Экономика

НЕСИЕМІЗ НЕСІБЕГЕ ҰЛАСТЫ

Несін жасырайық, бұрын бизнес саласына бет бұрудың өзі екінің бірінің қолынан келе бермейтін. Кәсіп ашқанның өзінде ширақ қимыл мен істің көзін таппағандар банкротқа ұшырады. Соның ішінде, дүкен түгілі, дүңгіршегі жоқ ауыл халқын азық-түлікпен қамту қиынның қиыны болатын. Ауа райына қарамастан жүк таситын көліктің қорабында тұрып-ақ сауда жасайтынбыз. Қазір ол қиыншылықтың бәрі артта қалғандай. Мемлекет басшысының кәсіпкерлікке қамқорлығының арқасында бүгінгі таңда қожалық жайын жақсартып, жеңілдікпен несие алу арқылы қажырлы еңбектің жемісін көріп отырған жайымыз бар.

Читать далее »

ДҰРЫС ШЕШІМГЕ ДӘН РИЗАМЫЗ

Елбасы биылғы 2 сәуірден бастап келесі жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жарияланатынын мәлімдеген болатын. Осы арқылы ол кәсіпкерлердің бизнес жүргізуі үшін қажетті жағдайды одан әрі жақсарту мақсатында Үкіметке бірқатар нақты шаралар қабылдауды тапсырған еді.

Читать далее »

ОТАНДЫҚ БИЗНЕСКЕ – ЖАҢА БЕЛЕС

Орталық коммуникациялар қызметінің кезекті брифингі ҚР Парламенті Мәжі-лісінің депутаты, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы фракциясының жетекшісі Азат Перуашевтың қатысуымен өтті. Күткендей-ақ, ондағы сауалдардың көпшілігі  2014 жылдың 2 сәуірінен бастап 2015 жылдың 1 қаңтарына дейін жарияланған орта және шағын бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялау турасында болды. Дегенмен, Азат Перуашевтың айтуынша, уақытша шектеу кәсіпкерлердің заң алдындағы жауапкершіліктерін әсте алып тастамайды.

Читать далее »

КЕДЕРГІСІЗ БИЗНЕС – КЕМЕЛДЕНУГЕ КЕҢ ӨРІС

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың кәсіпкерлерді қолдау туралы Мәлімдемесі бизнестік ортада өзіндік орны бар отандастарымызды ғана емес, қазақстандық қоғамда өмір сүріп отырған барлық азаматтарды да бейжай қалдырмағаны анық. Елбасының мұндай батыл да, байыпты қадамға баруы, заңсыз, жоспардан тыс тексерулерге мораторий жариялап, тосқауыл қоюы, сөз жоқ, кәсіпкерліктің кедергісіз дамуына даңғыл жол ашады. Сонымен бірге, бизнес өкілдерінің мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық позициясынан айнымай, әлеуметтік жауапкершілігін жоғары сезінуіне кепілдік берері даусыз. Мұны атыраулық кәсіпкерлердің редакциямызға жолдаған пікірлерінен де айқын аңғардық.

Читать далее »

«ТЕҢІЗДІҢ» ТАСЫТЫП МҰНАЙЫН… НЕМЕСЕ МҰНАЙШЫ БӨЛЕКБАЙ САҒЫНҒАЛИЕВ ТУРАЛЫ СЫР

Дүние жаратылысымен-ақ өзінің геологиялық құрылымдары мен жер астына жасырынған мұнай-газ сынды байлығы, тұнба бассейндері жақсы дамыған, қуатты аймақтардың бірі – Қазақ жері. Соның арқасында Қазақ елі құрамында барланған қоры өте  мол, ал  болжамды  ресурстары одан да көп мұнай мен газ потенциалына ие болды. Көмірсутегі кенінің көздері негізінен бірегей және алуан түрлі  геологиялық ерекшеліктері бар тұнбалардан ашылды. Алып Қазақстанның негізгі мұнайлы аймағы – оның батысындағы Каспий төңірегі және  Маңғыстаудағы Үстірт аталатын жалпақ дала осы айтылған тұнба бассейндері, қарапайым тілмен айтқанда, тұнып тұрған байлықтың көзі болып табылады.

