Спорт

«ОҚЖЕТПЕСТЕН» ОҚ БОЙЫ ОЗДЫ

Жексенбі күні футболдан Қазақстанның премьер лига командалары кезекті турдың ойындарын өткізді. «Атырау» командасы Балықшыдағы кеме жөндеушілер стадионында биылғы біріншілікте тәуір ойын өрнегімен көзге түсе бастаған Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдады.

Читать далее »

АЛТЫН АЛҚАЛЫ АТЫРАУЛЫҚТАР

Орал қаласында муайтайдан әуесқой спортшылар арасында Қазақстан чемпионатының ақтық бәсекесі және «Номадтар шайқасы-3» халықаралық кәсіби турнирі өтті. Жеті салмақ дәрежесінде бақтарын сынаған әуесқой спортшылар арасында 84 келіде өнер көрсеткен атыраулық Жасұлан Хасимов жеңімпаз атанса, Амангелді Бекқалиев қола медальді иеленді.

Читать далее »

ЖАСЫЛ АЛАҢДАҒЫ ЖАРҚЫЛ

Атырау футболының дамуына мүмкіндік мол

Бүгінгі таңда әлем халқы көптеген спорт түрінің ішінен футболды бірінші орынға қоюы тектен-тек емес. Ежелгі ағылшындар жерінде пайда болған футбол бүгінде ұлттық намыс пен үлкен табыс көзіне айналды. Ел спортын дамыту үшін алдымен балалар спортын дамытуды қолға алу керектігі жөнінде Үкімет тарапынан тиісті органдарға нақты тапсырмалар да беріліп келеді.

Читать далее »

ӘДІЛБЕК АЛҒАН АСУЛАР

Жастайынан спортқа еліктеп өскен Әділбек мектепте оқи жүріп күрес тәсілін үйренуді көп армандайтын. Ол туып өскен Қоныстану ауылындағы Жаңашаруа орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Жарасқан Ізмұханов ауыл жастарын спортқа баулумен қатар, Әділбектің де талабын шыңдауға өз үлесін қосып, оны шымыр да қайсар жас етіп тәрбиелей білді.

Читать далее »

ГОЛОВКИНДІ МЕНШІКТЕГЕНІ ҚАЛАЙ?

Ақпанның 21-інен 22-іне қараған түнде Монте-Карлодағы (Монако) Salle des Etoiles аренасында біздің Геннадий Головкин ағылшын боксшысы Мартин Мюррейді 11-раундта техникалық нокаутпен жеңді. Кездесу барысында Мюррей үш рет нокдаунға түсті. Осылайша, барлық 32 кездесуінде де жеңіске жеткен (оның 29 нокаут және 19 рет уақытынан бұрын) қазақстандық боксшы америкалық Майк Тайсонның рекордын қайталады.

Читать далее »

БОЗ КІЛЕМДЕГІ ТАРТЫС

Қызылорда қаласында өткен қазақ күресінен жастар арасындағы чемпионатта жүлдегер атанған палуандар елге оралды. Оның ішінде үшеуі медальдарға ие болды. Атап айтсақ, 74 келі салмақта Дулат Қабдығали бес жекпе-жек өткізіп, барлық қарсыласты жықты. Нәтижесінде, алтыннан алқа тағынды. Сонымен қатар, қыздарымыз – белбеу күресінен әлем чемпионы Эльмира Самиғоллаева мен әлем додасының жүлдегері Саида Қабсалыхова да аталған бәсекеде топ жара білді.

Читать далее »