Экономика

«Алаш» жүйесіне тіркеліңіз!

 Атырауда «Алаш» мәліметтер базасына тіркелуді кәсіпкерлерге үйрететін тегін тренинг ұйымдастырылды. Алғашқы тыңдаушылар қатарында өңірге белгілі «Рауан-Налко», «КазТурбоРемонт», «ЖігерМұнайСервис», «Өнерпаз» сынды 15 компания өкілі болды.   Ақпараттық жүйе мұнай-газ жобаларының операторлары, тауарды жеткізушілер мен қызмет көрсетушілер арасында байланыс орнату үшін құрылған. Бұл жергілікті компаниялардың тауарды сатып алуға қатысу үрдісі мен мұнай-газ операторларының қызметін айтарлықтай жеңілдетпек. «Алаш» жүйесі Қазақстанның ең ірі деген ...

Читать далее »

«Бизнес-реестр» – жаңа портал

  «Атамекен» палатасының нарықты мониторингілеу және сараптау орталығы бизнеске арналған бірегей «Бизнес-реестр» интернет-порталын іске қосты.   Порталға Қазақстанда заңды түрде әрекет ететін барлық кәсіпкерлер туралы мәліметтер: мекен-жайлары мен байланыс деректері, қызмет көрсету түрі, лицензиялары мен рұқсатнамалары, қандай тауарларды, жұмыстар мен қызмет түрлерін сатып алады немесе сататындығы туралы мәлімет топтастырылған. Сонымен бірге, ұсынылатын қызметтің кең ауқымды тізімі енгі-зілген» дейді орталық директоры ...

Читать далее »

«Ауылдағы 100 жоба»

  Бүгінде ауыл кәсіпкерлігін қаржыландыруда кездесетін түйінді мәселелер аз емес. Облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Дияс Жәнібеков оларды тиімді шешу жолын ұсынады.   Оның айтуынша, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы арқылы жеті пайыздық жылдық мөлшерлемемен берілетін қайтарымды несие – ауыл кәсіпкерлері үшін үлкен жеңілдік. Бұл мақсатта соңғы үш жылда жергілікті бюджеттен 657 миллион теңге бөлініп, 147 ...

Читать далее »

Әкімшілік кедергі – кәсіпкерлікке тосқауыл

  «Мемлекет маған не береді?» деп қарап отырмай, әр азамат жаңадан кәсіп ашып, ел экономикасына өз үлесін қосуы керек дейміз. Алайда, бизнесін бастамай жатып, әкімшілік кедергілерге сүрініп жатқан жас кәсіпкерлер де жоқ емес. Мәселені қалай шешуге болады? Оның жауабын облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Сәрсенбай ЖОЛДЫБАЕВ заң шеңберінде айтып берді. – «Әкімшілік кедергілерге не жатады? – Биыл жаңа Кәсіпкерлік кодексі ...

Читать далее »

Атыраулық оқушының жаңалығы

  Қазір сауда нарығында ыдыс жууға арналған зиянды қоспаларға толы заттар көп кездеседі. Ал, Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 10-сынып оқушысы Кемелхан Қалиолла жаңадан экологиялық таза ыдыс жуғыш сұйықтық ойлап тапты. Бір қызығы, ол кәдімгі қарбыздың суын кәдеге асырған.   Оның құрамындағы белсенді натрий тұздары эфир майларын ыдырата алатыны ғылыми дәлелденіп отыр. Кемелхан мұндай тың идеяның ойына кездейсоқ келгенін айтады.  – Жаздыгүні ...

Читать далее »

Бұл – сенің бастамаң!

  Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы дәстүрге айналған «Менің бастамам» әлеуметтік жобалар байқауын жариялайды.   Мақсат біреу, ол – әлеуметтік саланы қаржыландыра отырып, жастардың шығармашылық және инновациялық мүмкіндігін арттыру. Бұл жобаның жас кәсіпкерлерге тигізер көмегі өте зор. Байқауға аз қамтылған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі жандарды, зейнеткерлер мен басқа да әлеуметтік санат өкілдерін қолдау бағытындағы жұмыстар қабылданады. Жобалар аймақтағы әлеуметтік-экономикалық, ...

