Ертең Атырауда волейбол біріншілігі басталады

2 ақпан күні «Нұрсая» спорт мектебінде («Нұрсая» ықшамауданы, 28 «А») Қазақстан Республикасының волейболдан жоғарғы лига ХХVІІ біріншілігінің ІІІ кезең ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өтетін жарыс 2-9 ақпан аралығына жоспарланған. Ендеше, осы ойындарда облысымыздың намысын қорғайтын《АТЫРАУ》U23 құрамасына жанкүйер болыңыздар!

Толығырақ...

ҚАЛАМЫЗДА – ҚЫСҚЫ МАРАФОН!

Қысқы марафон! Иә, расымен де Атырау қаласында  жүгіруді жанымен жақсы көретін жандардың басын біріктіретін қысқы  марафон өткізілмекші.   «Ice Race-2019» атауымен ақпан айының 10 күні сағат 10:00-де облыстық әкімшілік үйінің алдында (Бейбарыс алаңының маңы) бастау алатын жарысқа 16 жастан жоғары кез-келген қала тұрғыны қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бар-жоғы төрт шақырымды құрайтын марафонға қатысуға тілек білдірушілер алдын-ала […]

Толығырақ...

Атыраулық шахматшылар қоржынында – үш алтын, екі күміс, бір қола…

Павлодар қаласында шахматтан балалар және жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті.  Ой жүйріктігін қажет ететін осы бір спорт түрінен өткен додаға қатысқан атыраулық шахматшылар қанжығаларына үш алтын, екі күміс, бір  қола медаль байлап қайтты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 600-ден астам спортшылар шахматтың «Рапид», «Блиц», «Классика» түрлері бойынша өзара бәсекелесіп, жарыс қорытындысында,  қарсыластарынан бір қадам озық шыққан […]

Толығырақ...

Қазақстанда хоккейді дамытудың жаңа бағдарламасы енгізіледі

Қазақстан шайбалы хоккей федерациясының президенті Асқар Мамин Астанада Ресей ұлттық құрамасы штабының басшысы әрі Ресей хоккей федерациясының вице-президенті Роман Ротенбергпен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қазақстан хоккей федерациясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, қос тарап әріптестік туралы меморандум аясында белсенді жұмыс жүргізіп, тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, федерацияның халықаралық қарым-қатынасы мен ойыншылардың лигаларға ауысуын реттеу мәселелерін қарады. […]

Толығырақ...

«Атырау Барыстары»: Балкан лигасындағы сәтсіздіктер

   Баскетболдан Қазақстанның екі дүркін чемпионы «Атырау Барыстары» клубы – Балкан лигасы біріншілігіне 2010 жылдан бері  қатысып жүрген Орталық Азиядағы тұңғыш  команда.    Аталған лигада Болгария, Албания, Македония, Косово елдерінен  барлығы жеті азулы баскетбол клубтары өнер көрсетеді.   «Атырау Барыстары» Балкан лигасындағы биылғы ойындарын сәтсіз өткізіп жүр. Олар Болгарияның «Берое» клубынан 100:68, ал, кеше түнде […]

Толығырақ...