Экономика

МАҚСАТ ПЕН МҮДДЕ ТОҒЫСЫ

Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай-химия өндірісінің
бірегей тізбегі қалыптасады
Сонау 1945 жылы пайдалануға беріліп, алғашқы өнімін ала бастаған Атырау мұнай өңдеу зауыты мұнай айдау саласындағы алғашқы қазақстандық кәсіпорын болып табылады. Бүгінгі күні талай өзгерістер мен қайта жаңғыртуларды бастан өткізген бұл өндіріс ошағы - ежелгі мұнай өндіру аймағында орналасқан қазіргі заманға сай, Қазақстандағы ел экономикасының қарышты дамып, кемелденуіне елеулі үлесін қосып келе жатқан өңіріміздегі ең ірі кәсіпорындардың бірі. Еңбектегі жетістіктер мен оң өзгерістер және келелі мәселелер төңірегінде ой бөлісу үшін осы зауыттың бас директоры Қайрат Құлымұлы ОРАЗБАЕВТЫ әңгімеге тартқан болатынбыз.

Читать далее »

ЖАРҚЫРАЙДЫ АТЫРАУДЫҢ ШАМДАРЫ

түнгі аспанның тілімдеген түндігін

Каспий өңірі энергетикасының тарихы терең, мазмұны мәнді. Қолдағы деректерге қарағанда, сонау 1917 жылғы Қазан төңкерісіне дейін мұнда электр жарығы атымен болмаған. Халық қараңғылық құшағында күн кешкен.
Ал, бүгін түнгі Атыраудың әсем бейнесін қиялы жүйрік ақындар Еуропаның іргелі қалаларымен теңестіреді. Мұнайлы астананың шамдары құс қанаты талатын биіктен анық көрінеді. Электр энергиясына қосылмаған бірде-бір нысан жоқ. Оны таратушылар – «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамының қызметкерлері. Біз мереке қарсаңында кәсіпорын басшысы Айбар РАХМАНОВҚА жолыққан едік.

Читать далее »

КӨПТЕН КҮТКЕН ҚУАНЫШ

13 шақырым қашықтықтың көпшілік үшін ешқандай маңызы болмауы мүмкін. Жүрдек көлікпен ары кеткенде жиырма минутта ызғытып өте шығатын жол. Ал, асықпай, серуендеп кетіп бара жатқан жаяу жүргінші екі жарым, үш сағаттың маңайында жүріп өтпек. Жалпы, 13 шақырым жол анау айтқандай ұзақ емес. Бірақ, «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамына қарайтын С.Балғымбаев кен орнының мұнайшылары үшін бұл 13 шақырымды жүріп өту оңай іс емес еді.

Читать далее »

ЖОМАРТТЫҚ АДАМНЫҢ ЖОЛЫН АШАДЫ

«Жыл меценаты - 2013» балы осыны байқатты

Айналаңдағы адамдарға жақсылық жасап, мұқтаждарға қайырымдылық көрсету, жомарттық қылу - ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан, қанымызға сіңген қасиет. Ондай атымтай жомарттарды халықаралық қоғамдастықта да, елімізде де қадірлеп, меценаттар деп атайды. Бұл туралы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев та өзінің жұрттың алдына шығып сөйлеген сөздерінің бірінде: «Меценаттықты мәдениеттің бір көрінісі ретінде, қоғамдық қатынастардың мәдениетіндей, өзіңнің ішкі әлеміңнің мәдениетіндей көріп, бағалау қажет» деген болатын. Сол үшін де олардың ізгілікті істеріне ризашылықтың белгісі ретінде сый-құрмет, марапат көрсетіледі. Мұндай игі дәстүр соңғы жылдары өңірімізде де өзінің жалғасын тапқаны анық.

Читать далее »

ҮЗДІК – «ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНІҢ ҮЗДІГІ»

Таяуда кең көлемде аталып өткен еліміздің ұлттық валюта – Теңгенің 20 жылдығы және қаржы саласы қызметкерлерінің мерекесі күніне орай тәуелсіз Қазақстаның қаржылық жүйесінің дамуына үлес қосқан бір топ сала қызметкері марапатталған болатын.
Қызметтік абыройының арқасында үздік деп танылғандардың қатарында Атырау облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бюджеттік саясат және бюджетаралық қатынастар бөлімінің бас маманы Үздік Шаймарова да болды.

Читать далее »

МЕЖЕ МЕН МҮМКІНДІК

Халықаралық «ЕХРО-2017» көрмесінің Қазақстанда өтуі – сөз жоқ, тәуелсіз Қазақ елінің сыртқы саясаттағы салмақты да айтулы жетістіктерінің бірі. Әлем елдері көз тігіп отырған жоғары технологияның, инновациялық жобалардың, бір сөзбен айтқанда, елімізге тұтас прогрестің орталығына айналуға мүмкіндік беретін Астана көрмесінің жоғары деңгейдегі ізденіс пен дайындықты қажет ететіндігі белгілі. Осы мақсатта бүгінге дейін нендей істер тындырылды? Саралап көрелік.

