Спорт

Батырларға арналған бәсеке

sport

«Жайық» спорттық мәдени кешенінде батыр бабаларымыз Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының рухына арналып өткізілген  бокстан ересектер арасындағы Х халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Дүбірлі додаға Иран, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзербайжан, Моңғолия және Қазақстан мемлекеттерінен жүзге жуық былғары қолғап шеберлері қатысты. Жарыстың ашылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы  Азамат Бекет және осы турнирге құрметті қонақ есебінде шақырылған әлем ...

Читать далее »

Назым Ищанова Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанды

2(12)

14-17 мамыр аралығында Астана қаласында бокстан әйелдер арасындағы Қазақстан чемпионаты өтті. Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 57 келі салмақта атыраулық боксшы Назым Ищанова күміс жүлдеге қол жеткізді. Ширек финалда тағы бір Астаналық Забинбекова Айдананы 5:0 есебімен тізе бүктірсе, жартылай финалда қостанайлық Кухта Владиславаны оңай бағындырды. Айта кету керек, Назым Ищанова 2016 және 2017 жылдары Қазақстан ...

Читать далее »

Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали Азия чемпионы атанды

WhatsApp Image 2018-05-16 at 11.32.03

Атыраулық каратэші Әбілмансұр Батырғали Азия чемпионы атанды. Жеңімпазды бүгін Атырау халықаралық әуежайында спортшыны жақын туыстары, достары салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. «Қайсар» спорт клубының тәрбиеленушісі Әбілмансұр Батырғали жапондық Окинава аралында каратэ-додан ересектер мен жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатына қатысты. Азия чемпинатына әр түрлі мемлекеттен 700-ге жуық спортшы қатысты. Жарыста әлем және Азия чемпионатының жүлдегерлері ...

Читать далее »

“Жекпе-жек” ұлттық спорт федерациясының жаңа президенті тағайындалды

AvwZyK2bJko

Атырауда “жекпе-жек” ұлттық спорт федерациясының жаңа президенті тағайындалды. Қазақстан Республикасы “Ұлттық спорт Жекпе-жек” Федерациясының директоры Ерназар Әлімбетов президент атанған Әлібек Аймұратовқа сәттілік тілеп, қызметімен құттықтады. – Екі жыл ішінде Атырауда Қазақстан Республикасының чемпионаты, тұңғыш рет әлем чемпионаты өткізіліп, үлкен жұмыстар атқарылды. Алдағы уақытта да осы спорт түрінің дамуына, жастардың осы спортпен еш кедергісіз айналысуына бар күшімізді саламыз, – дейді Әлібек ...

Читать далее »

Атыраулық самбошылар Азия чемпионатынан жүлделі оралды

dftrM_3YHJE

Моңғолия мемлекетінің астанасы Ұлан-Батыр қаласында 10-13 мамыр аралығында жасөспірімдер, ересектер мен əйелдар арасында спорттық жəне жауынгерлік самбодан Азия чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Айтулы бəсекеде Атырау облысының спортшылары жоғарғы нəтижеге қол жеткезді. Атап айтсақ, жастар арасында 48 келі салмақ дəрежесінде Еспусинов Асқар жеңімпаз атанса, қыздар арасында 48 жəне 56 келі салмақ ...

Читать далее »

Атырауда марафонның абсолютті чемпионына сәйгүлік сыйлады (ФОТО)

WhatsApp Image 2018-05-13 at 15.05.54 (1)

24 жасар Базарбай Дауталиев Атыраудағы екінші дәстүрлі марафонның абсолютті чемпионы атанды және ұйымдастырушылар алқасының арнайы сыйы – бәйге атын иемденді, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. «Atyrau Marathon» жарысына еліміздің түкпір-түкпірінен және жақын шет елдерден барлығы үш мыңға жуық адам қатысты. 150-ден аса адам 42 шақырымды бағындырды, 10 шақырымға жүгіруде 1000-нан аса ерікті тіркеуден өтіп, ең танымал қашықтық 4,5 ...

Читать далее »

Атыраулық аралас жекпе-жек шеберлері үш алтын жеңіп алды

IO71SHqbmY4

Астана қаласында 8-11 мамыр аралығында ММА спортынан VI Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. Онда атыраулық аралас жекпе-жек шеберлері үш алтын жеңіп алды. – Аталған жарысқа еліміздің түкпір-түкпірінен мықты спортшылар қатысты. Бауыржан Берғали мен Қабдиев Манап баптайтын атыраулықтар 3 алтын және 3 қола медальға ие болды, – деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Ересектер арасында Молдағалиев Олжас ...

Читать далее »

Атырауда футзалдан ІХ ашық қала чемпионаты мәресіне жетті

DSC_0731

10 мамыр күні «Құрманғазы» атындағы мәдениет сарайында футзалдан IX ашық қала чемпионаты қорытындыланып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды, деп хабарлайды Атырау облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі. Бүгінде мыңдаған қала тұрғыны аяқ добы спортымен тұрақты түрде айналысады.Оның бірден бір дәлелі – футбол федерациясының ұйымдастырған қала кубогы. Бұл сайыс 5 лигага бөлінді. Жарыс қорытындысы бойынша III-ші лигада «Нұрберген» командасы үздік ...

Читать далее »

Жыл сайын марафонға 3 мыңға жуық атыраулық қатысады

WhatsApp Image 2018-05-11 at 11.49.07 (1)

13 мамыр күні Атырауда “Atyrau Marathone – 2018” кең көлемдегі спорттық шарасы өтеді, деп xабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. 10 мамырда марафон қатысушылары соңғы ұжымдық жаттығуларын өткізді. Жалпы, 70 адамнан тұратын топ “Atyrau Marathone – 2018”-ға 20 наурыздан бастап дайындалуда. Аптасына 3 рет жүгірушілер басшыларының нұсқауымен әр түрлі қашықтықта қала көшелерін жүгіріп өткен еді. Ал жарысқа 3 күн қалғанда ...

Читать далее »

Атырауда велоспорт мектебі ашылды

20180510170054

Атырауда «BikeRide Atyrau-2018» алғашқы велошеруі аясында қайырымдылық аукционы өткен болатын. Аталған аукционда меценаттар балалар веломектебіне қажет жабдықтар алу үшін 35 млн теңгені сыйға тартты. Жоба Мемлекет басшысының “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” бағдарламалық мақаласы аясында жүзеге асырылды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырауда алғаш рет ашылған веломектеп балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі базасында құрылған. Онда 10-16 жас аралығындағы 80 ...

Читать далее »