Спорт

ЖАҒЫПАРОВТЫҢ ЖЕҢІСІ

Ақтөбе қаласында ережесіз жекпе-жектен ММА дүниежүзілік қауымдастығы Азия дивизионының кәсіпқой халықаралық турнирі болып өтті. Қазақстандық панкратионшылар Қырғызстан,  Тәжікстан  және  Ресейден  келген  жекпе-жек  шеберлерімен күш сынасты.

Читать далее »

ПАЛУАНДАРЫМЫЗ – ҮШІНШІ

Жуырда қазақ күресінен Қазақстан кубогы сарапқа салынды. Еліміздің әр түкпірінен жиналған палуандардың арасында жерлестеріміз топ жарып, жалпыкомандалық есепте қызылордалықтар мен тараздықтардан кейін ІІІ орынды еншіледі.

Читать далее »

ПОЛИЦЕЙЛЕР – АЛДА!

Қызмет пен спортты қатар алып жүруді игі дәстүрге айналдырған облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция қызметкерлері үшін «Спорт – денсаулық кепілі» дейтін халық даналығы басты ұстанымдардың бірі болып табылады. Осындай мықты жігердің арқасында көптеген додаларда жүлдеден құр қалмай келеді.  Соның  бір айғағы,  жуырда Атырау қаласындағы «Мұнайшы» спорт кешенінде өткен  облыстық «Динамо» дене шынықтыру және спорт қоғамының 90 жылдық мерейтойына арналған қоян-қолтық ұрыстан ересектер арасында ІІМ-нің чемпионатына іріктеу жарысында ұжымның бірқатар қызметкерлері жеңіс тұғырынан көріне білді.

Читать далее »

«АСТАНА» ҰПАЙ АЛДЫ

Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің екінші турында «Астана» клубы түркиялық «Галатасарайды» қабылдаған болатын. Тартысты өткен ойында отандастарымыз тартысты ойын өрнегін көрсетті, матч тең аяқталды. Есеп – 2:2.

Читать далее »

АТЫРАУЛЫҚ ВОЛЕЙБОЛШЫЛАР — АЛДА!

Өткен 4-8 қыркүйек күндері Орал қаласында «Достық-Дружба» атты волейболдан 1998-2000 жылдары туған жасөспірімдер арасында халықаралық турнир ұйымдастырылды.  Оған Ресей мен Қазақстаннан 9 бен 18 жас аралығында барлығы жүзге тарта спортшы қатысты.

Читать далее »

«АСТАНА» – ЧЕМПИОНДАР ЛИГАСЫНДА

Қазақстан футболы тарихында үлкен жаңалық. Елордалық «Астана» командасы УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф кезеңiнде кипрлық «АПОЭЛ»-ды ұтып, Қазақстан футболы тарихында тұңғыш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне жолдама алды. Енді астаналық команда Еуропаның аузын айға білеген мықты спортшыларымен жасыл алаңда сынға түсетін болады.

Читать далее »

«БЕЙБАРЫС» – ӘЗІРГЕ ЕКІНШІ!

Шайбалы хоккейден 2015-2016 жылдардағы Қазақстан біріншілігі жалауын көтерді. Бұған дейін екі мәрте ел чемпионы және екі рет күміс жүлдегері болған Атыраудың «Бейбарыс» клубы өткен біріншілікті төртінші орынмен қорытындыланған болатын.

Читать далее »

«БЕЙБАРЫС-АТЫРАУ» – ЖАҢА КЛУБ

Атырауда кәсіби хоккей спортын дамыту мақсатында облыс әкімінің қаулысымен «Бейбарыс-Атырау» жаңа клубы құрылды. Бұл туралы «Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы Атырау  коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Нұржан Ермұханов мәлімдеді.

Читать далее »

РЕСПУБЛИКА КУБОГЫН ҰТЫП АЛДЫ

Елордада су добынан 2002 жылғы  жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының кубогы сараланған болатын. Ел додасына қатысқан атыраулық өрендер кубокты ұтып алды. «Астана-Атырау» бағытындағы пойызынан жеңімпаздарды облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Нұржан Ермұханов, «Мұнайшы» спорт кешеніндегі жүзу бассейнінің қызметкерлері, балалардың ата-аналары, достары қарсы алып, жеңістерімен құттықтады.

Читать далее »