Спорт

Қолбасшы кубогі кімге бұйырды? (+ФОТО)

«Жайық» мәдени-спорттық кешенінде «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығының кубогын сарапқа салған, әскерилер арасында   жауынгерлік жекпе-жектен «Қазақ жауынгері» атты  ашық чемпионат болып өтті. Отан алдындағы борышын өтеп жүрген жауынгерлердің арасында тұңғыш рет рет өткізіліп тұрған доданың салтанатты ашылуына өңірімізге белгілі споршылар, Ауған соғысының ардагерлері, өңірлердегі бөлімшелердің командирлері қатысты. Шара басында «Батыс» өңірлік әскери қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы генерал-майор Қаныш Әбубәкіров сөз алып, сайысқа ...

Читать далее »

Форма кигендер футбол көрсетпейді

Мәжіліс депутаты Магеррам Магеррамов “Астана Арена” стадионында жанкүйерлерді өткізу жүйесін тәртіпке келтіруді сұрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Мәжілістің жалпы отырысында “Халық коммунистері” фракциясының депутаттары ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов пен мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына депутаттық сауал жолдады. Магеррам Магеррамов биыл Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирінің матчтарына әлемдік футболдың жұлдыздары ойнайтын командалар келетінін атап өтті. Осыған байланысты “Астана Арена” ...

Читать далее »

Азияны мойындатқан Айбике

Өткен жыл семсерлесу спортынан Қазақстан құрамасының мүшесі, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Айбике Хабибуллина үшін сәтті болды. Құрманғазылық қайсар қыз  Индонезияда өткен Азиада ойындарында командалық есепте қола жүлдегер атанса, 23 жасқа дейінгі Филиппин елінің Манила қаласында семсерлесуден Азия чемпионатында алтыннан алқа тақты. Жаңажылдық демалысқа келген Айбикені Құрманғазы ауданы әкімінің міндетін атқарушы Жандос Бектеміров қабылдап, сый-сияпатын табыстады. Ол семсерші қызға Токио Олимпиадасына ...

Читать далее »

«Атырау» волейболшылары чемпиондықтан үміткер

Соңғы жылдары Қазақстанның Ұлттық лигасында сәтті өнер көрсетіп жүрген «Атырау» волейболшылары Петропавл қаласында өткізген кезекті турдың барлық кездесулерін жеңіспен аяқтады. Жерлестеріміз павлодарлықтарды 3:1, Өскеменнің «Алтайы» мен Алматының «Буревестник»  командаларын 3:0 ұтты. Жексенбі күні Жамбылдың «Таразымен» өткен ойын тартысты өрбіді. Атыраулықтар көп күш жұмсап, қарсыластарын бес партияда тізе бүктірді. Өткен маусымда Ұлттық лигада ел чемпионы атанған «Атырау» чемпиондық атақты сақтап қала ...

Читать далее »

Атырауда қысқы спартакиада басталды

Атырауда колледж және мектеп оқушылары арасында тоғызыншы қысқы спартакиада өтуде. Шара Атырау аймақтық дене тәрбиесі және спортты дамыту орталығының күнтізбелік жоспарына сәйкес 11 қаңтар мен 8 ақпан аралығына белгіленген. Сайыс спорттың бес түрінен – шайбылы хоккей, шаңғы, биотлон, қысқы президенттік көпсайыс және ұлдар мен қыздар футзалынан өткізілді. Биылғы жарыс шайбылы хоккейден бастау алды. Сайысқа қатысқан бес команда ішінен Атырау құрама ...

Читать далее »

«Бейбарыс» шайбалы хоккейден жеңіске жетті

Шайбалы хоккейден ел біріншілігінің кезекті турының ойындары өтті. Өскеменде жергілікті «Алтай-Торпедо» командасымен кездескен Атыраудың «Бейбарыс» клубының хоккейшілері екі кездесуде де жеңіске жетіп, маңызды алты ұпайға ие болды. Алғашқы күні қарсыластарын 2:1 есебімен тізе бүктірген жерлестеріміз, жексенбідегі ойында өскемендік Полуэктов қорғаған қақпаға бейбарыстық Митряков, Кочетков, Кучиндер шайба соғып, командаға жеңіс сыйлады. Қарсыластар бұған екі шайбамен жауап қайтарды. Қазір 40 кездесуден кейін ...

Читать далее »