Экология

ЕҢ ЫСТЫҚ ЖАЗ – АТЫРАУДА

Боранбай ЖӘНЕТОВ, биология ғылымдарының кандидаты:

– Жалпы, Атыраудың қысы салқын, жазы ыстық. Мен осы өңір халқының шыдамдылығына таң қаламын. Оның үстіне, өткен жылдың маусымында республика бойынша ең ыстық күн осында тіркелген. Мұны ресми деректер дәлелдейді.

Читать далее »

ТАБИҒАТТЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ – БАРШАНЫҢ БОРЫШЫ

«Ембімұнайгаз» акционерлік қоғамы «қара алтынды» негізінен байырғы кен орындарынан өндіреді. Өткен ғасырдың орта шенінен бері қолданыста жүрген кеніштер бар. Бұлардағы ұңғымалар да суланған, қайтарым да кеміген, технологиялық шараларды да көп керек етеді.  Сол себепті, қоршаған ортаны қорғауға ерекше назар аударуға тура келеді. Бұл жөнінде Елбасымыздың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «100 нақты қадам» бағдарламасында да айтылған. Компанияның осы орайда алдымыздағы жылға жоспарлаған жұмыстарын саралау үшін қоғамдық тыңдауға жиналғандар мәселені осы тұрғыдан таразылады.

Читать далее »

АЗҒЫРДЫҢ АРЫЗЫ КӨП АЙТАР ӘЛІ

«Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны қорғауды мақсат етіп қояды»

Қазақстан Республикасының Конституциясы, 31-бап.

Азғыр экологиясы туралы аз айтылып та, жазылып та жүрген жоқ. Бұл – турасында, осы өңір тұрғындарының жан жарасы. Әр барған сапарымызда ауыл тұрғындары алдымыздан арызданып шығады. Шырмауықша шырмалып, шешімін күткен мәселелер жеткілікті.

Елді мекенде білекті сыбанып, туған жерінің төл табиғатына араша түсіп жүрген жандар да бар. Солардың бірі – Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаты, Батыс Қазақстан «Нарын» антиядролық қозғалысының үйлестіру кеңесінің мүшесі Мансур Қуанышәлиев. Азғыр аумағының қазіргі экологиялық ахуалы туралы өткен қоғамдық тыңдау барысына көңілі толмаған азамат бізге сұхбат беруге келіскен-ді. Сол әңгімені шашау шығармай оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

Читать далее »

ҚҰБЫР БОЙЫНДАҒЫ МҰНАЙ

тасымалының қоршаған ортаға қауіпсіздігі – бүгінгі күннің көкейкесті мәселесі

«Каспий құбыр консорциумы-Қазақстан» (КҚК-Қ) акционерлік қоғамының негізгі қызметі – мұнай тасымалдау. Яғни, республиканың батысындағы Теңіз кенішінің «қара алтынын» Ресей шекарасына жеткізу. Осы аралық 466 шақырымды құрайды. Әрі қарай біздің өнімімізді Қара теңіз жағалауындағы Новороссийск портына ресейліктер алып кетеді. Міне, қос мемлекеттің және бірнеше компанияның қатысуымен осындай ірі жоба жұмыс жасауда.

Читать далее »

БАСТЫ БАЙЛЫҚ – ТАБИҒАТ ТАЗАЛЫҒЫ

Солтүстік Каспий  жобасы бойынша оператор болып саналатын «Норт Каспиан Оперейтинг Компани Н.В» (НКОК) компаниясы келесі жылға белгіленген табиғат қорғау шараларын жұртшылық назарына ұсына отырып, өздерінің ұстанымдары осы екендігін айтты. Бірақ, Қашаған кенішін игеріп жатқан инвестордың болашақ жоспары жергілікті ғалымдар мен экологтар, үкіметтік емес ұйымдар жетекшілері тарапынан сынға да ілікті. Сонымен...

Читать далее »

ӨСІМДІК – ӨМІР ТІРЕГІ

оны өсіру мен қорғаудың өзекті мәселелері бар

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Абат ЖАНҒАЛИЕВ тұрғындармен онлайн режимінде конференция өткізді. Мекеме басшысы өсімдіктерді қорғау саласы бойынша көптің көкейінде жүрген маңызды сұрақтарға жауап берген еді.

Читать далее »

ҚИҒАШТЫҢ СУЫ СИРАҚТАН КЕЛЕДІ

Жағасында жапырағы жайқалып, зеңгір көкке тік шаншылған тал-теректері көздің жауын алған Қиғашым. Ару аққулар қосарланып жүзген, мамырлап қаздар қонған, топырлап үйрегі ұшқан айдыным. Бала кезімде, жастық шағымда суына сүңгіп өскен өзенім.

Читать далее »

ҚҰЛСАРЫНЫ ТАЛ-ТЕРЕКПЕН ҚОРШАСА…

Өткен жылдың қазанында облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов Астанада журналистермен өткізген брифингте Солтүстік Каспий жобасы аясында «Болашақ» мұнай мен газды кешенді даярлау қондырғысының төңірегіне ағаш отырғызылатындығын айтқан-ды. Қуанып қалдық. Өйткені, ол атыраулықтарды өндіріс ошағының жағымсыз исінен қорғайды.

Читать далее »

ҚОРШАҒАН ОРТАҒА – СЕНІМДІ ҚОРҒАН

баршаға  қойылар  ортақ  талап

Турасын айту керек, қоршаған ортаны қорғау жайы, оның тазалығы туралы тек соңғы жылдары ғана айта бастадық. Әйтпесе, сонау кеңестік кезде мұнай өндіретін немесе бұрғылау жүргізетін кеніштердің төңірегі май басқан топырақ пен қажетсіз қалдықтарға толып жататын. Соны кейін ешкім тазаламайтын да. Бүгінде талап басқа, талғам өзгеше. Қандай істі болсын қолға аларда алдымен оның табиғатқа тигізер әсері сарапқа салынады. Компанияның бұл бағытта атқарар шаруасы таразыға тартылады.

Міне, «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2016-2018 жылдарға арналған табиғат қорғау шараларының көпшілік талқысына шығарылуы да сондықтан.

Читать далее »