Денсаулық

100 жасау үшін не істеу керек?

image18931

Әрбір адам келесі ережелерді орындай отырып, денсаулығын бірқалыпта ұстай алады. Бірінші  Салауатты өмір салтын ұстану. Физикалық жаттығу жасамау адам өмірін 4 жылға азайтады екен. Физикалық жаттығулармен айналыспайтын адамдар жүрек ауруларына шалдығуы әбден мүмкін. Екінші  Холестерин деңгейін білу және бақылап отыру. Қандағы холестерин мөлшерінің көп болуы майды жинап, адамның қан тамырларын бітеп, қан айналысын баяулатады. Соның әсерінен адам жүрек ауруларына шалдығады. Себебі жүрекке ...

Читать далее »

Ғалымдар дабыл қақты

rebenok-pered-televizorom-2481-640x480

Ғалымдар теледидар өмірге аса қауіпті екенін айтып, дабыл қақты. Олардың айтуынша, теледидардың алдында едәуір көп отырған адамдар кеселге 1,7 есе жиі шалдығады екен. Теледидардың алдында ұзақ уақыт отыру көктамырдағы қанның ұю тәуекелін арттырады. АҚШ-тағы Миннесота университетінің ғалымдары осындай қорытындыға келіп отыр. Дәрігерлер 24 жыл бойы 45-64 жас шамасындағы 15 мың америкалықтың денсаулығын бақылап, олардың қал-жағдайы мен өмір сүру салты туралы ...

Читать далее »

Тұздың тағы бір қаупі анықталды

50eb2cedc6558fda9bc5614f481260dc_crop_l_2_t_0_w_624_h_351_resize_w_520_h_

Америкалық ғалымдар тамақ ішкенде тұзды жиі пайдалану ішектердің жұмысын бұзатынын анықтады. Сондай-ақ, ол адамның танымдық деңгейінің шектелуіне әкеп соғуы мүмкін. Зерттеу материалы Nature Neuroscience басылымында жарияланды. Мамандар үш апта бойы үздіксіз тұзды қолдану эндотелий жасушасының жұмысын нашарлатып, мидағы қан ағымын азайтып, танымдық дамуды шектейді, тек қан қысымына әсер етпейді деген мәлімдеме жасады. Тұзы көп диета ішектегі Т-хелперов 17 жасушалардың және ...

Читать далее »

Салмақ тастаудың ең оңай жолы анықталды

8jm42G34JeX9gzQZ-lg

АҚШ-тың Майо клиникасының ғалымдары күнде 6 сағат бойы қозғалыста жүретін адамдардың аз қозғалатындарға қарағанда артық салмақтан тез арылатынын анықтады. Мамандар 1184 адам қатысқан 46 тәжірибенің нәтижелерін талдады. Тәжірибеге қатысқандардың орташа жасы – 33, ал салмағы – 65 кг болған. Тәжірибе барысында адам аяқта тұрғанда минутына 0,15 килокалориясынан арылатыны анықталған. Сәйкесінше, 6 сағатта 54 килокалория жоғалтады. Зерттеушілердің айтуынша, 4 жылда адам ...

Читать далее »

Ақылдан алжасудың негізгі себебі анықталды

455974_17548_1

Канаданың Психикалық саулықты зерттеу орталығының ғалымдары алкогольді үнемі пайдалану жарыместіктің барлық түрінің даму қаупін арттыратынын анықтады. Зерттеу қорытындысы MedicalXpress журналында жарияланды.  Мамандар Францияда тіркелген ерте деменцияның 60 мың жағдайын сараптаған. 57 пайыз жағдайда бұл ер адамдардың күніне 60, ал әйелдердің 40 грамм этанол қабылдауына байланысты болғаны анықталды. Осылайша, ұзақ мерзімді алкоголизм жарыместіктің жас кезде де пайда болуына соқтыратынын көрсетіп отыр.Зерттеушілердің ...

