» ЕРЕКШЕ СӘТТЕР

«Бауырсақ», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?», «Ер Төстік» пен «Күн астындағы Күнікей қыз», «Толағай», «Ұр тоқпақ»... Бала кезімізде жадымызда жатталып қалған осынау аңыз-ертегілер әрбір жанның тұлға болып қалыптасуына өз үлесін қосатыны баяғыда-ақ дәлелденген. Сондықтан да шығар, тәрбиедегі олқылық мәселесіне келгенде әжелеріміздің немересіне ертегі айтып бере алмауы жиі ауызға алынады. Өкінішке қарай, бүгінгі ұрпақ батырларды айтпағанның өзінде қазақы аңыз кейіпкерлерін емес, Спайдермен мен Спанж Бобты жақсы таниды. Осынау кемшілікті түзетуге аз да болса қолұшын бермек мақсатта қосымша білім беру қызметі бойынша Олег Козедуб Атырауда балалардың мәдени орталығын ашты.

Читать далее »

ТАБЫСҚА ЖЕТУДІҢ ТЕТІГІ

Бизнесті жүргізу айтуға оңай болғанмен, оны әрі қарай дамытып, жемісін көру жеңіл емес. Ол үшін мақсаткерлік пен көп күш жұмсалуы тиіс. Мәселен, Мақат ауданындағы жеке кәсіпкер, тіс дәрігері Мұхтар Омаровты білмейтін жан кемде-кем десем, артық айтқандығым болмас. Ол бұдан жеті жыл бұрын шағын стоматологиялық кабинет ашып, бүгінде аудандық аурухана ішінен науқастар қабылдай бастады. Кәсіп иесі мұндай табысқа қалай қол жеткізді? «Бизнесменнің» сұрақтары осындай жайға арналды.

Читать далее »

«РАХАТТЫҢ» ТАБЫСТАН ТАПҚАН РАХАТЫ

«Рахат» АҚ фабрикасының акционерлері Жаңа жылға сыйлық алды. Олар компания акцияларының таңғаларлық өсімі арқасында табыс тапты. Жыл басынан бері компанияның бағалы қағаздары 234%-ға (!) немесе бір данасының құны қазіргі деңгейге дейін - 6 600 теңгеден астамға қымбаттады.

Читать далее »