Спорт

МҰЗ АЙДЫНЫНДАҒЫ МҰЗБАЛАҚТАР

Атыраухоккейіндамытуғазорқолдаубар

2009 жылы Атырау қаласында мұз айдыны сарайының ашылуы өңірдегі қысқы спорт түрлерін дамытуға үлкен серпіліс жасады. Сол жылы-ақ облыс тарихында бұрын-соңды мүлдем болмаған кәсіби хоккей командасы құрылып, ел чемпионатында көптеген жетістіктерге жетті. Өткен алты маусым ішінде атыраулық «Бейбарыс» хоккей командасы екі рет алтын, екі рет күміс медаль еншіледі. Сол жылдан бастап хоккей мектебі ашылып, балаларды қабылдай бастады.

Ал, өткен жылдың қазан айынан бастап облыс әкімдігінің қолдауымен мұз айдыны жанынан қысқы спорт түрлері академиясының ашылуы – жергілікті жерден жас хоккейшілерді дайындау бағытындағы жұмыстардың ілгері басуына біраз септігін тигізуде. Айта кетсек, бұған дейін балалар ақылы түрде  жаттығып келсе, қазір болашақ хоккейшілерді жаттықтыру тегін жүзеге асырылады. Сонымен қатар, олардың толықтай спорттық киімдері, құрал-жабдықтары, жарыстарға қатысуға кететін жол шығындары, жататын орындары мен тамақтануы – түгелдей академияның мойнында. 

Читать далее »

АТЫРАУДА – ҚОЛА ЖҮЛДЕ

Атырауда грек-рим күресінен тұңғыш рет ел чемпионаты өтті. Қазақ хандығының 550 және Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ұйымдастырылған турнирде еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық 1999-2000 жылдары туған жасөспірімдер «Атырау» дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде  он салмақ бойынша сынға түсті.

Читать далее »

БІЗ ЕКІНШІ ОРЫНДАМЫЗ!

Футболдан ел біріншілігінің ХІ турында «Атырау» футбол командасы қарсылас алаңында алматылық «Қайратты» жеңіп, үш ұпай еншіледі. Осы орайда, өткен жылғы маусымның алғашқы турында мұнайлы өлке футболшылары Алматыда өткен кездесуде де Савио Нсереконың алыстан салған голы арқылы жеңіске жеткені еске түседі. Сол гол маусым қорытындысы бойынша үздік голдар қатарында саналды.

Читать далее »

АБЗАЛ – ТАҒЫ ДА АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ

Елордамыз Астана қаласында өткен Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Азия чемпионатында кәсіпқой кикбокстен жекпе-жекте жерлесіміз Абзал Дүсіпов жеңіске жетті. Бұл кикбокстен кәсіпқойлар алғашқы рет Азия чемпионатында бақ сынасуы болатын. 

Читать далее »

«ОҚЖЕТПЕСТЕН» ОҚ БОЙЫ ОЗДЫ

Жексенбі күні футболдан Қазақстанның премьер лига командалары кезекті турдың ойындарын өткізді. «Атырау» командасы Балықшыдағы кеме жөндеушілер стадионында биылғы біріншілікте тәуір ойын өрнегімен көзге түсе бастаған Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады.

Читать далее »

АЛТЫН АЛҚАЛЫ АТЫРАУЛЫҚТАР

Орал қаласында муайтайдан әуесқой спортшылар арасында Қазақстан чемпионатының ақтық бәсекесі және «Номадтар шайқасы-3» халықаралық кәсіби турнирі өтті. Жеті салмақ дәрежесінде бақтарын сынаған әуесқой спортшылар арасында 84 келіде өнер көрсеткен атыраулық Жасұлан Хасимов жеңімпаз атанса, Амангелді Бекқалиев қола медальді иеленді.

Читать далее »