Читать далее »

МАЛШЫ АУЫЛЫ АЛАҢСЫЗ

Көктоғай округіндегі  «Мұғал» қыстағында жеке малымен отырған қожалық иесі Сергей Бәйнешов мал қыстату науқанын ойдағыдай өткізіп отыр.

Бір-біріне септесе жалғасып жатқан қыстақтағы малшылардың жазылып қойылмаса да өз алдында әрдайым бұлжытпай орындауға тиісті жұмыс кестелері  бар. Оның үстіне жұбайы Майра сауатын сиырлар мен  інгендердің де уақтылы келіп-кетуі-бір бөлек жұмыс. Отбасынан артылған шұбат пен сүтті, құртты базарға шығарып, азды-көпті табыс тауып келеді. Ал, еш делдалсыз өздеріне тікелей жеткен арзан да сапалы өнімді тұтынушылары да әрдайым асыға күтеді. Бұл да ауылда дамыған іскерлік байланыстың бір түрі іспеттес.

Читать далее »

АТЫРАУДЫҢ АУАСЫН КІМДЕР БҮЛДІРІП ЖАТЫР?

Расында да, кімдер? Қолымыздағы деректерге қарағанда сол бұрынғы өндіріс ошақтары. Бұған дейін де аты аталып, көзге түсіп жүрген кәсіпорындар. Кейбірін ғана атасақ, мұнай өңдеу зауыты, «Ақжайық-7» темір жол вагондарын жөндеу және жуу стансасы, қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны, сол жағалаудағы қаланың барлық лас суы ағатын буландыру алаңы, т.с.с.

Читать далее »

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНІМГЕ СҰРАНЫС КӨП

Осыдан үш жыл бұрын «БИАС-Тек» зауыты «АRLAN» сауда белгісімен құрғақ құрылыс қоспаларын шығара бастаған болатын. Жобалық қуаты жылына 125 мың тонна гипс өндіруге жететін компания өнімдері бүгінде нарықта өз орнын тауып үлгерді. ТМД елдері бойынша Ресей мен Украинадан кейін салынған үшінші зауыт Қазақстанда әзірге заманауи технологияларды қолдануы жағынан нөмірі бірінші болып отыр. «БИАС-Тек»-тің тауарларын жергілікті тұтынушыларға төмен бағамен ұсынып, толығырақ таныстырмақ мақсатта оның бірегей тауар өткізушісі «СПЕЦПРОМ KZ» компаниясы бірқатар жеңілдіктер жасады.

Читать далее »

ЖЕЛІЛІК МАРКЕТИНГ ЖАРҒА ЖЫҚПАСЫН…

Жалпы, бұл күні желілік маркетинг туралы түсіндіріп отырудың аса қажеті жоқ. Себебі, біріміз сол маркетингтік желінің өнімдерін тұтынсақ, біріміз сол топтардың құрамында аз уақыт болса да жұмыс жасап көрдік, тағы біріміз әлі күнге дейін сол арқылы нәпақа айырып отырғанымыз жасырын емес. Бұл ұғым біздің елімізге соңғы он жыл ішінде терең енген. Сан түрлі өнімді ұсынатын, бірнеше қызмет түрлерін көрсететін аталмыш компаниялардың әрқайсысының өзіндік принципі, жұмыс тәсілі бар. Бірақ, барлығына ортақ бір мәселе бұл компанияға жұмыс жасағысы келген адамның жасына, жынысына, ұлтына, біліміне шектеу қойылмайды. Яғни, еш шекара жоқ...

Читать далее »

«ҚАЙТАРЫМСЫЗ НЕСИЕ КІМДЕРГЕ БЕРІЛЕДІ?»

- Өзім бұған дейін де мүмкіндігі шектеулі жандармен жұмыс істеп келгендіктен, жағдайларын жақсы түсінемін. Олармен тығыз қарым-қатынаста бола тұра ауылымызда балаларға арналған әлеуметтік нысанның жоқтығы жаныма батады. «Атырау» газетінің «Бизнесмен» қосымшасынан «Даму» кәсіпкерлік қолдау қоры» қайтарымсыз несие беретінін оқығанмын. Сол туралы толығырақ біліп берсеңіздер екен? Гранттық негізде берілетін қаражатты иелену үшіне қандай талаптар қойылады? 
Талжібек 
ҚАЖЫҒАЛИҚЫЗЫ,
Қызылқоға ауданы.

Читать далее »