Экономика

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТАЗА ӨНІМДЕР

«Құралай» корпорациясының өз күшімен салынған жаңа жобадағы балық өнімдерін өңдеу зауытының құрылысы «Caspian Fich Atyrau» ЖШС арқылы іске асты. Аталмыш балық өңдеу зауыты пайдалануға беріліп, қазіргі таңда Ресей мен Украина сынды шетелдерге өнімдерін жіберіп отыр. Ендігі кезекте денсаулыққа да пайдалы, сатып алуға да арзандығы жағынан тиімді, жергілікті жерден шығып, өңделетін балықты өз елімізге жіберу қолға алынуда. Әрине, теңізден тікелей ауланған балықтың дәмі де, сапасы да ерекше болатыны сөзсіз. Зауыт балықтың бұзылуына үлгертпей, тез қатыру мүмкіндігін туғызатын тоңазытқыштармен, еуропалық сападағы құралдар-жабдықтармен жарақтанған.

Читать далее »

БІРІНШІ БЕСЖЫЛДЫҚ БЕЛЕСТЕРІНДЕ

Алғашқы  асудағы ауқымды  жобалар

«Өткен жылы Атырау облысының егін шаруашылығында жаңа  технологиялар пайдаланылған алаңды ұлғайту, сүт-тауарлы фермалардың, ет-сүт бағытындағы мал шаруашылығы кешендерінің, құс фабрикаларының құрылысы есебінен ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 45,6 млрд. теңгені құрады. Мал шаруашылығы өндірісінің көлемі  – 31,5, ал, егістік аумағы 13,7 млрд. теңге болды. Жыл ішінде 12,9 мың тонна балық ауланды.

Читать далее »

БІРЕГЕЙ КӘСІПОРЫНДАҒЫ БЕРЕКЕЛІ ІС

«АтырауМұнайМаш» машина жасау зауыты – еліміздің мұнай-газ кәсібіндегі жабдықтарды және оның қосалқы бөлшектерін шығару мен қызмет көрсету тәжірибесі бар мамандандырылған кәсіпорындардың бірегейі. Бүгінде компания мұнай-газ жабдықтарын жобалау, дайындау және жөндеу бойынша толық қызметтер спектрін көрсетуге арналған айтарлықтай өндірістік қуатқа ие. Теңіз кен орнындағы заманауи зауытты салу ісіне өз үлесін қосуды мақсат еткен отандық кәсіпорынның бірі. Осыдан бір жыл бұрын қазақстандық-британдық форум аясында «АтырауМұнайМаш» зауыты мен британдық «HARE» компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы шартқа  қол  қойылған болатын. Осы шартқа сәйкес,  аталған зауыт Теңіздегі жаңа зауыт құрылысына екі мың тонна металл құрылғысын дайындауы тиіс. 

Читать далее »

«KAHARMAN.KZ» – АРДАГЕРЛЕР ТУРАЛЫ

Облыстық «Нұр Отан» партиясы кеңсесінің мәжіліс залында Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған жаңа «Kaharman.kz» интернет-порталының тұсаукесер шарасы өтті. Оны «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерболат Бектеміров ашып, жүргізді.

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ АЙБЫНЫ

Кеңес одағы ыдырағаннан кейінгі өтпелі кезең көршілес елдердің де тыныштығына қауіп төндірді. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері басшыларының шешімімен шекараның тәжік-ауған аумағын қорғайтын біріккен күш құрылды. Оның құрамында Қазақстанның атқыштар батальоны да болды.

Читать далее »

ӨЗЕН БОЙЫНДАҒЫ ӨРМЕК

бағалы балықтардың азаюына себепші болып отыр

Өткен ғасырдың аяғына дейін бекіре тұқымдас балықтар, негізінен, табиғи су қоймаларында өндірілді және бұлардың дені Каспий теңізі бассейнінде ауланды. Соңғы онжылдықта қызыл балық қоры күрт азайып кеткені де рас. Аймақта ең жоғары көлемде бекіре балығының ауланған кезі - 1977 жыл. Сол жылы мемлекетте он бір мың тонна қызыл балық ауланып, өткізілген-ді. Елімізде 2010 жылдан бастап табиғи ортадан бекіре аулауға толықтай тыйым салып, тек ғылыми аулауды ғана қалдырды.

Читать далее »

ДАЛАДАҒЫ ДҮБІР

немесе көктемнің әр күні – жылға азық

Биыл Атырау облысы бойынша жалпы ауданы 6000 гектардан астам жерге егін салу жоспарланған. Оның басым бөлігін көкөніс-бақша егістігі қамтыса, қалғанына картоп пен мал азықтық  дақылдары өсіріледі. Соңғы жылдары өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеген израилдік тамшылатып суару тәсілімен баптап-күтілетін егіндіктің көлемі 1500 гектарға жеткізіледі. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көктемгі дала, басқа да маусымдық жұмыстар барысында жұмсалынатын жанар-жағармай, өзге де шығындар құнын өтеуге бөлінетін субсидия сомасы (92,3 млн. теңгені құрап) да айтарлықтай ұлғайтылады. Айтпақшы, үстіміздегі жылы «Первомайский» БК ЖШС базасында 150 гектар жерге құнарлы мал азығы болып есептелінетін қара бидай дақылын өсіру межеленген. Бүгіндері аймақтың жекелеген өңірлерінде көктемгі дала жұмыстары қар-қын алып, далада дүбір басталып та кетті.

Сәуір айы туысымен көктемгі дала жұмыстарының да басталатыны белгілі. Биыл былтырғыға қарағанда облыстағы егістік жердің көлемі де, одан өндірілетін өнім де біраз көбейтілмек. Осы үрдісте ежелден егіншілікке маманданған махамбеттіктердің өзіндік үлесі мол болады деп күтілуде.

Читать далее »

МЫҢ БҰРАЛҒАН БАЛҒЫНДАР

Атырау  бишілері Ресейді  тамсандырды

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында «Золотой феникс» атты халықаралық байқауға қатысқан Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы оқушылары Атырауға жүлделі оралды.

Читать далее »