Жастар

ЕЛОРДАДАН – ЖҮЛДЕМЕН!

Жуырда Астана қаласында өткен «Ақ көгершін» ІX халықаралық шығармашылық балалар байқауында Еркінқала саз мектебінің «Сылқым қыз» музыкалық ансамблі Бас жүлдені еншіледі. Он және он үш жас аралығындағы сегіз жасөспірім «Сылқым қыз» және «Бейбітшілік» күйлерін шебер орындады. Оларды бұл байқауға дайындаған ұстазы Бибігүл Өмірзақованың рөлін ерекше атап өткен жөн.

Читать далее »

ШЕШЕНДІК ӨНЕР ШАНДОЗДАРЫ

Назарбаев зияткерлік мектебінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы мен «Рауан» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен пікірсайыс біріншілігі өтті. Республикалық деңгейде өткен интеллектуалды сайыста Ақмола, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Атырау облыстары мен Астана қаласының жоғары оқу орындары студенттері өзара сынға түсті.

Читать далее »

ҚАНАТТЫ ҚЫЗ АТЫНДАҒЫ ШӘКІРТАҚЫ

Қазақтан шыққан тұңғыш әйел-ұшқыш, Ұлы Отан соғысының ардагері, Халық қаһарманы, жерлесіміз Хиуаз Доспанованың есімін ел арасында дәріптеу мақсатында Атырау облыстық ардагерлер кеңесі демеушілер көмегімен шәкіртақы тағайындап отыр. Мөлшері таңдалып алынатын оқу орнындағы стипендия көлемімен бірдей болады.

Читать далее »

«ЕЛ БОЛАШАҒЫ – ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА»

Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында ұйымдастырылған «Ел болашағы - жастардың қолында» атты жастар форумына қатынасушыларды Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Бибоз Шаяхметов бастап барды. Аталған форумға Ақтөбе облысының Ойыл ауданының және Батыс Қазақстан облысының жастары қатынасты.

Читать далее »

АЛТЫН КҮЗ АЙШЫҚТАРЫ

Облыстық жас натуралистер стансасы жыл сайын дәстүрлі түрде «Алтын күз» мерекесін ұйымдастырып келеді. Онда мектеп оқушылары күздің соңғы айында пісіп-жетілген өсімдіктер мен гүлдердің тұқымдарынан әртүрлі композициялар, панно, гербарий, альбом, коллаж және басқа да шығармашылық жұмыс түрлерін көрме жұмысында көрсете алады. Жыл сайын бұл мереке әр мектепте өзіндік ерекшеліктермен өткізіліп жүр. 

Читать далее »

«БАРБАРИСТІҢ» БАЙРАҒЫ

Астана қаласында алғаш рет талантты балалардың арасында өткен республикалық «Жайдарлы Жасұлан» зияткерлік сайысынан атыраулық «Барбарис» көңілді тапқырлар құрамасы жүлдемен оралды.
Сайыс «Жайдарман» ойындарын ұйымдастырумен айналысатын «Қазақстан КВН Одағы» мен өнерлі де білімді балалардың шаңырағы «Жас Ұлан» ұйымының арасындағы меморандум негізінде ұйымдастырылған. Бәйгеге еліміздің барлық облыстары мен Астана, Алматы қалаларының 18 тобы қатысты.

Читать далее »

ЖАСТАРҒА – ҮЛКЕН СЕНІМ

Қаладағы Қ.Сәтбаев атындағы №19 мектептің футбол алаңында «Рауан» жастар бірлестігінің ұйымдастыруымен аула клубтары арасында кіші аяқ добынан қалалық біріншілік өтті. Аяқ доп біріншілігінің жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов арнайы қатысып, жеңімпаздарды құттықтады.

Читать далее »

«БИІККЕ ШЫҒУ ҮШІН БІЛІКТІ ШЫҢДАУ ҚАЖЕТ»

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жастарға осындай талап қойды
Жасөспірімдер арасында негізінен біреудің мүлкін жасырын жолмен ұрлау қылмысы көп кездеседі екен. Осыған орай, атқарылған түрлі профилактикалық шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер арасында жасалған қылмыс саны 25,2 пайызға төмендеген. Атырау облысы әкімі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысында белгілі болған бұл жайт туралы Облыстық Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы, полиция подполковнигі Мұрат Демегенов мәлімдеді.

Читать далее »

«УАҚЫТ КАПСУЛАСЫ» – ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖИЫНТЫҒЫ

Облыстық қоғамдық ұйымдардың белсенді жастары 2050 жылдың жастарына үндеу тастады. Үндеудің атауы – «Уақыт капсуласы» деп аталады. «Исатай-Махамбет» орталық алаңында келешек жастарға жеткізілмек үндеу-хаттар мен фотосуреттер салтанатты түрде жарияланып, металл қорапшаға салынып көмілді. Капсула қорапшасы Украина елінен тапсырыс бойынша әкелінген. Оның ішіне салынған жастардың тілектері мен бүгінгі қол жеткізген жетістіктері латын әріптерімен қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылған. Сондай-ақ, жазулардың электрондық ...

Читать далее »

«ЖЕМ АРУЫНЫҢ» ЖҮЛДЕСІ

«Жем аруының» жүлдесі
Италияның Римини қаласында «Бегущая по волнам – 2013» өнер байқауына жылыойлық «Жем аруы» мен «Би-би» халықтық би ансамбльдері қатысып, жүлделі І орынмен оралды.
Аты әлемге танылған конкурс жыл сайын әртүрлі бағытта өтіп тұрады. Мұнда әр елдің өнерпаздары хореография, вокал жанры, түрлі аспапта ойналатын әндер, цирк өнері, декоративтік қолданбалы өнер т.б. аталым бойынша бақ сынады. Ең мықтылар бақ сынайтын байқауда атыраулық өнерпаздардың мерейі үстем болды. Құрылғанына 28 жыл болған «Жем аруы» ансамблі мен 12 жылдан бері өнер көрсетіп келетін «Би-би» ансамблінің жетекшісі - Мағрипа Шегенбаева. «Жем аруы» халықтық би ансамблі мен «Би-би» бишілер тобы Италияда қазақтың салт-дәстүрі мен өнерін, қазақ халқының ұлттық фольклорлық билерін шет мемлекеттерге кеңінен таныстыру мақсатында алты би түрін орындап шықты.

Читать далее »