Экономика

ҚЫСТА ПІСКЕН КӨКӨНІС

немесе жылыжай шаруашылығын дамыту мүмкіндіктері қандай?

Қазіргі кезде республикамыз бойынша барлық өңірде жылыжай шаруашылығы ерекше қарқынмен дамып келе жатқандығы белгілі. Бұрындары ішкі нарықты көкөніс өнімдерімен толығымен қамтамасыз ету проблемасы көрші елдерден тасымалдау арқылы шешіліп жүрсе, енді өзгеге жалтақтамай, қолдан келетін іске өзіміз-ақ білек түріп кірісе бастадық.

Читать далее »

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ КӘСІПКЕРДІҢ ҚЫЗМЕТ АЯСЫН КЕҢЕЙТЕ ТҮСЕДІ

Мемлекеттің кәсіпкерлікпен өзара іс-қимылы мен әріптестігінің жаңа қағидаттары «Мемлекеттік сатып алулар  туралы» Заңның жаңартылған редакциясында көрініс тапқан. Олар өнімді сату үшін ұзақ мерзімді келісім-шарттар жасасу арқылы тікелей инвестициялар тартуға жаңа мүмкіндіктер ашады. Бұл, сондай-ақ, Қазақстанда  жаңа жоғары технологиялы өндірістер құруға  қызмет  ететін  болады.

Нұрсұлтан  Назарбаев.

ҚР «Мемлекеттік сатып алулар туралы» Заңы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 56-шы қадамын жүзеге асыруға бағытталған. Негізгі ұстанымы – мемлекеттік сатып алулардың тиімді жүйесін құру. Сонымен қатар, бұл құжат сыбайлас жемқорлықтың жолын кесіп, сатып алудың ережесін жеңілдетеді. Құжатта тауар жеткізушілердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және мемлекеттік сатып алуға қатысатын тараптардың жауапкершілігін арттыру шаралары да қамтылған.

Читать далее »

ЖАС МАМАНДАРҒА – ЖАҢА МҮМКІНДІК

Атырау мұнай және газ институтының мәжіліс залында «Сәтті қадам» жобасының аясында жоғары оқу орындарын бітірген жетім жас мамандарды өңірдегі ірі кәсіпорындарға іс-тәжірибеге жіберу және жұмысқа орналастыру туралы меморандумға қол қойылды.  

Читать далее »

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ҚҰРЫЛДЫ

Кеше V шақырылған Атырау қалалық мәслихатының кезектен тыс ХХХХІІ сессиясы болды. Депутаттар алдымен күні кеше ғана өмірден өткен қалалық мәслихаттың депутаты, мәслихат хатшысы Бекболат Хайдарұлы Қазимановты үнсіздікпен еске алды.

Читать далее »

ТӘРБИЕ – ТАЛБЕСІКТЕН

Газетіміздің 13 ақпандағы №12 санында қыз бала тәрбиесіне байланысты бір топ ананың үндеуі мен тілшіміздің «Жерде жетім жыласа...» атты материалы жарық көрген болатын. Қоғамды дүр сілкіндірген оқиға аймақтағы білім беру нысандарының назарынан тыс қалмады. Бұл мәселеге облыс орталығындағы №15 мектеп ұжымы да бейжай қарамай, Атырау қалалық прокуратура қызметкерлерімен бірлесе жоғарғы сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырды.

Читать далее »

ДЕКЛАРАЦИЯЛАУҒА ДАЙЫНБЫЗ БА?

Өткен жылдың соңында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жеке тұлғалардың кірістері мен мүлкін декларациялау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңы қабылданды. Бұл жөнінде Елбасының Ұлт жоспары – бес институттық реформаны жүзеге асырудың 100 нақты қадамында да айтылған.

Читать далее »

ЖАЛҒАН АҚША МЕН ЗАҢСЫЗ КӘСІП

ешкімге абырой бермеген 

Экономикасы дамыған аймақта сан түрлі жолдармен салық төлеуден жалтарып, оңай олжа іздеушілер қатары жойылмай отыр. Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Атырау облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Мәди Тәкиев мәлімдеді.

Читать далее »

КӘСІПКЕРГЕ КЕРЕК – 1001 ДЕРЕК

Жеке кәсіпкерлікпен айналысқыңыз келе ме? Немесе жаңадан іс бастадыңыз ба? Бұл бағытта кеңес беретін мамандар керек пе? Осы және өзге де сауалдарға облыстық кәсіпкерлер палатасы бизнесті сервистік қолдау бөлімінің басшысы Ақан Қайырғалиев жауап береді.

Читать далее »

ЕСКІ КЕНІШТЕРДІҢ ЕКІНШІ ТЫНЫСЫ

Дені көне кеніштерден өнім алатын «Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы қазіргі дүниежүзілік дағдарыс кезінде тиімді жұмыс жасаудың тың тәсілдерін іздестіруде. Бұл бағытта қол жеткізген жетістіктері де жоқ емес. Соның бірі – кен орындарын орталықтан басқару тәсілі. Өткен аптада «Самұрық-Қазына» Әл-ауқат қоры» мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамдарының Басқарма төрағалары Өмірзақ Шөкеев пен Сауат Мыңбаевтың қатысуымен жаңа әдістің тұсауы кесілді. Ол әзірге Қайнар мұнай-газ өндіру басқармасының Уаз кенішінде қондырылды.

Читать далее »

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІК – ӘЛЕМДІК САУДАҒА ШЫҒУДЫҢ БАСТЫ ШАРТЫ

«Бүгінде әлемнің барлық дамыған елдері өздерінің жаңғыртушы жобаларын бұрыннан қалыптасқан біртектілік негізінде жүзеге асырады. Қазақстанға келер болсақ, біз де осы жолға түстік».

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ.

Өткен жылдың еліміз үшін басты жаңалығы – Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) мүшелікке қабылдануы. Биылдан бастап Қазақстан жаңа құқықтық-сауда режиміне көшті. Алпауыт ұйымға мүше болу еліміз үшін қаншалықты маңызды және оның отандық, соның ішінде жергілікті өнім өндірушілер үшін тиімді тұстары бар ма? Әлемдік бәсеке негізінде өңірдегі өндіріс қуатын арттыруға бола ма? Міне, осы және өзге де мәселелер төңірегінде толығырақ мағлұмат алу мақсатымен Атырау мұнай және газ институты маркетинг басқармасының арнайы бағдарлама жетекшісі Алпамыс ҒИЛЫМОВТЫ әңгімеге тартқан едік.

Читать далее »