Спорт

Күш атасын танымас

Ақтау қаласында панкратион, грэпплинг және грэпплинг ги күресінен балалар, кадеттар және жастар арасында Қазақстан чемпионаты өтті. Жарыста 42 келі салмақ дәрежесінде төрт кездесу өткізіп, финалда ұпай саны бойынша қарсыласқа жол берген Тальха Хисмет күміс жүлдегер атанып, Азия чемпионатына жолдаманы еншіледі. Он үш жасар Тальханың грепплинг күресімен айналысқанынан алты ай ғана уақыт өткен. Осы уақыт аралығында ол жарысқа дайындаған жеке бапкері ...

Читать далее »

Ел чемпионы бүгін анықталады

Жексенбі күні атыраулық «Бейбарыс» пен көкшетаулық «Арлан» командаларының арасындағы серияда есеп теңесті – 3:3. Айта кетсек, бесінші ойында қарсыластар айдынында атыраулық команда 1:0 есебімен алға шыққан болатын. Енді көкшетаулықтар Атырауда өткен додада финалдық сериядағы тағы бір жеңісіне қол жеткізді. Атырауда өткен алтыншы кездесуде есеп ойынның соңғы минуттарына дейін ашылмады. Қос қарсылас та бір-біріне дес бермей, мықтылықтарын дәлелдеді. Финалдық ойындар деп ...

Читать далее »

«Атыраудың» алғашқы жеңісі

Жексенбі күнгі жауын-шашынды ауа-райына қарамастан, Премьер-лига ойындарының бесінші туры өтті. Өз алаңында көршілес Орал қаласының «Ақжайық» командасын қабылдаған «Атырау» маусымдағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Бұл ойын командамыз үшін ерекше маңызды еді, өйткені, өткен төрт тур бойынша қоржынымызда тек бір ұпай ғана болған. Сондықтан, ойыншылар барын салды. Алаңға шығысымен шабуылға беттеп, төртінші минутта-ақ есепті ашып тастады. Пшемыслав Трытко қонақтардың қақпашысымен бетпе-бет ...

Читать далее »

Жансель олимпиадаға барады!

Атыраудың тағы бір спортшысы Олимпиадаға қатысады. Филиппин елінің Манила қаласында таэквондо спортынан Азия құрлығының іріктеу турнирі өтті. Жарыс жолына шыққан Жансель Дениз чемпион атанып,  төртжылдықтың басты додасына жолдаманы ұтып алды. – Турнир ережесі бойынша, алтын және күміс жүлдені еншілеген спортшылар Олимпиадаға баруға мүмкіндік алады. Финалға дейінгі жолда Жансель пәкістандық, вьетнамдық спортшыны ұтты. Ақтық сында өзбектің спортшысын 6:1 есебімен жеңіп, чемпион ...

Читать далее »

Жауырыны жерге тимеген

атақты палуан Бағытжан Рахбиев – Атыраудың мақтанышы Әуелде Бағытжан Рахбиев Атырау әлеміне палуан ретінде кеңінен танымал болды. Оған дейін олда барша жұмыр басты пенделер тәрізді балалық, жігіттік дәурендерді басынан өткізді. Мектепте оқып жүргенінде оқушылар арасындағы спартакиадада Батыс Қазақстан өлкесі бойынша найза лақтырудан үшінші жүлдегер, футболдан аудан чемпионы атанды. Өткен ғасырдың алпысыншы жылдарының орта тұсында кең Жылыойдың қолтығынан шыққан ол облыс орталығына келіп педагогикалық институттың тарих факультетіне оқуға түсті. Ал памсадай ірі денелі, бойлы жігіт бозкілем мамандарының назарларын өзі не бұрғызбай қоймады. Бірақ, Бағытжан бастапқыда оған қайырылмай, бұрынғысынша футболға, найзалақтыруға, жеңіл атлетиканың басқа да түрлеріне қатысуды артықсанады. Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Читать далее »

БҮГІН АЛАҢҒА КІМДЕР ШЫҒАДЫ?

Наурыздың сегізінші жұлдызында Елордадағы «Астана Арена» футбол стадионында Премьер лига командалары маусымашар ойынын өткізді. Еліміздің футболдағы қос дүлдүлі – «Астана» мен «Қайраттың» кездесуі жанкүйерлер көңілінен шықты. Жоғарғы шапшаңдық, өрнекті ойынды көре отырып, қазақ футболының дұрыс бағытта өрбіп келе жатқанына куә болдық. Алматының «Қайраты» өз тарихында тұңғыш рет ел футболының Суперкубогын жеңіп алды.

Читать далее »

«БЕЙБАРЫС» ҰПАЙ БӨЛІСТІ

Шайбалы хоккейден ел чемпионатының тұрақты кезеңі аяқталуға жақын. Он команданың ішінен сегіздікке ілігіп, плей-оффқа жолдама алатын кез жақын. Әр команда ұпай үшін таласуда. Яғни, чемпионат әдеттегідей осы тұста қыза түседі.

Читать далее »

ӘСКЕРИЛЕР ЖАРЫСТА БАҚ СЫНАДЫ

ҚР Қарулы Күштерінің имиджін арттырып, әскери қызметті тұрғындар арасында насихаттау мақсатында «Батыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері арасында бокстан чемпионат өткізілді.

Читать далее »