Экология

АҚҚУЛАР МЕКЕНДЕГЕН «АҚ ЖАЙЫҒЫМ»

Экологиялық күнтізбенің алғашқы мерекесі, бұл – 1 сәуір – Дүниежүзілік құстар күні. Атаулы мерекені жыл сайын Біріккен Ұлттар Ұйымының білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бөлімі «Адам және биосфера» жобасының аясында өткізуді дәстүрге айналдырған.

Читать далее »

ТАЙСОЙҒАН ҚАЗАҚСТАНҒА ҚАЙТАРЫЛАДЫ

Бұл жөнінде Атырау мұнай және газ институты ұжымымен кездескен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сәрсенбай Еңсегенов хабарлады. Жүздесу барысында алдымен Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы мен Үндеуінен туындайтын міндеттерге шолу жасаған ол осындай жағымды жаңалықты жеткізді.

Тайсойған сынақ алаңына қатысты Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ 2015 жылғы 6 ақпанда №1000 Жарлығына қол қойды. Онда 1995 жылғы 20 қаңтарда Қазақстан мен Ресей арасындағы №929 ұшу-сынақ орталығын пайдалану тәртібі туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлданғаны және еліміздің Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовке ҚР атынан қол қоюға өкілеттік берілгені айтылған.

Читать далее »

ТҰРҒЫНДАР ТІЛЕГІ – ТАБИҒАТТЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ

«Дөңгелек үстел» басына жиналғандар осындай  байламға келді 

Сөз жоқ, Атырау облысы – ел бюджетіне қомақты түсім түсіріп отырған өңір. Аймақта мұнай-газ қорының молдығы, осы сала төңірегінде әлемдік маңызы бар ірі жобалардың жүзеге асырылып жатқандығы, әрине, қуантады. Отандық және шетелдік инвесторлардың осында көбірек шоғырлануы нәтижесінде жұмыссыздық мәселесі де оңтайлы шешілуде. Жергілікті бюджетке де қомақты қаржы құйылуда.

Алайда, таразының екінші басын бағамдасақ, қоршаған ортаға салынып жатқан салмақ та ауыр. Ғалымдар мен мамандар түрлі дерттің пайда болуы ауаның ластануы салдарынан екендігін айтады. Қазақстан Коммунистік халықтық партиясы облыстық комитеті мен облыстық «Атырау» газеті редакциясы бірлесіп өткізген «Дөңгелек үстел» басындағы әңгіме осынау экологиялық проблемалардың түйінін тарқатуға арналды.

Читать далее »

КӘСІПОДАҚ КАСПИЙ ҮШІН АЛАҢДАЙДЫ

Әлемдегі эколог мамандардың сараптауынша, Каспий өңірінің табиғи ахуалы заманауи талаптарға жауап бермейді. Қоршаған ортаның ластануы адамдар арасында сан түрлі кеселдердің пайда болуына жағдай туғызса, экологиялық зиянды әсерлер адамдардың өмір сүру ұзақтығын шектейді. Одан өңірдегі басқа да тіршілік иелері, сирек кездесетін өсімдіктер мен жануарлар дүниесі де жапа шегуде. Бұл мәселелер тек табиғат жанашырлары, сала мамандары мен ғалымдар, соның ішінде кәсіподақтардың бірлескен жұмысы нәтижесінде ғана өз шешімін табады. Бұл туралы «Атырау» шипажайының конференц-залында өткен Каспий өңіріндегі трансұлттық компанияларда еңбек етіп жатқан жұмысшылардың әлеуметтік үлгілерін қамтитын декларацияға толықтырулар мен жаңартулар енгізу бағытындағы халықаралық жиында сөз болды.

