Экономика

ЖЕТІСТІК СЫРЫ НЕДЕ?

Атыраулық бизнесмендер жыл қорытындысын шығарды. Жер мәселелері мен монополистер – атыраулық кәсіпкерлер дәл осы екі салада ұзақ уақыт бойы көптеген түйткілдерге ұшырап келген еді. Алайда, үстіміздегі жылы олардың шешілуінде оң өзгеріс байқалды. 

Читать далее »

АТЫРАУЛЫҚ АСПАЗ – АФРИКА АСХАНАСЫНДА

Оңтүстік Африкада «Compass Group»  компаниялар тобы ұйымдастырған  дәстүрлі «САМЕАТ» аймақтық аспаздар байқауы өтті. Кәсібилер бақ сынаған бұл сайыста «ESS Kazakhstan» компаниясының бас аспазы Гүлбақыт Сұлтанова жеңімпаз атанып,  «Жылдың бас аспазы» атағына ие болды.

Читать далее »

ЖАҢА ОРТАЛЫҚ БУЫН АУРУЫН ЕМДЕЙДІ

Соңғы жылдары Атырау халқына мемлекеттік медицина мекемелерімен қатар, жекеменшік емдеу орталықтары да қалтқысыз қызмет көрсетіп келеді. Енді, міне, осы жекеменшік медицина орталықтарының қатары тағы бір емдеу орнымен толықты. Бұл – дәрігер С.Бубновский атындағы медицина  орталығы. Бұл медициналық орталық Даму қорының қаржысы арқылы кәсіпкер Нұрлан Мүтәлиевтің демеушілігімен салынып отыр. 

Читать далее »

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – БАСТЫ МІНДЕТ

Өткен сенбіде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков жұмыс сапарымен Атырауға келді. Әуежайда мәртебелі мейманды облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов, аймақ басшысының бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев және басқа да ресми тұлғалар қарсылады. Республикалық ведомоство басшысы облыстық және қалалық басқарма, бөлім басшыларымен бірге Атырау қаласында жаңадан салынған әлеуметтік нысандарда болып, ауыл шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстармен, соңғы жылдары жүзеге асырылған инновациялық іргелі жобалармен танысты. Аймақтың агроөнеркәсіп кешеніндегі өркенді өзгерістер мен жағымды жаңалықтарды көзімен көріп, оң бағасын берді.

Читать далее »

САУСАҚ БІРІКПЕЙ, ИНЕ ІЛІКПЕЙДІ

Агроөнеркәсіп кешені субсидиялау жүйесін реформалау  және жаңа «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Заңы бойынша Атырау аймақтық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбековтің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті. Оған аймақтағы облыстық және республикалық деңгейдегі газеттер мен телеарналардың тілшілері шақырылды. Брифинг жұмысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы облыстық филиалының басшысы Асылбек Жәкиев қатысты.

Читать далее »

ЖОҒАРЫ ЖЕТІСТІКТЕР – ЖАРҚЫН ЖОБАЛАР ЖЕМІСІ

«Отандық мұнай-химия саласын дамыту үшін Атыраудағы қолданыстағы кәсіпорындар негізінде мұнай-химия технопаркін құру туралы мәселені шешуді тездетуіміз керек»

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың  шетелдік инвесторлар кеңесінде сөйлеген сөзі.

Атырау мұнай өңдеу зауытында Мемлекеттік комиссия хош иісті көмірсутектер шығару кешенінің бірінші кезекте іске қосу нысандарын қабылдады. Комиссияға ҚР Энергетика министрлігінің департамент директоры Асхат Хасенов жетекшілік етті. Ал, мүшелігіне «Синопек Инжиниринг» компаниясының Қазақстандағы филиалы директоры Чжен Фуцян, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы Өңдеу және маркетинг дирекциясының директоры Рүстем Нығмет және Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры Қайрат Оразбаев енді.

Читать далее »

МҰНАЙ САЛЫҒЫ

бұл да нарықпен реттелуі тиіс 

Соңғы кезде мұнайшылар арасында сыртқа шығарылатын «қара алтынға» салынатын салық көлемін кеміту жөнінде жиі айтылып жүр. Мамандар «мұнай бағасы төмендеп тұрғанда салықты да азайту керек» деседі. Осы орайда «Ембіведьойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бас директорының өндіріс жөніндегі кеңесшісі, техника ғылымдарының кандидаты Серік ӨРЕКЕШЕВПЕН сұхбаттасқан едік.

Читать далее »

ҰСЫНЫСТАРЫН ПАРЛАМЕНТКЕ ЖОЛДАМАҚ

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық комитетінің ұйымдастыруымен «Қазақстандық өндіріс: Сапа. Бәсекеге қабілеттілік. Болашақ» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Жиынға ұстаздар мен студенттер және партия мүшелері қатысты.

Читать далее »