Экология

КАСПИЙ ТЕҢІЗІ

оның биологиялық ресурстарын қалай қорғаймыз?
Каспий – байлық... Каспий – тіршілік көзі... Каспий – геосаясат... Иә, кәрі теңіздің берері көп. Бірақ, мол қазынаны ысырап қылмауды көл-дарияны тел емген бес елдің перзенті әсте естен шығармағаны жөн. Каспий теңізі экологиясының қазіргі кезде күрт нашарлап кеткені жиі айтылып жүр. Ал, теңіздің Қазақстанға жататын солтүстік бөлігінде болашақта мұнай игерілсе, мәселе тіпті күрделене түсері сөзсіз. Көпшілік болса, бұған сын көзбен, сақтықпен қарайды. Каспийге қандай тәжірибе жасалса да, көк теңіздің табиғатын сол қалпында сақтап қалу – басты міндет.

Читать далее »

ЖАСЫЛ ЖАПЫРАҚ ЖАЙҚАЛЫП ӨСПЕЙ ТҰР

Жайықты жағалаған орман-тоғайларға жас шыбықтар отырғызуға әлі мән беретін емеспіз

Даласының кеңдігі жөнінде небір алпауыт мемлекеттермен иықтаса алатын елімізде шөл-
шөлейтті және ормансыз алқаптар басым болып келеді. Білесіз бе, жер шарының 19 пайызын шөл дала құраса, бұл көрсеткіш Қазақстан жерінің 44 пайызын қамтиды. Жақында жарияланған Н.Ә.Назарбаевтың «Астана – Қазақстанның ұлы дәуірі және стратегиялық векторы» деген мақаласында жасампаз қаланы, ең алдымен, экологиялық жағынан мұнтаздай таза, жасыл желегі мол креативті ортаға айналдыру міндеті тағы қайталанды. Яғни, болашақта Елорда маңында 100 мың гектар алқап көгалдандырылатын болады.

Читать далее »

АДАСЫП ҚАЛҒАН ШАБАҚТАР АЙДЫНЫН ТАПТЫ

Жазғытұры Жайық суы тасып, Махамбет және Индер аудандарының ойпат жерлерін суға толтырады. Маусым айында өзендегі су деңгейі төмендеп, қайтқан сумен ірі балықтар шабақтарымен бірге өзенге оралады. Осы уақытта біразы үлгере алмай, бөлінген суда қалып қояды. Бөлінген суда қалған балықтарды құтқару ісіне «Теңізшевройл» ЖШС-нің корпоративті еріктілер бағдарламасының «Ынтымақ» белсенділері жыл сайын үлес қосып келеді. 

Читать далее »

ГЕПАТИТТЕН САҚТАНА БІЛЕЙІК

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында облысымызда шілденің 28-і мен 28 тамыз аралығында «Бұл гепатит. Оны біл. Одан қорған» деген ұранмен вирусты гепатиттердің алдын алу акциясы өткізілуде.
Мамандардың айтуларына қарағанда, вирустық гепатиттер - халық денсаулығына нұқсан келтіретін қауіпті ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша бұл сырқатқа үш адамның бірі душар болады екен. Соның ішінде «А», «В», «С» вирусты гепатиттер созылмалы ауруға әкеліп соғады. Ал, аурулардың алдын алу үшін жеке бастың тазалығына мән берілуі тиіс. Алайда, адамдар, әсіресе кейбір жастар «гепатит» дегеннің не екенін біле бермейді. Сондықтан, қауіп-қатер тобына кіретін үлкендер мен балалар үшін «А» гепатитіне қарсы егу жүргізіледі. Үлкендер мен жастар бұл ауруға қарсы егуді өз еріктерімен жасатады, ал, қауіп-қатер тобындағыларға міндетті түрде егілу талап етіледі. Осы вирусты гепатиттерден сақтану бағытында тұрғындар арасында ақпараттық түсіндіру шаралары жүргізілуі тиіс.
Есте болатын жағдай, вакцинаны балаларға екі жастан бастап еккен дұрыс. Екпені вакцинациялау орталықтарында, емханаларда алуға болады. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен арнайы қаржы бөлініп, 2 жас пен 4 жас аралығындағы балалар тегін екпе алуда.