Читать далее »

ТАБИҒАТТЫ ҚОРҒАУҒА – ҚАТАҢ ТАЛАП

Жақында, Атыраудағы «Жайық-Каспий-Орхусс орталығы» үкіметтік емес ұйымының ұйымдастыруымен кезекті қоғамдық тыңдау өткізілді. Бұл жолғы отырыс «Ембімұнайгаз» АҚ бойынша белгіленген табиғат қорғау шараларының 2014 жылдың тоғыз айындағы орындалу барысын және 2015 жылға межеленген жоспарларын талқылауға арналды. Шараны облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орақ Бисембиев кіріспе сөзбен ашып, жүргізіп отырды. Қоғамдық тыңдауға қатысушыларды «Ембімұнайгаз» АҚ бас директорының геология және дайындау жұмыстары жөніндегі орынбасары Абат Сұпығалиев құттықтап, оның жұмысына сәттілік тіледі. Аталмыш кәсіпорынның қоршаған ортаны қорғау департаментінің директоры Сәлима Әбітова күн тәртібіндегі мәселеге байланысты баяндама жасады.

Читать далее »

КАСПИЙ ТАҒДЫРЫ ХАЛЫҚ ТАҒДЫРЫ

қоғамдық тыңдау түйіні де осы 

Сөз жоқ, Солтүстік Каспий жобасы – қазақ мұнай-газ тарихындағы ерекше оқиға. Қазақстан тұңғыш рет айдын төсінен «қара алтын»  алуға бет бұрды. Ал, Қашаған кеніші – дүние жүзінде соңғы қырық жылда ашылған ең ірі кен орны.

Рас, оның тұсауы кесілгенімен, бүгінде техникалық себептерге орай өнім өндіру тоқтап тұр. Әйтсе де, теңіздегі жасанды «D» аралынан Батыс Ескенедегі мұнай мен газды кешенді дайындау қондырғысына тартылған құбыр толық ауыстырылған соң жұмыс қайта жанданады. Сол кезде экологиялық ахуал асқынып кетпей ме? Тосын оқиғалардың алдын қалай алуға болады? Су жануарлары өміріне төнер қатер қандай? Міне, «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б.В.» (НКОК) компаниясының алдымыздағы жылға жоспарлаған табиғат қорғау шараларына арналған қоғамдық тыңдауға жиналғандар осындай және өзге де сауалдарға жауап іздеді.

Читать далее »

ЖАЙЫҚ-КАСПИЙ БАССЕЙНІ: БІР МАҚСАТ, ОРТАҚ МҮДДЕ

«Қазақстан – 2050» стратегиясының негізгі мақсаттарының бірі – 2020 жылға  қарай халықты таза  ауыз сумен, 2040 жылға қарай ауыл шаруашылығын және 2050 жылға қарай жалпы елімізді су ресурстарымен  тұрақты қамтамасыз ету  проблемасын шешу болып  табылады.

Читать далее »

АДАМЗАТ ҮШІН ЖАСАЛҒАН БАТЫЛ ШЕШІМ

Ядролық қауіпсіздік  мәселесі жарты ғасырдан астам  уақыт  бойы әлем назарында екені баршамызға мәлім. Көп жылдар оның шешімін іздестіруге әлем жұртшылығы атсалысты.

Бұл мәселе көтерілгенде Қазақстан да бейжай қарай алмады. Оның дәлелі ретінде мемлекетіміз ерікті түрде әлемдегі төртінші орында тұрған ядролық арсеналдан бас тартып, Семей ядролық полигонын жапты.

Читать далее »

ЯДРОЛЫҚ ҚУАТТАРДЫ – БЕЙБІТ МАҚСАТҚА!

әлем халқы соны тілейді

Баршаға мәлім, Қазақстан тәуелсіздік алған сәттен-ақ Елбасы алғашқы Жарлығымен еліміздің жаппай қырып-жоятын ядролық қару-жарақтан бас тартатыны жөнінде мәлімдеді. Сол 1991 жылғы 29 тамыз тарихта қалды. Семей полигоны жабылды.

Әйтсе де, әлемде әлі де алаңдаушылық бар. Бүгінде бірнеше мемлекет ядролық қарудың тұтқасын ұстап отыр. Осы орайда «Невада-Семей» халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысы Атырау филиалының директоры, мұнай және газ институтының «Қоршаған ортаны қорғау» кафедрасының профессоры Тілепқазы Ерғалиевпен сұхбаттасқан едік.

Читать далее »