Читать далее »

Ұзақ өмір сүрудің жеңіл тәсілі анықталды

1487414836_adam

Таза ауада үнемі бірқалыпты физикалық жаттығулар жасау егде адамдар арасындағы өлім-жітім қаупін азайтады. Ұлыбританиялық ғалымдардың зерттеуі British Journal of Sports Medicine журналында жарияланды. Зерттеу қорытындысы күнделікті жарты сағат серуендеу өлім-жітім қаупін 17 пайызға төмендететінін көрсетіп отыр. Зерттеу авторлары 1181 ер адамның денсаулық жағдайы мен өлім-жіті динамикасын бақылап келген. Зерттеу басталған уақытта ер адамдардың орташа жасы 78-ге жуықтаған еді. Әр адмды ...

Читать далее »

Атырауда гемодиализ орталығы ашылды

20160113040901

Атырауда жаңа гемодиализ орталығы пайдалануға берілді.  «Жаңа медициналық мекеме күніне 20-25 адамды қабылдай алады. Онда екі кабинет бар, бірі жалпы науқастарға, екіншісі вирусты гепатитке шалдыққандарға арналған. Орталық гемодиализ жасайтын жоғары технологиялық 11 аппаратпен жабдықталған. Ол екі кезекпен жұмыс істейді. Сондай-ақ облыстық аурухана жанында да шемодиализ орталығы жұмыс істейді. Онда тек шұғыл жағдайда көмек көрсетіледі», деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Айта ...

Читать далее »

Энергетикалық сусындардың денсаулыққа әсері қандай?

teens-energy-drinks-20170517

Бүгінде шөл басатын сусындар түрі жағынан да, сапасы жағынан да сан алуан. Соның ішінде дүкен сөрелерінде көзге жиі түсетіні – энергетикалық сусындар. Мұны көбінесе жасөспірімдер, студенттер, ұзақ жолға шыққан автокөлік жүргізушілері жиі қолданады. Оны құмарлана ішкендер сусынның денсаулыққа кері әсерін біле ме? Олардың нарықта еркін сатылатынына қарап, тіпті еш зияны жоқтай көретін болар, бәлкім? Ал, шындығында мұны тұтынудың салдары шаш-етектен. ...

Читать далее »

Қандай азық-түліктер қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін?

c96e6e952715924df22fc0a6bef1a89d_resize_w_520_h_

Франция мен Бразилиядағы ғалымдар тобы жоғары деңгейде өңделген азық-түліктерді тұтыну мен онкологиялық аурулардың дамуы арасындағы байланысты анықтады. Ұннан жасалған тағамдар, газдалған сусындар, қант себілген жүгері қауызы, жартылай фабрикаттар мен қалпына келтірілген ет өнімдері «ультраөңделген» болып саналады. Мұндай тағамдар қант, май, тұздың көп мөлшерде қосылып, дәрумендерінің аздығымен ерекшеленеді. Ғалымдар осындай өнімдерді тұтыну арқылы сүт безі мен ішек ісігін тудыру қаупін сараптаған. ...

Читать далее »

Тауық етінің адам ағзасына зияны анықталды

kurinyy-620x441

Тауық етінің адам денсаулығына тигізетін зияны анықталды. Ресей зерттеушілері танымал маркалардың өнімінен қауіпті бактериялар тапты. Бұл туралы халықаралық lenta.ru ақпараттық агенттігі хабарлады. «Росконтоль» коммерциялық емес ұйымы тауықтың жүрегін тексерді. Олар 6 маркалы өнімді пайдаланды: «Мираторг», «Ясные зори», «Ржевское подворье», «Петелинка», «Петруха» және «Белая птица». Зерттеу нәтижесінде, «Белая птица», «Петруха» және «Мираторг» маркаларының тауық жүрегінен ішек таяқшалары шықты. «Ясные зори» және ...

Читать далее »