Экономика

ШЕБЕРЛІК ШЫҢДАЛАР ШАҚ

Жұмысшы – қай кезде де мәртебелі мамандық иесі. Ал, өз ісіңді жетік меңгеріп, шеберлігіңді шынайы шыңдап, толағай табыстың тайқазанын тасытып, алдыңғы лектен көріне білсең, онда абыройыңның асқаны, беделіңнің биіктегені. Әсіресе, қазіргі озат техника мен озық технология өндіріске кеңінен енгізіліп, әлемдік талаптарға сай серпінді жұмыс қажет етіліп отырған кезде қатарыңнан қалмаған қандай ғанибет! Оның үстіне, «қара алтын» тасымалдаушылар қызмет аясында республикамен ғана шектелмей, іргелес елдермен де тығыз қарым-қатынас жасайды. Демек, дүниежүзілік деңгейдегі әріптестерімен де терезесі тең түскені жөн.

Читать далее »

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН: КЕШЕ. БҮГІН. ЕРТЕҢ.

3. Жаңа жабдықтар – сенімділік кепілі

Атыраудың түнгі келбетін тамашалап көрдіңіз бе? Құс қанаты талатын биіктен ұшақпен ұшып келе жатып, төменге көз жүгірттіңіз бе? Әрине, көк жүзіндегі жұлдыздармен таласа самаладай жарқыраған шамдарды қызықтап, туған қалаңыздың әсем көрінісіне көңіліңіз толған болар. Міне, бұл – энергетиктердің ерен еңбегі, солар жүзеге асырып жатқан инвестициялық бағдарламаның жемісі, жаңа жабдықтардың сенімді қызметінің нәтижесі.

Читать далее »

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ КЕШЕН: КЕШЕ, БҮГІН, ЕРТЕҢ

Жарты ғасырдан астам тарихы бар Атырау жылу-электр орталығының өшпес әріптермен жазылған парақтарында кәсіпорында Елбасының болуы ерекше орын алады. Мемлекет басшысы осындағы кезекті қуаттардың бірін өз қолымен қатарға қосып, атыраулықтардың тындырған ісіне разылық танытқан. Осы бағытта одан әрі жалғастыра беруге тілек білдірген.

Читать далее »

«ТАЗА ЖАҒАЛАУДА» ТАЗАРЫП ҚАЛДЫҚ

Қала – ортақ үйіміз. Сондықтан, оны таза күйінде сақтап, абаттандырып, гүлдендіру - өз қолымызда. 5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне орай Атырау облысы бойынша экология департаменті өткен сенбі күні «Таза жағалау» акциясын ұйымдастырды.

Читать далее »

ЖАҢА БАСШЫНЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Бұған дейін газетімізде хабарланғанындай, облыс әкімінің өкімімен жаңадан құрылған Атырау облысы бойынша Ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы болып Нұролла Ғабдыжанұлы Сәтеновтің тағайындалғандығы белгілі.

Читать далее »

ЖАҚСЫ ЖОБА нәтижесімен құнды

жаңа кәсіпорындар толық
қуатында жұмыс істеп тұр ма?

Мемлекет басшысы айтқанындай, республикада индустриялық-инновациялық бағдарлама аясында қатарға қосылған кәсіпорындардың кейбірі межеленген өндірістік қуатына әлі шыға алмай келеді. Мұндай көрініс, өкінішке орай, бізде де кездеседі. Оның себебі - өңделген өнімнің өтпеуінде. Егер әр жобаның тиімділігі дайын тауарлардың сатылуымен өлшенетінін ескерсек, бұйымдары өтпейтін зауыттардан қандай пайда болмақ? Олар ел экономикасын дамытуға нендей үлес қоспақ? Ал, мұндай ахуалдың қалыптасуына не себеп?

Читать далее »

БАЙЛАНЫС НЫҒАЯ ТҮСТІ

Мұнайлы өлке Ресей Федерациясымен, Беларусь Республикасымен экономикалық қарым-қатынасты дамытуға тас-түйін дайын. Жақында еліміздің батыс аймақтарының қатысуымен өткен «Интеграцияның 80 күні» селекторлық кеңесі осы мәселеге арналды. Оған облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқан онлайн режимде қатысып, өңірдегі ахуал туралы хабарлама жасады.

Читать далее »

ҚАЖЫМАҒАН ҚАРЖЫГЕР

(Ғаділбек Мырзағалиұлымен сеңгірлі сексені алдындағы сұхбат)
«Әркім өз ісінің шебері». Бұл - өмірден туған ақиқат. Сырттай ойлағанда, қаржыгер деген қызметте тұрған не сыр барын сезе бермейді екенбіз. Тіпті, мұндай жұмыстың мазмұнын, мемлекет алдындағы жауапкершілігін, қиындығын ойға оралтудың өзі де жұмбақ сияқтанатын. «Бақсақ, ол да Байжұманың базары екен» дегендей, бажайлап, пайымдап көрсек, қиындығы да, құпиясы да қым-қуыт көп қырлы қызмет екен.

Читать далее »