Спорт

АТ СПОРТЫ ҰЛТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРЕДІ

Қазақ халқының ұлттық ойындары ерекше сипатқа ие. Олар негізінен халықтың тұрмыс-тіршілігіне, күнкөріс шаруашылығына, ұлттық ерекшелігіне, табиғи орналасу жағдайына байланысты болып келеді. Сондықтан да, ұлттық ойындарымызда еңбекке баулу, елді қорғау, аңшылық көріністері айқын байқалады. 

Читать далее »

ДҮБІРЛІ ДОДАҒА ДАЙЫНДЫҚ

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі ұйымдастыратын VI қысқы спартакиадаға дайындық аясында Атырау облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің ведомстволық бағыныстағы мекемелері арасында үстел теннисінен облыстық турнир өткен болатын. 

Читать далее »

ЖІГЕРДІ ЖАНЫҒАН ЖЕКПЕ-ЖЕКТЕР

«Атырау» дене шынықтыру-сауықтыру кешенінде аралас жекпе-жектен облыстық чемпионат өтті. Күштілік пен ептілік сынға түсетін бәсекеде облыстың әр аумағынан жүзден астам спортшы бақ сынады.

 Олардың ішінде облыстық аралас жекпе-жек, джиу-джитсу, жекпе-жек федерациялары мен «Айдар» дене шынықтыру спорттық клубының тәрбиеленушілері бар.

Читать далее »

«ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕЙІК!»

Атыраулық  жастар  олимпиадашыларды  қолдайды

Ақпанның 7-сі күні Сочи қаласында бүкіл әлем көз тігіп отырған кезекті Қысқы олимпиада ойындары басталады. ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының орынбасары Елсияр Қанағатовтың мәлімдеуінше, бұл байрақты додаға спорттың 10 түрінен қатысатын 50 қазақстандық спортшыға Қазақстан халқы ерекше сенім артуда. 

Читать далее »

Сочи Олимпиадасы: ҮМІТ ОТЫ МАЗДАЙДЫ

Бүкіл әлем көз тігіп отырған ХХІІ қысқы Сочи Олимпиадасының салтанатты ашылуына санаулы күндер қалды. Төрт жылда бір рет өтетін дүбірлі додаға жолдаманы сарапқа салған жарыстар жер-жерде өтіп, олимпиадада ел намысын қорғайтын спортшылардың толық тізімі белгілі болды. Қазақстан құрамасы Ақ олимпиадаға қырыққа жуық жолдама еншілеп, спорттың он бір түрінен шеберліктерін сынамақшы. Әрине, «бақ шаба ма, әлде бап шаба ма?», оны уақыт көрсетер. Ең маңыздысы, ҚР Спорт және дене шынықтыру агенттігінің берген мәліметі бойынша, Сочиге баруға біздің сайыпқырандарымыз барлық жағынан дайын.

Читать далее »

«АТЫРАУДЫҢ» МАҚСАТЫ – АЛТЫЛЫҚҚА ЕНУ

Бірер айдан соң футболдан ХХІІІ ел біріншілігі басталады. Ел чемпионы атағын әдеттегідей 12 команда сарапқа салады. Олардың қатарында «Ақтөбе» (Ақтөбе), «Астана» (Астана), «Қайрат» (Алматы), «Ертіс» (Павлодар), «Шахтер» (Қарағанды), «Ордабасы» (Шымкент), «Тобыл» (Қостанай), «Атырау» (Атырау), «Жетісу» (Талдықорған) және «Тараз» (Тараз), «Спартак» (Семей),  «Қайсар» (Қызылорда) командалары бар. Қазіргі таңда бұл командалардың барлығы жаңа ойыншылармен толығып, келісім-шарттар жасақтауда. Соған сәйкес, «Атыраудың» да құрамында бірқатар өзгерістер орын алды.

Читать далее »

Жәнібек АМАНОВ, Шахматтан халықаралық гроссмейстер: «АТЫРАУДА ШАХМАТ ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛСА…»

Әлемдік шахмат спортында жұлдыздай жарқ етіп көрінген атыраулық Жәнібек Аманов 2000 жылдардың басында өзіндік орнын қалыптастырып, талай мықтыларды жеңіп, аты шықты.

Читать далее »