Спорт

ГЕРМАНИЯДАН ЖЕТКЕН ҚОЛА

Атыраулық отырып ойнау волейбол командасы Германияда өткен халықаралық «Лейпциг кубогі» паралимпийлік турниріне қатысып, қола жүлдені қанжығасына байлады.  Саксони жеріне жаһан жүзі мойындаған мықтылардың мықтысы жиналып, ең үздігін анықтады. Атап айтқанда, әлем және Азия біріншіліктерінің бірнеше мәрте жүлдегерлері Мысыр, Германия, Украина және Финляндия елдерінен құрама командалар бас қосты. Ойын иелерінің өздері германиялық 8 команданы сайысқа қосты. Осынау әлемдік спорт додасына Қазақстан ...

Читать далее »

ЖАТТЫҒУДА ШЫҢДАЛАДЫ ЖАС ҰЛАН…

Жас ұрпақтың денсаулығы мықты болып ерже - туінде спорттың алар орны ерекше. Сондықтан да, мемлекетіміз бұған зор мән беріп отыр. Осы орайда Атыраудағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі алпыс жылдан бері талай жастың талабын шыңдап, қияға қанат қақтырды. Есімі елімізге белгілі саңлақ спортшылар тәрбиелеп ұшырды.

Читать далее »

СПОРТТЫ СЕРІК ЕТКЕН

Республикалық «Спорт» газетіне 55 жыл толуына орай «Алатау» баспа-полиграфиялық корпорациясы» ЖШС-нің өкілі Гүлдана Ержанова Алматыдан келіп, жергілікті спорт ұйымдарының басшыларымен кездесті.

Читать далее »

КӨРШІГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІК

Сан мыңдаған боздақтардың өмірін қиған соғыс өртінің өшкеніне 70 жылдай уақыт таяп қалды. Әйтсе де, оның жарасы әлі жазылар емес. Отан үшін отқа түскен, жауға қарсы шыққан батырларымыздың ерлігі мен батылдығы ұрпақ жанында мәңгі сақталады. Осынау атаулы мерекені жоғары деңгейде атап өту мақсатында Атырау қалалық әкімдігі жоспар дайындап, бірнеше шараларды қолға алуда. Соның бірі – мереке қарсаңында Атырау қаласы әкімінің кубогын сарапқа салған 1999-2000 жылы туған жасөспірімдер арасындағы футболдан қалалық турнир.

Читать далее »

ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛДЫ

Атырауда өткен білім беру саласы қызметкерлерінің спартакиадасы өз мәресіне жетті. «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылып келетін аймақтық додада осы жолы Әділет Фазығалиев, Зүлфия Жұмаева, Светлана Кибашева, Нұрлан Сиғуатов, Ерболат Алпысбаевтар үздік ойыншылар қатарынан көрінді. Турнирдің жабылу салтанатында облыстық білім беру басқармасының басшысы Берікқали Сәрсенғалиев, Білім және ғылым саласы қызметкерлерінің облыстық кәсіподағы басшысы Қилымғали Қайненов  пен ...

Читать далее »

АСТАНА – ЕЛ ЧЕМПИОНЫ

Талай тамаша жеңістермен, «әттеген-ай» дегізген жеңілістермен, көптеген қызықты сәттерімен есте қалған  Қазақстан Премьер-лигасының тағы бір маусымы тарихқа енді. Елордалық «Астана» командасы өз тарихында тұңғыш рет ел чемпионы атанды. Ал, сырт алаңда «Тараз» ойыншыларымен кездескен семейлік «Спартак» 0:1 есебімен ұтылып, Премьер-лигамен қош айтысты. Қазақстандық футбол элитасында «спартактықтардың» орнын алдағы маусымда көкшетаулық «Оқжетпес» басқалы тұр.

Читать далее »

«АТЫРАУҒА» ЖЕҢІС ОҢАЙ КЕЛМЕДІ

Футболдан кезекті ел маусымының аяқталуына санаулы күндер қалды. Сенбі күні жергілікті «Атырау» футбол командасы өз алаңында маусымдағы соңғы кездесулердің бірін тараздықтармен өткізді.

Читать далее »

БАНКИРЛЕР ШЫҚТЫ САЙЫСҚА…

Қараша айының 15-інде аталып өтетін Қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі және Ұлттық валюта – Теңге күніне орай «Атырау» спорт кешенінде облысымыздың екінші деңгейдегі банк филиалдары арасында спартакиада ұйымдастырылды.

ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы ұйымдастырған спартакиада спорттың төрт түрі – минифутбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі бойынша өтті. Жарысқа ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы мен екінші деңгейдегі банк филиалдарының командалары қатысты. Ойын нәтижесінде минифутболдан Қазақстан Халық жинақ банкі филиалы - І, Kaspi Bank филиалы - ІІ, ҚР Ұлттық Банкінің Атырау филиалы - ІІІ орындарға ие болды. Минифутбол  қорытындысында М.Сағызбаев, волейболдан А.Напихова үздік ойыншылар атанып, арнайы сыйлықтар иеленді.

Читать далее »

«КҮЗГІ КРОСС» ЖҮЛДЕСІ – ЖЕҢІМПАЗДАРҒА

Сенбі күні Атырау аймақтық дене тәрбиесін және спортты дамыту орталығы 1999-2000 және 2001-2002 жылдары туылған оқушылар арасында «Күзгі кросс» жеңіл атлетикадан облыстық біріншілік ұйымдастырды. Жарысқа мектеп және колледждердің 143 оқушысы қатысты. Атап айтсақ, олардың ішінде 90-ы ұл және 53-і қыз бала. Дода нәтижесінде шапшаңдығымен, ептілігімен көзге түскен қызылқоғалық жеңіл атлеттер І орынды қанжығаларына байлады. Олар – Жеңісбек Шәріп, Әдемі Шамидолла, ...

Читать далее »

ЖАРЫС ЖОЛЫНДА – ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР

Жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу басты назарда ұсталуда. Биыл да «Президенттік шақырым» жарысы ауданымызда өз жалғасын тапты. Боздақтар ескерткіші алдында жиналған жастардың жүздері бал-ы бұл жанып, жарысқа ынта-ықыласпен қатысты. 

Читать далее »