Экономика

АЛЫПТЫҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

«Қара алтынның» қазаны саналатын Атырауда мұнай компанияларының саны көп. Солардың бәрі қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілікті терең сезінеді деу қиын. Осындай құрылымдарға «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі шын мәнінде үлгі болғандай.

Читать далее »

МҰНАЙ ӨҢДЕУШІЛЕРДІҢ АЯЛЫ АЛАҚАНЫ

Жетімін жылатпаған қазақ халқының асыл қасиетін аймағымыздағы компаниялардың жалғастырып жатқаны қуантады. Осы орайда, Атырау мұнай өңдеу зауытының ата-ананың аялы алақанынан айырылған Ерсұлтан Урбаевты өз қамқорлығына алғанын атап өткіміз келеді.

Читать далее »

БАҚТЫБЕК ТАУБАЕВ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ДОКТОРЫ, ПРОФЕССОР: САПА МЕН БӘСЕКЕ – БАСТЫ МҰРАТ

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы, әрине, еліміздің, ең алдымен, әлемнің мүмкіндікке толы алып нарығына кедергісіз енуіне жол ашады. Біздің өнімдеріміз әлемдік нормалармен сәйкестендіріледі деген сөз. Ендігі мәселе, сапа мен бәсекеге байланысты болып тұр.

Читать далее »

ҚАЗАҚ ТАРИХЫНДАҒЫ АЙТУЛЫ СӘТ

Биылғы жыл қазақстандықтарды өзіндік жаңалықтарымен қуантып отыр. Қазақ елінің Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуы еліміз егемендік алғаннан кейінгі Елбасымыздың алға қойған ұлы мақсатының бірі еді. Ол да жүзеге асты. Осы қуаныш үстінде қазақ халқын дүние жүзіне танытудағы Президенттің еңбегін айрықша таныдық. Кеңес одағы тараған тұста, бұрынғы посткеңестік елдердің ішінде алғашқылардың бірі боп еңсесін тіктеген де Қазақстан болатын. Осының өзі қазақтың маңдайының бағы етіп берген  Жаратқанның ғажап  сыйы – Елбасының арқасы.

Читать далее »

ШЕТЕЛДІК КОМПАНИЯЛАР ДА ТЕНДЕРГЕ ҚАТЫСА АЛАДЫ

Мемлекеттік сатып алуларға Дүниежүзілік сауда ұйымы аясында шетелдік компанияларға да жол ашу мақсатында арнайы заң жасақталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қаржы министрлігінің вице-министрі Руслан Бекетаев мәлім етті.

Читать далее »

ӨНІМДІ ӨҢДЕУ ДЕ, ӨТКІЗУ ДЕ ҚИЫН «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ЖАНЫНДА БАС ҚОСҚАН КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ ОЙЫ ОСЫҒАН ТОҒЫСТЫ

Жақында облыстық «Атырау» газеті редакциясы Құрманғазы ауданында көшпелі «дөңгелек үстелі» жанындағы кездесу өткізді. Оған аудандағы бизнес, атқарушы билік өкілдері, шаруагерлер, мекемелер жетекшілері қатысты. Онда ДСҰ кіруге орай бизнес ұйымдары алдындағы өзекті міндеттер және басқа да көпшіліктің көкейіндегі кәсіпкерліктің келелі мәселелері  жан-жақты сөз болды.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАН – ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫНДА!

Ол елде ауқымды реформаларды жүзеге асыруға жол ашады 

Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі елде ауқымды реформаларды жүзеге асыруға жол ашты. Бұл туралы кеше қазақстандық БАҚ өкілдеріне шағын сұхбат берген Дүниежүзілік сауда ұйымы Мүшелікке қабылдау жөніндегі департаментінің директоры Чиду Осакве айтты.

Читать далее »

ЕМБІЛІК ҮЗДІК МАМАНДАР

кәсіби шеберлік байқауында топ жарды

«Ембімұнайгаз» АҚ мұнай-газ өндіру басқармалары мен қосалқы бөлімшелері қызметкерлері арасындағы «Үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы биылғы жылы да «Жайықмұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармасындағы арнайы оқу-жаттығу полигонында өтті. Байқауға «Жылыоймұнайгаз», «Доссормұнайгаз», «Жайықмұнайгаз», «Қайнармұнайгаз» мұнай-газ өндіру басқармалары мен «Ембімұнайэнерго» және «ӨТҚжЖК» басқармасынан барлығы 83 қызметкер қатысып, 13 мамандық бойынша өз біліктіліктерін сынға салды. Олардың барлығы да әрбір цехта алдын ала өткізілген іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары еді.

Читать далее »

БӨДЕНЕ БАПТАҒАН БИЗНЕСМЕН

Бағалы диеталық  өнім

Бөдене өсіру кәсібі қалай басталды? Ең алдымен қаламыздың ескі базар аймағындағы құс базарынан Жапониядан әкелінген 25 дана ересек екі айлық бөдене мен 20 шақты балапан сатып алынған. Оларды сатып алуға шамамен  60 мың теңгедей қаржы жұмсалыпты. Қазір бұл шаруа қожалығында 370 бөдене өсірілуде.

Читать далее »