Экономика

ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ТҰҢҒЫШЫ

Атырауда іргелі газ-химия кешені салынуда

 Тәуелсіздік алған уақыттан бері еліміз әлемді таңдай қақтыратын тартымды жобаларын жүзеге асыруды жалғастырып келеді. Соның ішінде, Елбасының өзі айтып жүргеніндей, мұнай-газ саласына қатысты іргелі істер барынша қысқа мерзімде тындырылғаны абзал. Мемлекет басшысы өзімізде мол қоры бар осы табиғи байлықты ел экономикасын одан әрі нығайтуға бағыттаған жұмыстарға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оны шашып алмай, ретімен халық қажетіне жаратуды тапсырып отыр. 

Читать далее »

АЛЫПТЫҢ ҚАЙТА ТҮЛЕУІ

Бұл да – Елбасының тікелей тапсырмасы

І ргетасы сонау сұрапыл Ұлы Отан соғысы жылдарында қаланған Атырау мұнай өңдеу зауыты – республикадағы осы сала бойынша бірінші кәсіпорын. Сол 1945 жылы-ақ мұнда бензин шығарылған екен. Содан бері отандық өндіріс ошағы талай шарықтау шақтары мен құлдырау кезеңдерін бастан кешірді. Енді, міне, Мемлекет басшысының тікелей тапсырмасымен осы көне кәсіпорын қайта жаңғыруда. 

Читать далее »

ӘМIР БОЛАТ, САРАПШЫ, «ДАНА ЖОЛ» ҚОЛДАНБАЛЫ ЭКОНОМИКА ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: ИНВЕСТИЦИЯ САЛУҒА МАШЫҚТАНУ ҚАЖЕТ

«Дүниежүзілік сауда ұйымы: Қазақстан әлемге не ұсына алады?» атты тақырыпта облыстық «Атырау» газетінің №97 санында жарық көрген мақаламен басылымның сайты арқылы танысқан сарапшы, Алматы қаласында орналасқан «Дана Жол» қолданбалы экономика орталығының жетекшісі Әмiр Болат өз пікірін редакциямызға арнайы жолдап отыр.

Читать далее »

ЖАЛЫН ЖЫЛДАР ЖАРҚЫЛЫ

Атырау мұнай өңдеу зауытының өткен жолы жөнінде осылай деуге болады. Құрылысы соғыс жылдары жүріп, Ұлы Жеңіс қарсаңында аяқталған кәсіпорын шежіресінде алтын әріптермен жазылған жарқын парақтар жетерлік. Осы уақытта өндіріс ошағында ондаған еңбек әулеті қалыптасты. Әке орнын ұлы басты. Анасының қызметін қызы жалғастырды. Отандық кәсіпорын қуаты арта түсті. Жаңа жобалар жүзеге асты.

Читать далее »

ӨЗГЕРІСТЕРГЕ БЕЙІМДЕЛУ – БАСТЫ ТАЛАП

Бүгінде Үкімет пен Ұлттық банктің теңге бағамын еркін айналымға жіберу жөніндегі шешімін жұртшылық әрқилы қабылдауда. Ал, шынында, теңге бағамының еркін айналымға жіберілуі мен құнсызданудың аражігін ажыратып алудың маңызы зор.

Читать далее »

ҚОРДАҒЫ ҚАРАЖАТ ҚАЙТАРЫЛУДА

Осыдан бір ай бұрын «Банк Центр Кредит» акционерлік қоғам бөлімшелері «Валют-Транзит Банкі» АҚ-ының депозит қаражатын алу бойынша өтініштерді қабылдай бастады. Осы уақыт аралығында екі мыңнан астам салымшы өз қаражаттарын алуға ниет білдірді. Бұл туралы бізге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі облыстық филиалының жетекші экономисі Элмира Қалымова мәлімдеді.

Читать далее »

ӨЗГЕРІС ӨЗІМІЗ ҮШІН ҚАЖЕТ

Үкімет пен Ұлттық банктің валюталық дәлізді алып тастау жөнінде шешім алуы дұрыс болды. Өйткені, ерте ме, кеш пе, ерікті теңге айналымынан қашып құтыла алмасымыз анық. Түптеп келгенде, бұл отандық тауарларға деген сұранысты арттыру үшін қажет. Мұны облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Лариса Жұмағалиева да құптайды. Ол жергілікті өнім өндірушілерді елімізде жасалып жатқан ортақ іске бірігіп атсалысуға шақырады.

Читать далее »

НАРЫҚ ПЕН ПАРЫҚ

Ұлттық валютамыз еркін айналысқа шықты. Еліміз жаңа экономикалық саясатқа көшті. Қазақстан әлемдік қауымдастықтың мүшесі болғандықтан дүниежүзілік жалпы экономикалық дағдарыстан тыс қала алмайды. Сондықтан,  елде экономикалық ықпалды шаралар алынып жатыр. Осы орайда өңірге белгілі кәсіпкер, «Тілекші» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Орынғали Ахметовке нақты  сауалдарымызды ұсынған болатынбыз.

Читать далее »

БЕСІКТІДЕГІ ЛАГЕРЬ

белсенді жастардың орталығына айналды

Атырауда алғаш рет 80-нен астам белсенді де дарынды жастардың басын қосқан «Zhascamp-2015» екі күндік жастар лагері ұйымдастырылды. Ол  қаладан он шақырым жерде орналасқан Бесікті ауылындағы «Тұлпар» лагерінің құрамына кіреді.

Читать далее »

ДӘРІ ҚЫМБАТТАУЫНА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ

Еліміздегі жаңа экономикалық шаралар бізді тұйықтан шығарар жол екені белгілі. Осы ретте біздер, медицина қызметкерлері де барлық мүмкіндікті алудамыз. Биылғы жылдың өткен алты айының қорытындысы бойынша аймақта халыққа фармацевтикалық қызмет көрсететін 364 нысан тіркелген. Атырау қаласында 286 дәріхана, 5 дәріхана пункті, 5 дәріхана дүңгіршегі, ал, аудандарда 91 дәріхана, 7 дәріхана пункті дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатумен айналысады.

Читать далее »