Экономика

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ МАЗМҰНҒА – АЙРЫҚША МАҢЫЗ

Бұдан былай, елімізде  жер қойнауын пайдаланушы ірі кәсіпорындар мен компаниялар жүзеге асыратын ірі жобаларда қазақстандық мазмұнның үлес салмағын ұлғайтуға  күш салынады. Бұл туралы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшысы Тимур Құлыбаевтың таяуда ғана Атырау облысы бизнесмендерімен өткізген кездесуінде айтылды.

Читать далее »

АЛЫПТЫҢ АДЫМЫ МҰНАЙ ӨҢДЕУШІЛЕР 70 ЖЫЛДЫҒЫН ТОЙЛАДЫ

Кеше «Атырау» мәдени орталығында Атырау мұнай өңдеу зауытының 70 жылдығы салтанатты түрде аталып өтті. Шараға жергілікті атқарушы билік пен отандық мұнайшылар басшылығы, кәсіпорындар жетекшілері, соғыс және еңбек ардагерлері, жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Читать далее »

БИЗНЕСТІҢ БЕРЕКЕЛІ БАСПАЛДАҒЫ

2010 жылдан бастап «Бизнестің жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасының іске қосылуының арқасында «Даму» қоры арқылы кәсіпкерлікті қолдау құралдарының аясы айтарлықтай кеңейді. Атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерінің несиелері бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау,  несиелерін кепілдендіру басталды, сондай-ақ, кәсіпкерлікке оқыту және кеңес беру арқылы қолдау бағдарламалары жаппай іске асырыла бастады.

Читать далее »

БИІКТІК

Атырау облыстық көрмейтін және нашар көретін азаматтар кітапханасы мен зағиптар клубы бірлесіп қазақтың тұңғыш бард-ақыны, жерлесіміз Табылды Досымовтың 50 жылдығына арналған «Биіктік» ән сайысын өткізді. 

Читать далее »

АГРАРЛЫҚ САЛАНЫҢ МАҢЫЗЫ ЖОҒАРЫ

«Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан, бүгінгі фермерлер тек уақытша, әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерге малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Аграрлық сектор – халықты азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ететін маңызды сала. Біздің облысымызда ауыл шаруашылығын дамытуға барлық жағдай жасалған. Сондықтан, әлем нарығында да бәсекелестікке қабілетті агроөнеркәсіп секторын дамытуға толықтай мүмкіндіктер бар. Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарында да ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу жөнінде айтылған.

Читать далее »

САРАБДАЛ САЯСАТТЫҢ ШЫНАЙЫ ЖЕМІСІ

Елбасымыз – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев ауыл шаруа – шылығын дамытудың, ауылды өркендетудің маңызды міндеттердің бірі екендігін алға тарта отырып,  «Біздің мақсатымыз Қазақстанды өзінің азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ ауылшаруашылық саласының экспорттық әлеуетін арттыру болып табылады. Бұл біздің ауылдарымызды гүлдендіру мен дамытуға серпін береді» деген болатын.

Читать далее »

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҢҒЫШЫ

Атырауда іргелі газ-химия кешені салынуда

 Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміз әлемді таңдай қақтыратын тартымды жобаларын жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Соның ішінде, Елбасының өзі айтып жүргеніндей, мұнай-газ саласына қатысты іргелі істер барынша қысқа мерзімде тындырылғаны абзал. Мемлекет басшысы өзімізде мол қоры бар осы табиғи байлықты ел экономикасын одан әрі нығайтуға бағыттаған жұмыстарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оны шашып алмай, ретімен халық қажетіне жаратуды тапсырып отыр. 

Читать далее »