Читать далее »

ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ АЙҚЫН КӨРІНІСІ

«Сбербанктың» жаңа ғимараты ашылды

Мұнайлы өлкенің қаржы саласы тағы бір жағымды жаңалықпен толықты. Өткен бейсенбі күні «Сбербанк» АҚ еншілес банкі Атырау филиалының жаңа кеңсесі салтанатты жағдайда ашылды. Әсем ғимараттың лентасын қию рәсіміне облыс әкімінің орынбасары Айгүл Әжіғалиева, ҚР «Ұлттық банкі» Атырау облыстық филиалы директоры Қозыбақ Құлбарақов пен «Сбербанк» АҚ еншілес банкі басқарма төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Тасқаранов қатысты.

Читать далее »

АРДАГЕРЛЕР МАРАПАТЫ

Теңгенің 20 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 2 қыркүйектегі №631 Жарлығына сәйкес ҚР Ұлттық Банкі төрағасының 2013 жылғы 6 қарашадағы №405 бұйрығымен ұлттық валютаны айналысқа енгізуге тікелей қатысқаны және оның дамуына сіңірген ерен еңбектері үшін филиал ардагерлері - Болат Ысқақов, Ермұқаш Түсекенов, Күләш Сариева, Мақпаш Абдулова, Анаида Бабаева, Лидия Бегликчиева, Рысты Қунашева, Бақыт Бисенғалиева, Ерімбет Апенов, Светлана Габдуллина, Жаңыл Қалауова, Қоңыр Шаужанова «Теңгеге 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүйесінде жұмыс жасаған жылдарда олар өздерінің адал еңбегімен ұлттық валютамыздың дамуы мен тұрақтылығына қол жеткізуге үлкен үлес қосты. Олардың еңбек жолдары кейінгі ұрпаққа үлгі болады.

Читать далее »

ӨҢІР ДАМУЫНЫҢ СЕРПІНДІ НЕГІЗІ

Инвестжобалар Атырау жылу -электр
орталығында нәтиже бере бастады
Мемлекет басшысы берген басты тапсырмалардың бірі - еліміздің энергетика саласын өркендету, заманауи техника мен технологияларды өндіріске кеңінен енгізе отырып, электр және жылу қуатын өндіріп, тарататын кәсіпорындардың қуаты мен мүмкіндіктерін арттыру, қызмет көрсету аясын кеңейту. Осы тұрғыда республикамызда қабылданған үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде аймақтағы энергетика компаниялары да жоспарлы іс-шараларды жүйелі жүзеге асырып, ортақ іске өзіндік үлестерін қосып келеді. Солардың санатында биыл жұмыс істегеніне жарты ғасыр толып отырған «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамы да бар. Мұнда соңғы уақыттарда іске асырылған инвестициялық жаңа жобалар айтарлықтай қайтарым бере бастады.
Жалпы, сонау 1953-1955 жылдары жүзеге асырылған бастапқы жоба бойынша Гурьев жылу-электр орталығы синтетикалық спирт зауытының жылу мен электр қуатына сұранысын қамтамасыз етуге арналған-ды. Кейін бұл жерге химия зауыты орналастырылды. Орталықтың жалпы қуаты 12-18 МВт болғанымен, соның екі-үш мегаватын ғана қалаға беру жоспарланды.
Ал, бүгін ше? Қазір оның өндірістік қуаты артып, ерекше қарқынмен дамып келе жатқан мұнайлы мекеннің сұранысын толық қамтамасыз етіп отыр. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың депутаты, «Құрмет» орденінің иегері, «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамының президенті Мұхамбетқали Қалиевпен сұхбатымызда кеңірек баяндалады.
- Жылу-электр орталығы өз қуатын ұдайы арттырып келеді. Бұл үрдіс сонау жылдары басталып еді ғой.

Читать далее »

«БІЗДЕ ӘЛІ БАТЫЛДЫҚ ЖЕТІСПЕЙДІ» ДЕЙДІ ШАҒЫН БИЗНЕС ӨКІЛДЕРІ

«Қазіргі таңда өз кәсібін ашып, жеке шаруамды жүргіземін» деген жандарға мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған көмек түрлері көп-ақ. Осы орайдағы арнайы жасақталған «Жұмыспен қамту-2020» секілді бағдарламалардың берері мол екендігін уақыт дәлелдеп отыр. Бизнеске келіп, шағын және орта кәсіпті дөңгелентіп отырғандардың арасында да нәзік жандылардың саны аз емес.

Читать далее »