Заң

«Whatsapp» желісінде мұғалімдерге арналған топ ашылды

kak-pishetsya-vatsap

Енді «Whatsapp» желісінде мұғалімдерге арналған топ ашылып, оған «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасының сілтемесі жіберіледі. Әрқайсысы арнайы нөмірге өз ұсынысын жазып қалдыра алады. Бұл туралы   еліміздің білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева аталмыш заң талқыланған жиында айтты. «Заң жобасын әзірлеуге ғалымдар, мұғалімдер мен барлық облыстан мектеп директорлары мен депутаттардан құралған 78 адамнан арнайы комиссия құрылды. Бір айдан бері заңды талқылай ...

Читать далее »

Темір тұлпарға темір емес тұлпар кедергі келтіруде

????????????????????????????????????

Соңғы кезде жол қозғалысына кедергі келтіретін жылқылардың көбейгендігі жөнінде көлік жүргізушілерінен жиі шағым түсуде. Аталған мәселені шешу бағытында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, жуырда облыс орталығындағы көшелерде жасыл желекті жайпап жүрген 12 жылқы айыппұл тұрағына тоғытылды. Облыстық полиция департаментінің баспасөз орталығында хабарланғандай, биыл Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 505-ші – «Қаланы абаттандыру қағидаларын, инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою ...

Читать далее »

Бірлескен іс берекелі болмақ

photo_106673

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары құзырлы органдарда жауапкершілікпен жүзеге асуы тиіс. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкеновтың төрағалығымен өткен басқосуда бұл мәселе кеңінен талқыға түсті. Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлерінің қатысқан жиында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Нығметжан Сапаров қауіпті құбылыстың алдын алуда бірлесіп жұмыс жасауға шақырды. Ұлттық бюроның тергеушісі Нұрбек Даумов жасырын тергеу әрекеттерін ...

Читать далее »

«Kiki Challenge» флешмобына қатысқандар жауапқа тартылады

20180727172052

«Kiki Challenge» флешмобына қатысушылар жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы ІІД баспасөз қызметі хабарлады. Соңғы кездері ғаламторда «Kiki Challenge» флешмобы кең тарап кетті. Оған қатысушылар жүріп бара жатқан автокөліктен түсіп, билейді және қайтадан көлік құралына отырады. Алайда, бұл челленджге қатысушылар іс-әрекеттерінің заңнамаға қайшы екенін түсінуі тиіс. Жол-қозғалыс ережелерінің жаппай бұзылуына жол бермеу мақсатында ІІД қызметкерлері «Kiki Challenge» қатысушыларын жолдарда немесе әлеуметтік желілерде ...

Читать далее »

Зейнетақы жарнасы қандай табыстан ұсталады?

ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖАРНАСЫ

Зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістер жұртшылық арасында қызу талқыға түсті. Әсіресе, әлеуметтік желіде заңдағы толықтыруларға қатысты түсініспеушіліктер кездесуде. Халық арасына тараған ақпаратта «жеке тұлға өз мүлкін алып-сатудан да Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына 10 пайыз жарна аударады» дегенге саяды екен. Толғандырар тақырып туралы толығырақ түсіндірген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова барлық зейнетақы аударымдары азаматтардың тапқан табысынан ғана төленетінін ...

Читать далее »

Сотқа дейінгі пробация

45190-6-lipovomu_ministru_yust_ru

Соңғы жылдары қылмыстық-атқару жүйесінде бірқатар реформалық өзгерістер жүзеге асты. Қылмыстық заңнамаларды ізгілендіру, түрмедегі адамдар санын азайту, оларды қоғамның толыққанды мүшесі ретінде таныту үшін біраз іс-шаралар жасалды. Оған 2016 жылдың 30 желтоқсанында қол қойылған «Пробация туралы» заң дәлел болып отыр. Қылмыстық-атқару инспекцияларының базасында құрылған пробация қызметі тәжірибесінде: үкімдік (бас бостандығын шектеуге сотталған адамға немесе шартты түрде сотталған адамға қатысты қолданылады) және ...

Читать далее »

Тыйым салынған аймақта шомылсаңыз, айыппұл төлейсіз

2018-06-25-103100963400

Атырауда тек орталықтағы және «Тұрғындар қалашығындағы» екі жағажай заңды деп есептелінеді. Аптап ыстықта одан өзге аумақтарда суға шомылсаңыз, 5000 теңгеге жуық айыппұл төлейсіз. – Әзірге полиция қызметкерлері ескерту хаттамаларымен шектелуде. Су айдындарында және жағалауда полиция мен құтқарушылардың бірлесе атқарған жұмысы нәтижелі, алайда «жабайы жағажайларды» пайдаланушылардың қатары азаяр емес, – дейді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметі. Тәртіп сақшылары бірнеше сағаттың ішінде ...

Читать далее »

Тазалық сақтамаған атыраулық кәсіпкерлерге айыппұл салынды

WhatsApp Image 2018-07-12 at 15.25.51

Атырауда іргелес аумақтарды абаттандыру ережесін сақтамағаны үшін ШОБ субъектілеріне 100-ге жуық ұйғарым берілді. Сондай-ақ, бизнес субъектілерінің іргелес аумақтарды абаттандыруын тексеру үшін рейдтік іс-шаралар бастау алды, деп хабарлайды Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. Профилактикалық рейд бүгін басталды. ШОБ субъектілері тазалық пен тәртіп сақтау, сондай-ақ жасыл көшеттерді күтіп-баптау және қорғау бойынша тексерілді. Олардың арасында дүкендер, супермаркеттер, сауда үйлері мен қоғамдық тамақтандыру орындары ...

Читать далее »

Қажетсіз құжатты кім сұрайды?

podgotovka-dokumentov-k-peredache-v-arhiv-2

Жалпы білім беретін мектептерде оқушылардан құжат алу мерзімі маусым айынан бастап 30 тамызға дейін қабылдануы тиіс. Ол үшін ата-ананың өтінішімен қатар, баланың туу туралы куәлігі, фотосы, медициналық анықтамасы болуы шарт. Алайда, тексеріс барысында анықталғандай, кейбір білім ошақтарының директорлары еңбек демалысында жүргендіктен, шәкірт қабылдау уақыты кейінге шегерілген. Ал, енді бір оқу орнында жеке ісқағазы, әке-шешесінің жұмыс орнынан анықтама, арнайы көк түсті ...

Читать далее »

Атырауда «Бала еңбегін қанауға қарсы 12 күн» ұлттық ақпараттық науқаны басталады

WhatsApp Image 2018-05-31 at 10.59.54

Балаларды еңбекке заңсыз тарту фактілерін анықтайтын рейдтер түнде өтеді. Бұл туралы облыстық білім басқармасы, облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы және Ішкі істер министрлігінің ювеналды полиция бөлімінің өкілдері хабарлады. Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметінің мәлімдеуінше, 1 маусым – балаларды қорғау күні халықаралық мерекесі қарсаңында бала еңбегіне қатысты 12 күндік ұлттық ақпараттық науқан ұйымдастырылады. Науқанды ұйымдастырушы облыстық білім басқармасы шара барысында 12 күн ...

Читать далее »