Экономика

ДӘРІ ҚЫМБАТТАУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Еліміздегі жаңа экономикалық шаралар бізді тұйықтан шығарар жол екені белгілі. Осы ретте біздер, медицина қызметкерлері де барлық мүмкіндікті алудамыз. Биылғы жылдың өткен алты айының қорытындысы бойынша аймақта халыққа фармацевтикалық қызмет көрсететін 364 нысан тіркелген. Атырау қаласында 286 дәріхана, 5 дәріхана пункті, 5 дәріхана дүңгіршегі, ал, аудандарда 91 дәріхана, 7 дәріхана пункті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатумен айналысады.

Читать далее »

ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК АПТАЛЫҒЫ

Қазақстан халқы ассамблеясы қорының тапсырысымен республикалық «Асар» акциясы жарияланып, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне және тыл еңбеккерлеріне әлеуметтік  көмек апталығы ұйымдастырылды.

Читать далее »

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ЛОКОМОТИВІ

Мұнай-газ кешенін осылай атайды. Расында да, тәуелсіздігіміздің сонау бастапқы жылдары ел экономикасын тығырықтан алып шығып, халықты тарықтырмаған осы сала. Елімізге келген алғашқы ірі инвесторлар да - «қара алтынымызды» бірлесіп игеруге ниет білдіргендер.

Читать далее »

ДАҒДАРЫСТАН ДАМУҒА БЕТ АЛАМЫЗ

Әлемдік нарықта жағдайдың күрделене түсуіне байланысты экономикамыздың даму деңгейін сақтап қалу жайы талқыланған жиында Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев келешекте Қазақстанның сан-салалы өндірісіне кері әсер ететін факторларды толық талдап берді.

Читать далее »

ӨНДІРІСІМІЗ ӨРГЕ БАСТЫ

Бүгінде әлемде экономикалық ахуал күрделі болып тұр. Алпауыт мемлекеттердің өздері ол тұйықтан қалай шығудың жолын іздеп, әуре-сарсаңға түсуде. Мәселен, Қытай, Ресей, сонымен қатар, Латын Америкасының кейбір елдері қалыптасқан жағдайдан өту, экономиканы әртараптандыру бағытында бұған дейін үлкен жұмыстар жүргізді. Соған қарамастан қазіргі дағдарыс олардың қайсысын да айналып өтпеді. Әсіресе, бұрынғы кеңестік бір жүйеде болған ТМД көлеміндегі республикалардың тұрғындары қоғамдағы өзгерістердің зардабын тереңірек сезінуде.

Читать далее »

«МӘҢГІЛІК ҚАЗАҚ ЕЛІ» – ОБЛЫСТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫНЫҢ АЛТЫН АРҚАУЫ ОСЫ

Мұнайшылар күні мерекесінің құрметіне Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық филармонияда «Теңізшевройл» бірлескен кәсіпорнының ұйымдастыруымен «Мәңгілік Қазақ елі» тақырыбында облыстық ақындар айтысы өтті.

Читать далее »

ШӘКІРТАҚЫ ТӨЛЕУ БАҒДАРЛАМАСЫ

– болашақ мамандарды қолдау негізі

«Ембімұнайгаз» АҚ мен Атырау қаласында орналасқан «APEC Petrotechnic» жоғары техникалық оқу орны Әріптестік келісім-шарты бойынша  шәкіртақы төлеу бағдарламасын іске қосты.

Читать далее »

«ТАРИХТЫҢ ДАУЫСТЫ ШЕЖІРЕСІ»

Облыстық тарихи-өлкетану мұражайында ашылған ғылыми қорда жинақталған күйлер мен әндер жазылған сазды әуенді күйтабақтар, таспалар (аудиокассета), бейнекассеталар, дискілер жиынтығының көрмесі осылай деп аталды.

Читать далее »

МҰНАЙЛЫ ШАҺАРДАҒЫ ШЫРАЙЛЫ МЕРЕКЕ

Атырау мұнай өңдеу зауытының құрылғанына биыл 70 жыл толып отыр. Зауыт басшылығы мұнай-газ кешені қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арнап жергілікті өнерпаздардың қатысуымен гала-концерт ұйымдастырды.

Читать далее »

МОЛ ӨНІМ – ТҰҢҒИЫҚ ТЕРЕҢДЕ

Ертең еліміздің мұнай және газ кешені қызметкерлері төл мерекесін тойлайды. Әлемдік нарықта «қара алтын» құны қаншама құлдырағанымен, дүниежүзілік деңгейде көмірсутегі шикізатына сұраныс кемімейді. Демек, энергетикалық қуаттар осы саламен қатар дамиды. Елбасымыздың өзі жаңа геологиялық іздестіру жұмыстарын жандандырып, оған шетелдік инвесторларды тартуды тапсырды.

Осы орайда «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы Бас директорының бірінші орынбасары Айболат Габдуллинмен сұхбаттасқан едік. Әңгіме барысында кәсіпорын жетістіктерімен қатар бүгінгі кейбір күрмеулі проблемалардың да түйіні тарқатылды.

Читать далее »