Экономика

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА – ДАМУ КЕПІЛІ

Еліміздің қолданыстағы заңдылықтарына орай монополист мекемелердің өздеріне инвестициялық бағдарлама қабылдап, оны жүйелі жүзеге асыруы коммуналдық қызмет сапасын анағұрлым жақсартуға жол ашты. Бұл бағдарламаға қажетті қаражатқа тарифтік саясат арқылы тұтынушылар да үлес қосады. Сондықтан, жұмсалған қаржыны жұртшылықтың қадағалап отыруына да мүмкіндік туғызылған. Оның үстіне, коммуналдық қызмет көрсетуші кәсіпорындарға үнемі ұйымдастырылатын пресс-тур барысында жергілікті атқарушы және өкілетті органдар, құзырлы мекемелер мен қоғамдық ұйымдар өкілдері, журналистер атқарылған  іс барысымен танысып тұрады.

Сонымен, «Атырау жылу жүйелері» акционерлік қоғамында өткен жылдардың инвестициялық бағдарламасы бойынша не тындырылды? Қандай жұмыстар жасалды? Бұл жөнінде кәсіпорын басшысы Нұрадин ШАМШАТОВТАН сұраған едік.

Читать далее »

ӨНЕРЛІ ӨРЕНДЕР ЖҮЛДЕСІ

Астана қаласында «Еуразия жұлдыздары» жобасы аясында «Грация» халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Аталған фестиваль-конкурсқа біздің облыстың намысын қорғаушы өнерлі балалар қатысып, бірнеше жүлдемен оралды.

Читать далее »

БАЛҒЫН ЗЕРТТЕУШІНІҢ БАЙРАҒЫ

Жуырда Ресей елінде халықаралық жас зерттеушілер сайысы өткен болатын. Оған қатысқан Атырау қаласындағы Ж.Досмұхамбетов атындағы дарынды балаларға арналған облыстық лицейдің 11-сынып оқушысы Фархат Қазим І дәрежелі жүлдемен оралды.

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ КЛАСТЕРДЕН ҰТАРЫМЫЗ КӨП

бұл мәселе Атырауда өткен екі күндік

семинар-кеңесте кеңінен талқыланды

Өткен бейсенбі, жұма күндері Атырауда «Мұнай мен газды өндіру және өңдеу, мұнай-газ химиясы, олармен байланысты машина жасау және мұнай-газ өнеркәсібі үшін сервистік қызмет көрсету жөнінде ұлттық кластер құру мәселелері» тақырыбында семинар-кеңес өтті. Шараны облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Ескендір Жаңатаев кіріспе сөзбен ашты.

Читать далее »

ЖАҢА ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТ ЖАСАҚТАЛДЫ

2010 жылғы қараша айының 18-інде Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы аумағында әрекет ететін «Техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы» келісімге қол қойылған болатын. Бірден айта кету керек, бұл құжатта аталған Кедендік одақ елдерінде қолданылатын өнімдерді, тауарларды, азық-түлік түрлерін, т.б. халық шаруашылығы жүктерін тасымалдап жеткізу кезінде оларды буып-түюдің қауіпсіздігінің сақталуы қажеттігі ескеріліп, міндеттелген.

Читать далее »

«ТҮБІРТЕКТІ ТАЛАП ЕТ – ЖҮЛДЕНІ ҰТЫП АЛ!»

Осындай атаумен Атырау облысы  бойынша мемлекеттік кірістер департаментінде акция өтуде. Акцияның талаптары қарапайым. Мәселен, өзіңіз тұратын  жердегі дүкендерде, шаштараз,  асхана, жанар-жағармай  құю стансасы, дәріхана,  басқа да қызмет көрсету орындарында болған кезіңізде түбіртекті (чекті) талап етуіңіз қажет. Түбіртектің сомасының мөлшері қандай болса да бәрібір, ең бастысы, 10 түбіртектен жинау керек.

Читать далее »

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАН

өмір сүру мүмкіндігінен шектелмеуі тиіс 

Мен облыс әкімінің мүгедектер мәселесі жөніндегі кеңесшісі ретінде барлық монополистер мен депутаттардың қоғамда «мүмкіндігі шектеулі» деп аталып жүрген мүгедек жандардың жағдайына көңіл бөлулерін сұраймын. Өйткені, олар да барша көпшілік сияқты электр жарығын, ыстық және салқын суды, дәрі-дәрмек пен тағамды бірдей тұтынады. Ал, бұл қазіргі күнде аз қаражат емес. Сондықтан, біз осы мәселені өткір қойып, жоғарыда аталған азаматтар мен жергілікті билік иелерінің тағы бір сәт ойлануларын өтінеміз. 

Читать далее »

«ҚАРА СӨЗБЕН ЖЫРЛАЙЫН…»

Құрметті көрермендер!

Атырау облысында жыл басынан бері өтіп жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Халықаралық Шыңғыс Айтматов атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті  драматург-жазушы Рахымжан Отарбаев оқуларының қорытындысы  ретінде Н. Жантөрин атындағы филармония залында «ҚАРА СӨЗБЕН ЖЫРЛАЙЫН...» атты облыстық көркемсөз шеберлерінің сайысы болады. Келіңіздер, көріңіздер!

Өтетін уақыты: 29.05.2015 ж.                      

Басталуы: сағат 15.00.

Читать далее »

ЖАҢА ЖАБДЫҚТАР

дәрігерлер мен мұғалімдердің жұмысын жақсартады

«Каспий тұрба құбырлары консорциумы-Қазақстан» (КТК-Қ) акционерлік қоғамы аймақ тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту бағытындағы қайырымдылық шараларын жалғастыруда. Әсіресе, денсаулық сақтау мен білім беру салаларының материалдық-техникалық базасы біраз жаңарып қалды. Осы жолы да аталмыш компания іргелі іс тындырды.

Читать далее »