Экономика

КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢ, КҮРМЕУЛІ ТҮЙІНДЕР

Дүниежүзілік дағдарыстың жаңа толқыны қайта соғып өткенде Еуропаның азулы саналған мемлекеттерінің өздері де дағдарып қалды. Халықаралық сарапшылардың пайымдауынша, оның екі себебі бар. Алдымен, әлемде саяси оқиғалар шиеленісіп, оның соңы экономиканы қамтығанда қам жасап үлгере алмағандық. Одан әрі, сан жылдар бойы біртіндеп қалыптасқан проблемалардың түйіні тарқатылмай, қазіргі кезде одан әрі ушығып кетуі.

Читать далее »

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ – БЕРІК ҚАМДАНЫС

Дағдарысқа қалай қарсы тұруға болады? Бұл сауалға нақты жауап ретінде Елбасы ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын айтар едім. Осы құжат қандай қиындықтан болмасын алып шығарына сенеміз. Сондықтан, оны халық арасында құр насихаттап қана қоймай, бүге-шүгесіне дейін талдай білу қажет. Жаңа реформалар біржақты көзқараспен ғана шектелмей, жан-жақты саралануы керек.

Читать далее »

ҚОСЫМША МАМАНДЫҚ ҚИЫНДЫҚТАН ҚҰТҚАРАДЫ

Елбасының «нағыз дағдарыс бізге енді келе жатыр» деген сөзі қиындықтың алдын алып, тығырықтан жол табу тұрғысында айтылды. Сонау 90-жылдары болған дағдарыс есте шығар. Еңбекақыларын ала алмай, жұмыс орындары жетпей, азық-түлік түрлері аз болып, халық біршама қиналды. Мемлекет басшысының сол кездегі сенімділігі мен жігер-қайраты елді осы  қиыншылықтан алып шықты.

Читать далее »

«ЖАСЫЛ ЕЛ» ҮЗДІКТЕРДІ АНЫҚТАДЫ

Елбасының ізгі бастамаларының бірі – жастар саясатын жүзеге асырып, аймақты көгалдандыруда «Жасыл ел» студенттік еңбек жасақтарының маңызы зор. Олардың науқан бойы атқарған қызметіне баға беру, қолдау көрсеткен оқу орындары мен жұмыс берушілерді марапаттау мақсатында жазғы еңбек маусымының жабылу кеші өтті.

Читать далее »

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ҚАМТУДЫҢ КӨКЖИЕГІ

инвесторлармен икемді жұмыста көрінеді

Мемлекет басшысының елімізде еңбек етіп жатқан инвесторлар алдына тұрақты қойып жүрген басты талабы – қазақстандық қамтуды күшейту. Сайып келгенде, тәуелсіздік алған жылдардан бері республикада дүниежүзілік озық технологиямен бәсекеге қабілетті кәсіпорындар көбейді. Шағын және орта бизнес өкілдері де әлемдік стандарттарға қол созуда. Демек, шетелдіктерге де қажетін алыстан ат арытып тасығанша, осы жерден алған тиімді емес пе?..

Читать далее »

АУЫЛ КӘСІПКЕРІН НЕ ТОЛҒАНДЫРАДЫ?

Ауылдық жерлердегі бизнестің даму деңгейі қандай? Мемлекет тарапынан бөлініп жатқан қаражат қаншалықты мақсатты игеріліп отыр? Ауыл кәсіпкерлеріне нендей мәселеде көмек қажет? «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның басқарма төрағасының орынбасары Алмас Таубаевтың Атырау облысына жұмыс сапары осы мәселелерге арналды.

Читать далее »

ОЗЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ – ӨНІМДІ ЕҢБЕК КЕПІЛІ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 14 наурыздағы қаулысы негізінде «Өнімділік – 2020» бағдарламасы бекітілген болатын. Екі кезеңді қамтитын аталмыш бағдарлама экономиканың басым секторларында еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы өнеркәсіптік кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруды, жұмыс істеп тұрған өндіріс нысандарын жаңғыртуды, яғни, техникалық қайта жарақтандыруды және кәсіпкерлік субъектілерін сервистік қолдауды және кластерлік бастамалардың дамуын қолдауды көздейді.

Читать далее »

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА

Еліміздің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің облыстық департаменті «Атырау-Жарық» АҚ-ның 2013-2015 жылдарға арналған инвестициялық бағдарламасының орындалысын бақылау мақсатында  баспасөз турын ұйымдастырды.

Читать далее »

ӨЗІМІЗДЕ ӨНДІРІЛГЕН ӨНІМ – ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫННЫҢ БАСТЫ БАҒДАРЫ

Табысты жұмыс жасауға ұмтылыс танытып келе жатқан отандық кәсіпорындардың санатында «Касхим» ЖШС-ін атауға болар еді. Қазіргідей төл теңгеміздің еркін айналымға еніп, ұлттық экономикамыздың инфляциялық таргеттеу режіміне өту кезеңіндегі серіктестіктің тыныс-тіршілігі, дағдарысқа қарсы қадамдары жайлы оның басшысы, белгілі кәсіпкер Этибар Мамедов мырзамен сұхбаттасқан сәтімізде білгенбіз.

Читать далее »