Читать далее »

«Айсұлтан» неге айыппұл төлейді?

  Махамбет ауданының аумағында орналасқан «Айсұлтан» шаруа қожалығы «Ауыл шаруашылығына қаржылай қолдау көрсету қоры» АҚ филиалынан егін егуге 5 миллион 400 мың теңге көлемінде несие алған болатын. Бизнес-жоспарға сәйкес, шаруашылық бес гектар жерге картоп, ал, үш гектарға жеміс-жидек салуы тиіс. Алайда…    Егінін уақытында екпеген соң, жемісін де көре алмаған шаруагер қып-қызыл шығынға батып отыр. Осы мәселеге орай, кәсіпкерлердің құқығын ...

Читать далее »

Ортақ нарықты қайтсек тиімді етеміз?

 Жақында Еуразиялық экономикалық одақ бестігі Астанада бас қосты. Он төрт мәселе қаралған Еуразиялық одақтың жоғарғы кеңесінде мемлекет басшылары өзара ортақ нарықты қалыптастыру мәселесіне көбірек назар аударды.    Әлемдік картада қалыптасқан геосаяси ахуал, Мәскеуге салынған санкциялар, ғаламдық экономикалық дағдарыс жағдайында әр елдің «көрпені» өз мүддесіне қарай тартатыны белгілі. Десек те, ішкі ортақ нарықты тиімді жағдайда қалыптастыру үшін не істеу қажет? Ауыл ...

Читать далее »

Іскерлік іздері

Кеңестік кезде кең тараған бастамалардың бірі – артта қалған шаруашылықтарды басқаруға тәжірибелі мамандардың жіберілуі. Міне, «Ембіде» басэкономист, «Сам» кеңшарында директор болып істеген Қуаныш Ғилымовтың «Қосшағылға» келу себебіде осы. Ал, жаңа басшы өзіне жүктелген сенімді толығымен ақтады, борышқа белшесінен батқан елеусіз еңбек ұжымын алдыңғы қатарға шығарды, қысқа мерзімде күллі одаққа белгіліетті. Байқап отырсақ, Қуаныш Ғилымұлының сол кездегі шаруашылық басқару тәсілі – бүгінгі күнге де үлгі. Одан қазіргілер өнеге алса да артық емес. Мәселен, неге адамдар тек жоғарыдан нұсқау күтіп отырады? Сайып келгенде, әр шопан өзінің отарына, ферма меңгерушісі қол астындағы шаруасына жауапты емес пе? Түпкі нәтиже – жоғары ...

Читать далее »

Теңізде жазылған тарих

Теңізден балық аулау, оны өңдеу кәсіпшілігімен алғаш айналысқандар І және ІІ Каспий теңізі жағалауының округтерімен Қамыс–Самар қисымының қазақтары болды. Бөкей ордасын басқарған «Уақытша Кеңес» төрағасының 1913 жылы Астрахан губернаторына жолдаған жазбаша есебінде сол жылы 4447 қазақтың балық аулап, 16138-інің балық өңдеу кәсіпорындарында жұмыс жасағаны айтылған. Кеңес үкіметі тұсында ұзақ жылдар бойы облысымыздың шаруашылық саласында, партия жұмыстарында жауапты қызметтер атқарған Атырау өңірінің төл перзенті Сайфолла Сүйіновтің «Бөкей ордасы» деп аталатын кітабында осындай құнды деректер баяндалады. Бұл балықшылар мамыр мен қыркүйек аралығындағы бес айда орта есеппен 150 сомнан табыс тапқан. Егер сол кездегі қойдың бағасы 2-3 сом, жылқы мен сиырдың бәсі 15-20 сомнан аспағанын ескерсек, бұл аз табыс болмаған. Белгілі қаламгер Әбу Сәрсенбаевтың «Толқында туғандар» романында жазғанындай, бұл бөкейлік қазақтардың бір бөлігінің ...

Читать далее »