Экономика

БОЛАШАҚҚА ЖАСАЛҒАН БАТЫЛ ҚАДАМ

Теңгенің еркін  айналымға шығуы – уақыттың талабы және  ол экономикаға тың серпін береді деп санаймын. Әлемдік нарықтағы мұнайдың құнсыздануы мен металға деген сұраныстың азаюы Қазақстан экономикасына кері әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан, теңгенің еркін  айналымға шығуы – экономиканы қуаттандыру үшін қажет қадам.

Читать далее »

БІРЛІГІМІЗ БЕРІК БОЛСЫН

Бүгінгі күні тек біздің еліміздің ғана емес, әлем экономикасы сын сағаттарды бастан кешуде. Мұнай бағасының төмендеуі Қазақстан үшін де оңайға тиіп отырған жоқ. Сондықтан, теңге бағамының еркін айналымға шығуы – ел экономикасының дамуын қамтамасыз ету үшін алынған шара.

Читать далее »

ҚИЫНДЫҚТЫ ЕРЕН ЕҢБЕК ҚАНА ЖЕҢЕДІ

Әлемде қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайға байланысты Қазақстан жаңа ақша-несие саясатына барды. Бұлай болуы заңды да. Өйткені, Қазақстан жаһандық нарықта. Егемендік алғалы талай дағдарыстарды бастан өткіздік. Бұдан да өтеміз. Ең бастысы сенім, жігерлілік, еңбекқорлық керек.

Читать далее »

ОТАНДЫҚ ТАУАР ӨНДІРУШІЛЕРГЕ МОЛ МҮМКІНДІК

Теңге еркін айналымға көшіп, еліміз валюталық дәліз жүйесінен шықты. Үкімет пен ҚР Ұлттық банкінің бұл шешімін толықтай қолдаймын. Өйткені, бұл елдің  ішкі экономикалық ахуалына тікелей байланысты.

Читать далее »

ТҰЙЫҚТАН ШЫҒАР ЖОЛ БАР

Елбасымыз бұдан бұрын да дүниежүзілік дағдарысқа қарсы әрекет ету, оның зардабын азайтуға байланысты мәлімдеме жасаған болатын. Әсіресе, өткен жылдың қараша айында халыққа арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол»  Жолдауында бұл мәселеге кеңінен тоқталды.

Читать далее »

ҚАЖЕТТІ ДЕ, МАҢЫЗДЫ ШАРА

Бүгінде көпшілік теңгенің еркін айналымға жіберілуін ақшаның құнсыздануымен шатастырып отыр. Теңге құнсызданған жоқ, ол тек еркін айналымға шығарылды. Былайша айтқанда, Қазақстан жаңа экономикалық саясатқа көшті деуге болады.

Читать далее »

ӘЛЕМДІК НАРЫҚҚА ЖАҢА ҚАДАМ

«Теңгенің еркін бағамға көшуі ұлттық валютаның жұмысқа қабілеттілігін арттырады.  Және әлемдік нарыққа жасаған жаңа қадам болып табылады». Өткен сенбі күні Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде түсінік берген Еуразиялық интеграция институты экономикалық зерттеулер бөлімінің меңгерушісі Владимир Тельнов осылай мәлімдеді. Өз тарапымнан мұндай оңтайландыру қадамдарының әлемдік экономикадағы ахуалға байланысты жүргізіліп отырған саясат екендігін атап айтқым келеді.

Читать далее »

ЖҰМЫСЫМЫЗ ЫРҒАҒЫНАН ЖАҢЫЛМАЙДЫ

Елімізде жүргізіліп жатқан мемлекеттің жаңа экономикалық саясатқа көшуі, доллар бағамының өсуі, валюталық дәліздің алынып тасталынуы, сөйтіп, теңгенің еркін айналымға шығарылуы сияқты өзгерістерден қандай кәсіпорын, мекеме болмасын, қала берді қарапайым халық ешқандай зиян шекпеуі тиіс.

Читать далее »

ДҮНИЕЖҮЗІЛІК САУДА ҰЙЫМЫ: БИЗНЕСТІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ҚАЙТСЕК АРТТЫРАМЫЗ?

Әлемде қалыптасқан геосаяси, геоэкономикалық жағдай  өте күрделі. Долларға байланысты қалыптасқан ахуал экономикалық саясатта жаңаша шаралар алуды қажет етіп отыр. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке енуі де бизнеске үлкен жауапкершілік жүктейді. Әлемдік бәсекелестік жағдайында отандық бизнесті дамыта түсу үшін не істеу керек? Отандық өнім қандай жағдайда әлемдік сұранысқа ие бола алады? Кәсіпкерлікті дамытуда нендей кедергілер бар? «Атырау» газетінің көшпелі отырысы осы сауалдарға жауап іздеді.

Құлсары қаласында өткен шараға «Атырау-Ақпарат» ЖШС директоры Төлеген Берішбай, Жылыой ауданы әкімінің орынбасары Сайлауғали Кенжеғалиев, «Нұр Отан» партиясының Жылыой аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Үмбетқали Жақашев және салалық  бөлім басшылары мен кәсіпкерлер қатысты.

Читать далее »

ҰЛТ ЖОСПАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША

29 заң жобасы 1 қыркүйекте

Парламент қарауына енгізіледі

Елбасы Нұрсұл-тан Назарбаевтың қатысуымен Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.

Читать далее »