Экономика

ТӨЛЕТАЙ ТАҒЫЛЫМЫ – ҰРПАҚТАР ЖАДЫНДА

Жалпы, геология – ғаламшардың тынысы мен құрылысын зерттейтін ғылым. Ол жетіқат жер астындағы мол байлықты ашуға, оны ел игілігіне жаратуға жұмыс жасайды.
Геологтар еңбегі ешқашан жеңіл болған жоқ. Олар ақпанның ақырған аязында да, шілденің шіліңгір ыстығында да даңғайыр дала төсін кезіп, пайдалы қазбаларды іздейді. Міне, осындай бар саналы ғұмырын сүйген мамандығына арнаған аяулы жандардың бірі – Төлетай Қайтбайұлы Нысанов.

Читать далее »

ЖОЛ ТАРИХЫ – ЕЛ ТАРИХЫ

оны  әркімнің  білгені  жөн

Осы күнделікті жүріп жүрген жолымыздың тарихын білеміз бе? Ол қашан және қалай салынды? Сол елдің өмірінде алар орны қандай? Нендей маңызды рөл атқарды? Расын айтсақ, көбіміз соны тереңірек таразыға тартпайтын да тәріздіміз. 

Міне, осы олқылықтың орнын Тимур Баймолдаұлы Шырдабаевтың орыс тілінде жарық көрген «Дороги мира. История и современность» атты кітабы толықтырады. Сонымен...

Читать далее »

ҚАРТТАР ҚУАНҒАН КҮН

Ұлыстың Ұлы күнін облыстық қарттар мен мүгедектер үйі тұрғындары да бір кісідей тойлады. Бұл күні олардың ортасына Әділет департаменті басшысы А.Каримов мырзаның өзі келді. Ол үлкендерге деген ең ізгі тілегіне қоса мерекелік дастарханға деп бір қой тарту етсе, «Заман Групп» ЖШС директоры А.Ерекешов қарттардың тісіне жұмсақ он торт сыйлады. 

Читать далее »

ЭНЕРГЕТИКТЕР наурызды тойлады

Өткен жылы өңір энергетикалық кешенінің жарты ғасырлық толымды тойын ерекше шабытпен атап өткен атыраулық жылу мен жарық берушілер Наурыз мейрамын да ұтымды ұйымдастыра білді. Мекеме алдына киіз үйлер тігіліп, ардагерлер мен қала қонақтарына құрмет  көрсетілді.

Читать далее »

МҰНАЙ ӨҢДЕУДІҢ ЖАҢА МҮМКІНДІГІ

Зауыттағы құрылыс-монтаж жұмыстары 2012-2015 жылдар аралығына жоспарланған-ды. Жобаның құны қосымша құн салығын қоса алғанда 1 миллиард 679 миллион 892 мың 520 АҚШ долларын құрайды. Жүзеге асыру мерзімі 41 ай деп белгіленген бұл алып нысанның құрылысын 2015 жылы аяқтап, іске қосу көзделген.

Читать далее »

БҮРКЕГЕН ЖЕРГ БҮРГЕ ҮЙІР

Үкімет «көлеңкелі экономикаға» қарсы шаралар жасақтауда

Сейсенбі күні Премьер-министр Серік Ахметовтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында бірнеше мәселе қаралды. Оның ішінде «көлеңкелі экономикамен» күрес, су тасқынының алдын алу шаралары бар еді. Астанадағы жиынға тікелей бейнебайланыс желісі арқылы облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, оның орынбасарлары, сондай-ақ, облыстық басқармалар мен мекемелер басшылары қатынасты.

Читать далее »