Экология

Атырау экологиясының ахуалы кәріз суын тазарту стансасы салынғанда жақсарады

20180328094808

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын цифрландыру, құрылыс саласын дамыту мәселесі облыстық әкімдікте өткен басқосуда айтылды. Алқалы жиынға аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев пен Инвестициялар және даму министрлігінің құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов қатысты. Қазір өңірде құрылыс саласында, тұрғын үй-коммуналдық секторды дамыту бойынша ауқымды жұмыстар жүруде. – Облыс орталығы маңынан ауданы 1,4 гектар жаңа ықшам-аудан салу жоспарда бар. Болашақ ...

Читать далее »

Атырауда жер сілкінуі мүмкін бе?

bead940850b887f001c32ecd0e22475e-400x265

Ескі жазбаларымды қарап отырып, бұдан біраз жылғы кейбір деректерге кезіктім. Сонау 2001 жылы ақпанда Теңіз кенішінде жер сілкініп, жұртты біраз әбігерге салған-ды. Сол кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Мұфтах Диаров мұндай оқиғаның қайталануы әбден мүмкін екендігін айтқан. Жалпы, техногендік сипаттағы жер сілкінуі республиканың батыс өңіріне, соның ішінде Атырауға да тән. Өйткені, оның негізгі себептерінің бірі – ұзақ уақыт ...

Читать далее »

Жайық жағасындағы жас талдар қашан қалың орманға айналады?

Жайық

Әйтсе де, осы маңды тамаша табиғатымен демалыс орнына айналдыру кенже қалып отыр. Индербордан шығысқа қарай қалың тоғай бар. Иесіз емес. Ауданға құрметті қонақтар келгенде, түрлі шаралар ұйымдастырылғанда қақпасы ашылып, киіз үйлер тігіледі. Басқа уақытта жабық тұрады. Егер жаз бойы қонақ қарсы алатындай жағдай туғызылса, жергілікті тұрғындар да, осындағы шетелдік меймандар да ағылары сөзсіз. Азды-көпті табыс та түсер еді. Әттең, оралымды ...

Читать далее »

Жаңа қондырғының жаңалығы

Жаңа қондырғының жаңалығы

Облыс орталығының оң жағалауындағы кәріз-тазарту қондырғыларында биологиялық тазарту жүйесі жоқ. Механикалық тазарту жайы да көңіл көншітпейді. Қолданыстағы санитарлық-тазалық аумағында тұрғын үй құрылыс нысандары орналасқан. Осыған байланысты аумақты шұғыл ауыстыру жөнінде шешім қабылданған. Дәлірек айтқанда, аталған алаң «Квадрат» буландырғыш тоғандар аумағына көшіріледі. Бұл мәселеге орай, былтыр сол кездегі қала әкімінің басшылығымен кеңес отырысы өткен болатын. Онда арнайы хаттама толтырылған еді. Қазіргі ...

Читать далее »

Көшеттер күтімді қажет етеді

2018_11_01_060701559500

Құрманғазы ауданының орталығында кезекті тал егу акциясы ұйымдастырылды. Орталық саябақтарда жасыл желек жайқалып тұр. Тек енді күтіп-баптау ісі үзілмеуі тиіс. Аудан әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров осыны қаперге берді. Мұндағы көгалдандыру жұмыстарымен тендер байқауының жеңімпазы – жеке кәсіпкер Серік Баязитов айналысуды қолға алған. Ол Сафон ауылындағы орман алқабынан 300 терек әкелді. Сондай-ақ, ағаштарды суару мәселесін де шешіп берді. – Бірер жыл ...

Читать далее »

Енді еуростандартқа сәйкес қоқыс жәшіктері қойылмақ

45219446_576936402741030_5386451690029318144_o

Атырауда жыл соңына дейін еуростандартқа сәйкес 200-ден аса қоқыс жәшігі сатып алынады. – Қазіргі уақытта 120 жаңа жәшіктер қалаға әкелініп, орнатуға дайындалуда, – деп хабарлайды Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. Осылайша, облыс орталығында ғана емес, қала маңындағы ауылдық округтерде де қоқыс алаңдарының болдырмау мәселесі шешілетін болды. «Арнаулы автобаза» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Алмас Ізтілеуовтің айтуынша, қазір қалада 700 алаңда 3600 қоқыс ...

Читать далее »

Атыраудың ауасын кім ластап отыр?

1445240369_oon

  Облыс әкімдігінде «Қазгидромет» Атырау филиалы және табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшыларының қатысуымен жиын өтті. Онда өңір басшысы Нұрлан Ноғаев ауаның ластану себебін анықтауға арнайы тапсырма берді. – Бұл буланудан емес, мұнай өнімдерінің иісі екендігі анық. Қолдарыңызда ауаны бақылайтын бүкіл құрал-жабдық бар. Бұл қашанға дейін жалғасады? Тыныс алу қиын ғой. Тұрғындардың бәрі шағымданады. Мамандарды жіберіңіздер, сынамаларды алыңыздар ...

Читать далее »

Қоқыстың ортасында қобырап отырмыз…

413587de2000b274dbfee757ada4e741_big

Индербор кентінің шешімі қордаланып, мазаны алатын мәселесінің бірі – тазалық жайы. Әсіресе, соңғы мезгілде қоқыстар уақытында алынбай, тұрғындардың орынды ренішін туғызуда. «Қоғамдық кеңеске хабарласқан тұрғындар қоқыс жәшіктерінің мезгілінде алынбайтындығын, трактор жүргізушілері табыс табу мақсатында қызметінен тыс жұмыстармен айналысып жүретіндігін айтып шағымдануда, – деді «Нұр Отан» партиясы Индер аудандық ұйымы төрағасының орынбасары Өтепберген Оразғалиев жергілікті қоғамдық кеңес отырысында. – Көптеген көшелерде қоқыстар контейнерлерге сыймай, ...

Читать далее »

Қаланы қалың қара түтінге ораған не?

0d3ee662-1735-4533-8c03-fce9e8435c05

Бүгін Атырау қаласы қалың қара түтінге оранды. Оның нақты себеп-салдары қазір анықталу үстінде. Болжам бойынша өрт қамыстан тұтанып отыр.  Дәл осындай жағдай биылғы жазда жиі орын алған еді. Бұл кезде оның шығу себебі ретінде күннің ыстығы айтылған-ды. Ал, қазір – қоңыр күз, салқын самал мезгілі. Ендеше, көк түтін неден пайда болуы мүмкін? – Қазіргі таңда қаланың екі жерінде өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Біреуі Алғабас ...

Читать далее »

Жаңа аллеяға – 750 жасыл желек (ФОТО)

FB_IMG_1539498811044

Демалыс күндері тазалық акциясы аясында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының сарбаздары «Нұрсая» ықшамауданының «Жастар» алаңында 750 түп көшет отырғызды.  Мұндағы мақсат – туған өлкені көгалдандыру, айналаны абаттандыру, жасыл желек қатарын көбейту. «Бір тал кессең, он тал ек» деп бекер айтылмаған. Облыс орталығы болған соң, кейде белгілі себептермен теректерді кесуге тура келіп жатады. Осы орайда, олардың орнын толтыру жағын да ұмытпаған ...

Читать далее »