Атырауда велоспорт секциясы ашылады

Атыраулық балалар жаппай велоспортпен айналысу мүмкіндігіне ие болды. Облыс орталығындағы Авангард шағынауданында орналасқан №1 Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде жаппай велоспорт секциясы өз жұмысын бастауда. Мұнайлы өңір тұрғындарына  таңсық осы бір спорт түрінің қыр-сырын үйретуге сонау  Талдықорған қаласынан  арнайы білікті жаттықтырушы шақыртылып,  демеушілердің көмегімен «Venu» маркалы 50 велосипед сатып алыныпты. Қос дөңгелекті көліктің осы маркасын […]

Continue Reading

Қазақстанның 25 жастағы кәсіпқой боксшысы Жәнібек Әлімханұлы америкалық қарсыласын нокаутпен жеңді (фото, видео)

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы (4-0, 1 КО) кәсіби рингтегі бесінші жекпе-жегінде қарсыласын нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Sports.kz. АҚШ-тың Техас штаты Фриско қаласында өткен бокс кешінде 25 жастағы қазақстандықтың қарсыласы 28 жастағы америкалық боксшы Стивен “Хитмэн” Мартинес (18-4, 13 КО) болды. Сегіз раундтан тұратын кездесудің үшінші раундында Әлімханұлы Мартинесті нокдаунға түсіріп, бесінші раундта төреші жекпе-жекті тоқтатты. […]

Continue Reading

Ертең Атырауда волейбол біріншілігі басталады

2 ақпан күні «Нұрсая» спорт мектебінде («Нұрсая» ықшамауданы, 28 «А») Қазақстан Республикасының волейболдан жоғарғы лига ХХVІІ біріншілігінің ІІІ кезең ойындарының ашылу салтанаты өтеді. Айта кетейік, 23 жасқа дейінгі ерлер арасында өтетін жарыс 2-9 ақпан аралығына жоспарланған. Ендеше, осы ойындарда облысымыздың намысын қорғайтын《АТЫРАУ》U23 құрамасына жанкүйер болыңыздар!

Continue Reading

ҚАЛАМЫЗДА – ҚЫСҚЫ МАРАФОН!

Қысқы марафон! Иә, расымен де Атырау қаласында  жүгіруді жанымен жақсы көретін жандардың басын біріктіретін қысқы  марафон өткізілмекші.   «Ice Race-2019» атауымен ақпан айының 10 күні сағат 10:00-де облыстық әкімшілік үйінің алдында (Бейбарыс алаңының маңы) бастау алатын жарысқа 16 жастан жоғары кез-келген қала тұрғыны қатыса алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бар-жоғы төрт шақырымды құрайтын марафонға қатысуға тілек білдірушілер алдын-ала […]

Continue Reading

Атыраулық шахматшылар қоржынында – үш алтын, екі күміс, бір қола…

Павлодар қаласында шахматтан балалар және жасөспірімдер арасында Қазақстан чемпионаты болып өтті.  Ой жүйріктігін қажет ететін осы бір спорт түрінен өткен додаға қатысқан атыраулық шахматшылар қанжығаларына үш алтын, екі күміс, бір  қола медаль байлап қайтты. Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған 600-ден астам спортшылар шахматтың «Рапид», «Блиц», «Классика» түрлері бойынша өзара бәсекелесіп, жарыс қорытындысында,  қарсыластарынан бір қадам озық шыққан […]

Continue Reading