Экономика

ЕМБІ МҰНАЙ ӨНДІРІСІНІҢ БҮГІНГІ ТЫНЫСЫ

Жеті қат жер астынан «қара алтын» өндіруші ембілік мұнайшылар үшін өткен жыл табыссыз болған жоқ. Акционерлік қоғам бойынша белгіленген межелер асыра орындалды. Оның ішінде өнім өндіру – 100,1, өнімді тапсыру жоспарының 100,2 пайыз болып орындалуы қамтамасыз етілді.

Читать далее »

ЖАҢА ЭКОНОМИКАЛЫҚ САЯСАТ

бәсекеге  қабілеттілікті  арттырмақ

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Ұлттық Банкі бірлесіп экономикалық саясаттың 2015 жылға арналған негізгі бағыттары туралы мәлімдеме жасаған болатын. Өткен жылы Қазақстан экономикасының дамуына сыртқы факторлардың әсері де аз болмағаны байқалды. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банкі Атырау филиалының директоры Қозыбақ Құлбарақов егжей-тегжейлі баяндап берді.

Читать далее »

АЛКОГОЛЬ ӨНІМДЕРІНЕ – ЖЫЛ САЙЫН ЛИЦЕНЗИЯЛЫҚ АЛЫМ

Атырау облысы бойынша кірістер департаментінің Түсіндіру жұмыстары басқармасының бас маманы Динара Садықованың сөзіне қарағанда, бұрынғы заңнамаларға сәйкес лицензиялық алым бір рет – лицензия алған кезде төленетін болса, енді оны жыл сайын төлеу қажет болады және төлем уақыты – қаңтардың 1-і мен 20-сы аралығында. Төленбеген жағдайда кәсіпкерлерге айыппұлдар қолданылады. Алым мөлшері: Атырау қаласында – 100 айлық есептік көрсеткіш, Құлсары қаласында және ...

Читать далее »

ТАМШЫЛАТЫП СУАРУ

ол  неге  Жылыойда

жүзеге  аспай  отыр?

Израильдық тамшылатып суару тәсілі – бүгінгі күні ғана емес, бұдан бірнеше жыл бұрын қозғалған мәселе. Кейбір шаруашылықтар оны іске асыруға ұмтылғаны да есте. Дегенмен, тиімді тәсіл әлі күнге мақсатты жүзеге аса қойған жоқ.

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР ДЕПАРТАМЕНТІ: «ЖАҢА ЖҮЙЕНІҢ ЖАҢАШЫЛДЫҒЫ ҚАНДАЙ?»

Еліміздің бизнес саласындағы өткен жылдың үлкен жаңалығы – Елбасының тапсырмасымен шағын және орта кәсіпкерлік нысандарына мораторий жариялануы еді. Ал, биылдан бастап жоспарлы тексерулерге өзгеріс енгізілді. Біз осы және басқа да өзекті мәселелер жайлы жаңадан құрылған Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мади Такиевпен сұхбаттасып, әңгіме өрбіткен едік.

Читать далее »

АТЫРАУЛЫҚТАР ЖАРЫҚТАН ТАРЫҚПАЙДЫ

Шалғай аудандарға электр энергиясы жеткілікті ме? Тариф тұрақтылығы қаншалықты сақталады? Электрик мамандардың әлеуеті нешік? Осы және өзге де сұрақтарға жауап беру мақсатында «Атырау-Жарық» акционерлік қоғамы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары үшін баспасөз турын ұйымдастырған болатын. Онда мекеме ұжымы өткен жылғы жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, алда атқарылар істерге шолу жасады. 

Читать далее »

СЕРВИСТІК ҚОЛДАУ – СЕНІМ МЕН САПА ҮШІН!

Өткен жылдың екінші жартыжылдығында Атырауда 585 кәсіпкерлік субъектісі сервистік қолдауға ие болды. Бұл бағытта барлығы 1711 қызмет түрі көрсетілді. Ал, меже бойынша 400 кәсіп нысанын қамтамасыз ету белгіленген. Яғни, жоспар 46,3 пайызға артығымен орындалды.

Читать далее »

«ДАМУ» ҚОРЫНЫҢ КЕПІЛДІГІ – НЕСИЕ АЛУДЫҢ МҮМКІНДІГІ

Егер сіз өз кәсібін жаңадан бастаған немесе жеке ісін жалғастырып жүрген кәсіпкер болсаңыз, «Даму» қорының экспресс-кепілдіктерін пайдаланыңыз!

Бизнесіңізді дамыту үшін несие алуға банк мамандары кепілзатыңыздың құнын жеткіліксіз десе, мұның шешімі бар. Алдымен экспресс-кепілдік алуға «Даму» қорына өтініш жасаңыз. Аталған қор кепілдік алуға берген өтінішті бес жұмыс күні ішінде қарастырады. 

Кепілдік төмендегідей мөлшерде ұсынылады: 

- несие сомасының 70 пайызына дейінгі (20 миллион теңгеден аспауы тиіс) бастапқы бизнес үшін; 

- несие сомасының 50 пайызына дейінгі (60 миллион теңгеден аспауы тиіс) жұмыс істеп тұрған бизнесті дамыту үшін.

Читать далее »