Жастар

«БІЗ БОЛМАСАҚ, КІМ?!»

Жастардың бойындағы патриоттық сезімді, азаматтық қасиеттерді қалыптастыру мақсатында және қоғамдағы толғандыратын мәселелерді ашығынан айту үшін 14-29 жас аралығындағы шығармашыл жастар арасында «Біз болмасақ, кім?!» атты облыстық әлеуметтік роликтер байқауының жеңімпаздары анықталды. 

Читать далее »

«ӘКЕМ, АНАМ ЖӘНЕ МЕН!»

Осындай атаумен облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың қолдауымен, «Жас Отан» жастар қанатының ұйымдастыруымен «Мұнайшы» спорт кешенінде спорттық сайыс өткізілді. Оған қаладағы оқу орындары мен мекемелердегі жас отбасылар қатысты. 

Читать далее »

ЖАҒАЖАЙ МЕН АЛАҢДЫ ӘН КЕРНЕДІ

Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқарманың жанынан құрылған жиырма тоғыз қоғамдық шығармашыл жастар бірлестігі «Жастар апталығында» белсенділік танытып, өз идеялары мен бастамаларын түрлі шаралар аясында жүзеге асырды. Сондай шараның бірі - «Жастар таңдауы - Атырау» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырған «Open air party» – аспан астындағы би кеші. 

Читать далее »

«АЛТЫН ДАУЫС» — ӨНЕРЛІЛЕР БАЙҚАУЫ

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының жанындағы «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығы қала мектептерінің арасында «Алтын дауыс-2013» караоке байқауын өткізді.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы, облыстық балалар құқығын қорғау департаменті, қалалық білім бөлімі, мәдениет бөлімі, есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы мамандарынан құрылған қазылар алқасы дарынды балалардың өнерлерін сарапқа салды. Облыс орталығындағы он мектептің талантты деп танылған өрендері караокеге қосылып, жанды дауыста ән айтып, бақтарын сынады.

Читать далее »