Экономика

Таза пайда – 115 млн. теңге

қоғам

Әрине, тұтас кәсіпорын үшін бұл қомақты да табыс емес. Әйтсе де, соңғы бірер жылда «АтырауСуАрнасы» мекемесі жергілікті бюджеттің қолдауынсыз, өз бетімен тіршілік етіп жатқандығын ескерсек, біраз ілгерілеу бар екенін байқаймыз. Демек, масылдық пиғылдан арылып, табысты қызмет істеуге талпыныс тұтынушы тарапынан да қолдауға ие. Бұл туралы жұртшылық алдында өткен жылдың қорытындысын жария еткен ұжым жетекшісі Андрей Ташлыков баяндады.

Читать далее »

Дағдарысқа қарсы даму тың мүмкіндіктерге жол ашады

4-36

Мұнайы мол мемлекеттерді біріктіретін халықаралық ОПЕК ұйымына мүше елдер өнім импортын қысқартуға келіскенімен, оны ара-тұра өздері бұзады. Әсіресе, дүниежүзілік дүрмекте «қара алтынның» кілтін ұстап отырған Сауд Арабиясы ешкімнен айылын жимайды. Америка Құрама Штаттарының экспортқа көмірсутегі шикізатын шығарғанына жауап ретінде өзіндегі ұңғымалардың тығынын ағытып жіберді. «Екі түйе сүйкенсе, ортасында шыбын өледі» дегендей, қос алпауыттың текетіресі өзгелерді ілестіре кетті. Мұндай тығырықтан салиқалы ...

Читать далее »

Еуразиялық Экономикалық Одақ: меже мен мүмкіндік

экономика

Жақында Бішкекте Еуразиялық Экономикалық Одақтың Үкіметаралық кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. Қазақстан Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев арнайы барған жиында Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей Федерациясының Үкімет басшыларымен бірге, Еуразиялық экономикалық комиссияның алқа төрағасы Тигран Саркисян қатысты.

Читать далее »

Алыптың қайта жаңаруы

96_big

Мұнайды тереңдетіп өңдеу, өнім сапасын жақсартуға жол ашады Атырау мұнай өңдеу зауытындағы жаңғырту жұмыстары елдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, халықаралық сапа стандарттарына сай болуға және шығарылатын өнім түрлерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға негізделген. Қазіргі таңда  зауытта мұнайды тереңдетіп өңдеу кешенінің құрылысы қарқын алды.

Читать далее »

Болашақ – «жасыл» экономикада

бүгінгі күннің тақырыбына

Еуропа Одағының өзін есеңгіреткен әлемдік қаржы дағдарысы жаһандық экономиканы тығырыққа тіреп қойды. Одан шығудың жолын әр мемлекет өзінше іздеп әлек. Қарыз алып жатқан елдер де бар. Бірақ, олардың да күні ертең Грекия сияқты дефолттың аз-ақ алдында қалуы ғажап емес. Ал, кейбір елдер «ақылды» экономиканы іске қосып жатыр. Сонымен, әңгіме  «ақылды» экономика туралы.

Читать далее »

Кәсіптік бағдарға – инновациялық көзқарас

кәсіптік бағдар

Елбасының «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауында атап көрсетілген басым бағыт, жүктелген маңызды міндеттің бірі республикамызда  кәсіптік-техникалық білім беру жүйесін жетілдіріп, уақыт талабына сай жаңғырту болып табылады.

Читать далее »

«Құлсары» мұнай айдау стансасына Амандық Құлтұмиевтің есімі берілді

Ел ырысын еселеген

«ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалы Құлсары мұнай құбырлары басқармасына қарасты станса бұдан былай мұнай тасымалдау саласының білгірі, еліміздің көрнекті инженері Амандық Құлтұмиевтің атымен аталады. Жағымды жаңалық жақында ғана оның құрметіне тұрғызылған монументтің ашылу рәсімінде жария етілді.

Читать далее »

«Теңізшевройлдың» отандық экономикаға қосқан үлесі 23 жылда – 16 млрд. доллар

23 жылда

«Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің Атыраудағы кеңсесінде бірлескен кәсіпорын тарапынан қаржыландырылған әлеуметтік инвестициялық бағдарламаның өткен жылғы қорытындысы шығарылды. Басқосуды кіріспе сөзбен ашқан компанияның үкіметпен және жұртшылықпен байланыс бөлімінің бас менеджері Рзабек Артығалиевтің айтуынша, былтыр алты жобаға барлығы бір миллион шамасында АҚШ доллары жұмсалған. Енді, міне, солардың жетекшілері жұртшылық алдында жасалған жұмысы жөнінде есеп берді.

Читать далее »

Қашаған қуатына қашан шығады?

экономика

Бұрынғы жылдары жазған материалдарымыздың бірінде Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде табылған Қашаған кен орнын шын мәнінде бой бермейтін қашаған, құрық салдырмайтын асау атқа теңеген едік. Расында да, оны игеру оңай болмады. Соның салдарынан қатарға қосылу мерзімі бірнеше рет кейінге шегерілді. Әбден түңілген кейбір инвестор жобаға қатысушылар құрамынан шығып та кетті. Бірнеше оператор ауысты.

Читать далее »