Экономика

«АЗИЯКРЕДИТБАНК» – ЖАҢА КЕҢСЕДЕ

Мұнайлы өлке орталығы тағы бір банк филиалының жаңа кеңсесімен толықты. Енді жеке тұлғалармен қатар кәсіпкерлер де Атырау қаласындағы Қ.Сәтбаев көшесінің бойында орналасқан ғимаратқа барып банк қызметін тұтына алады. Бейсенбі күні әсем кеңсенің ресми ашылуы ұйымдастырылды. Салтанатты шараға шаһар басшылығымен қатар, Атыраудағы шағын және орта бизнес өкілдері де қатынасып, нақты кеңестер алды.

Читать далее »

ЕЛ ЕСІНДЕГІ ЕСІМ

Владимир Викторович Гафнер – өмірінің басым бөлігін мұнай өңдеу саласына арнаған мұнайшы, білікті басшы. Ол 1986-1999 жылдары «Атырау мұнай өңдеу зауыты» АҚ директоры, президенті қызметтерін абыроймен атқарып, «Құрмет» орденінің, «Құрмет» белгісінің және «Астана» ескерткіш медалінің иегері атанды.

Читать далее »

АСТАНАНЫҢ БРЕНДІНЕ АЙНАЛАДЫ

2017 жылға жоспарланған халықаралық ЭКСПО көрмесі - тәуелсіз Қазақстанның тарихында ауыз толтырып айтарлықтай жетістіктердің бірі. Өйткені, 163 жылдық тарихы бар көрмені Елордамыз - Астанада өткізу туралы шешім қабылдауда елдің саяси, экономикалық, географиялық және мәдени ерекшеліктері ескерілді. Бұл - аз уақыттың ішінде көп жетістікке жеткеніміздің бір дәлелі.

Читать далее »

ӨМІРШЕҢ ЖОБА – ТАБЫС ТЕТІГІ

«инновациялық аялдама» - соның бірі 

Қысқы мезгілде суықтан қорғайтын инновациялық аялдамалардың мұнайлы өлкемізде де орнатылуы ғажап емес. Атыраулық жас Нұрхат Лекеровке мұндай тың идея тектен-текке келген жоқ. Туған жерінің климаттық ахуалын ескерген оның бұл жобасы «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры» АҚ-ы Атырау филиалы ұйымдастырған «Старт-ап» байқауында үздік деп танылды. Қысы қатал Мәскеуде тәжірибе түрінде орнатылған осындай аялдамалар өз тиімділігін көрсетіп үлгерген. Ал, Англия көшелерінде инфрақызыл жылытқышпен жылытылатын түрі әлдеқашаннан-ақ бар. Қолдаушы инвестор табылса, идея өміршеңдігін көрсетпек.

Читать далее »

ЖӘРМЕҢКЕ ЖАНДЫРҒАН ҮМІТ ОТЫ

Халықаралық жастар күніне орай орта және жоғары оқу орындарын бітірген түлектер мен жұмыссыз жүрген жастарды еңбекпен қамтуды көздеу мақсатында Атырау қалалық жұмыспен қамту орталығында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті.

Читать далее »

ЖОЛАУШЫ ТАСЫМАЛЫ ЖЕҢІЛ ШАРУА ЕМЕС

Облыс экономикасының дамуында басқаларымен қатар жолаушы және жүк тасымалымен айналысатын   автомобиль көлігі қызметкерлерінің де өзіндік үлесі барлығы кәміл.

Жетпістен астам маршрут қызмет көрсетеді

Читать далее »

ЕЛБАСЫМЕН КЕЗДЕСКЕН ҚАРТ

ТШО салғанқалашықтатұрады

АлдымыздағыжылыАтыраудағы «Сарықамыс» ықшамауданыныңсалынғанынатура 10 жылтолады. Сонау 2005 жылдың жазында облысқа келген кезекті сапарында Мемлекет басшысы осында болып, дайын үйлердің біріне бас сұққан-ды. Сол айтулы оқиға туралы жазған репортажымыз «Атырау» газетінің қорында әлі сақтаулы.

Ал, Елбасымен емен-жарқын есендесіп, жаңа үйінде қабылдаған Ыбырай Төрәлиев қазір де ТШО салған коттеджде бала-шағасымен, немерелерімен тұрып жатыр. Сенбінің сәтті күні ертеңгілік Әл-Фараби атындағы көшенің №4 үйіне келгенімізде жетпістің жетегіне әлдеқашан ілессе де қайраты қайта қоймаған қадірменді қарт көлеңкеде демалып отыр екен. Амандық сұрасып, әңгімеге тартқанымызда естеліктер тығынын ағытты.

Читать далее »

ТШО ТҰРҒЫЗҒАН МЕКТЕП

Атырау  қаласындағы  алғашқы  ондықтың  сапында

Облыс орталығында орын тепкен «Сарықамыс» ықшамауданындағы сәулетті ғимараттардың бірі – осындағы №33 орта мектеп.  Оның сонау 2006 жылғы тамызда ашылған сәтіне де куә болғанбыз. Содан бері не өзгерді екен? Білім ошағына қарай беттегенімізде көкейімізде осы сауал тұрған-ды.

Оқушылар әлдеқашан каникулға кетіп, мұғалімдер еңбек демалысына шыққанымен, мектеп директоры жұмыс орнында қалады. Өйткені, кезекті оқу жылы аяқталған бойда-ақ келесіге дайындық басталады. Білім ошағының басшысы Жеміс Бапаеваны сондай сәтте кездестірдік. Ықшам жұмыс киімін киіп алып, техникалық персоналмен бірге аула тазалап жүр екен.

- Жеміс, кездеспегелі де көп болыпты. Бұдан сегіз жыл бұрын осы мектептің ашылу салтанатын бірге тойлаған едік қой...

Читать далее »

ӨҢІРАРАЛЫҚ ФОРУМ: ЫРЫСҚА БАСТАР ЫНТЫМАҚ

РФ Екатеринбург қаласында өткен жылы Қазақстан мен Ресей мемлекеттері арасындағы Х халықаралық шекаралас аймақтар Форумы өтіп, онда достас екі мемлекеттің қарым-қатынастарының кең ауқымды ынтымақтастық мәселелері талқыланған еді.

Осы маңызды шарада Елбасы   Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастықтың дәнекеріне айналған келесі ХІ аймақтық Форумын Атырау қаласында өткізу туралы келіскен еді. Бұл шешім өңір жұртшылығына үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Маңызы зор үлкен форумға қазір Атырауда дайындық қыза түсті.

Читать далее »

ӘР ТОҚСАНДА – 30 МЛН. ДОЛЛАР

Қашаған үшін осындай айыппұл салынып отыр

Қашаған кенішінен алынатын өнімді белгіленген мерзімінен кешіктіргені үшін Солтүстік Каспий жобасына қатысушы компаниялар Қазақстан Үкіметіне әр тоқсанда 30 млн. доллар айыппұл төлеп отыр.  ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған кезекті брифингке келген еліміздің Мұнай және газ министрі Ұзақбай Қарабалин осындай мәлімдеме жасады. Сонда жылына 120 млн. доллар қазынаға құйылады екен. Сонымен қатар, журналистерге жасалған ресми хабар – Қашаған өнімінің 2016 жылы алынатындығы. Іс оңға басып, барлық түйткіл тезірек шешілсе, алғашқы алты айда, ал кейбір проблемалар көлденең туындаса, екінші жартыжылдықта.

Читать далее »