Читать далее »

Бисен ҚУАНОВ: «ЖАЙЫҚТЫ САҚТАП ҚАЛУ

Қазақстан мен Ресей үкіметтерінің бірлескен шешімін қажет етеді»

Таяуда трансшекаралық су көздерінің толғақты мәселелерін талқыға салған Қазақстан-Ресей үкіметаралық комиссиясының кезекті алқалы жиыны Атырау төрінде өткен болатын. Аталған топқа жататын Жайық, Қиғаш өзендерінің ахуалын саралаған көршілес Ресей мен Қазақстаннан келген сала мамандары екі күн бойы тұтастай ел көлеміндегі шекаралық су көздерінің де деңгейін көтеріп, экожүйесін жаңғырту жайын кең көлемде талқылады. Енді осы үлкен жиынның қандай ықпалы болды?
Осы ретте Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының басшысы Бисен ҚУАНОВПЕН тілдескен болатынбыз.
- Бисен Отарұлы, таяуда өткен үкіметаралық комиссия жиынында су қорғау шараларын ұйымдастыру мен трансшекаралық өзендердің жағдайын жақсарту мәселелері кеңінен зерделенген болатын. Осы орайда айтылған ұсыныстар мен бекітілген нақты шешімдер жайлы тағы бір тоқталып өтсеңіз.

Читать далее »

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК – ЕҢ БАСТЫ ТАЛАП

IMG 7543 d island«Қашаған-2013» оқу-жаттығуларында осы жағы қатаң ескерілді

Газетімізде бұрын хабарланғанындай, биылғы маусым айының 6-7-і күндері Атырауда «Қашаған-2013» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары өткізілді.
Оның қорытындысымен, осынау мемлекеттік маңызды іс-шараның ойдағыдай ұйымдастырылуына ұйытқы болып, атсалыс-қан басшы-қосшы азаматтардың бір тобы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің марапаттауларына ұсынылған-ды. Жақында сол марапаттар салтанатты жағдайда иелеріне табысталғандығын да жария қылғанбыз.

Читать далее »

Еділ-Жайық каналы

edilzhaulаймақты су тапшылығынан құтқара ала ма?

Бүгінгі таңда әлемде су тапшылығынан екі миллиондай адам зардап шегуде. Қазақстан тұрғындары әзірге бұндай топ құрамына кірмейді, бірақ та болашақта 2020-2030 жылдарға қарай ғалымдардың болжамды зерттеулері бойынша республикада су бассейндері ресурстарының жағдайы күрделене түсуі әбден мүмкін. Қазақстанда, әсіресе, Ресейдің іргелес аймақтарына қарағанда су ресурстары тапшы екені белгілі. Мамандар бүгінде трансшекаралық Жайық, Сырдария, т.б. өзендердің бассейндерінде күрделі жағдайлар қалыптасып келе жатқанын айтуда.

Читать далее »

ТҮНДЕ ТҮТІНГЕ ТҰНШЫҚҚАНДАР КІМГЕ ШАҒЫНАРЫН ДА БІЛМЕЙДІ

tytingeБұдан біраз жыл бұрын академик Муфтах Диаровтан кезекті сұхбат алғанымызда қадірменді қарт «Мен бір күні атыраулықтар ұйқысынан оянбай қала ма деп қорқамын» деген-ді. Расында да, қала ортасы ауасының ластығын, көкірек керіп тыныс алу қиындығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Бұл – жай халықтың айтып жүргені ғана емес, маман экологтардың да нақты тұжырымы.

 

Читать далее »

ҮНЕМДЕУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі ресми өкілі Алтай Әбибулаев өткізген кезекті брифингте елімізді «жасыл экономикаға» көшіру жайы айтылды. Бұл туралы толығырақ ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Қаппаров баяндап берді. Брифингке аймақ журналистері бейнебайланыс арқылы қатысты. 

Читать далее »

ТАБИҒАТТЫ ТАНУ – ҰРПАҚ ПАРЫЗЫ

«Парктер шеруі-2013» табиғат қорғау акциясы аясында осындай ұранмен Жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватында «Жас өрен» жастар қоғамдық бірлестігі экологиялық экскурсия ұйымдастырды. Мұндағы мақсат – өскелең ұрпақты туған өлке табиғатын толықтай танып-білуге үйретіп, қоршаған ортаны қорғауға шақыру.
Экскурсияға облыстық жастар ұйымдарының жетекшілері мен белсенділері, «Жас өрен» жастар қоғамдық бірлестігі мүшелігіндегі 20 оқушы, №6 орта мектептің 20 әлеуметтік жағдайы төмен және аз қамтылған отбасы балалары тартылды. Сондай-ақ, экологиялық маршрутқа облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім бастығы Арман Азаматов, облыстық «Жасыл ел» штабының бастығы Ринат Ғилажев, «Ақжайық» мемлекеттік табиғи резерватының аға әдіскері Айбатыр Жақсыбаев қатынасты.

Читать далее »