Денсаулық

ЕМІ ДАУА, ҚЫЗМЕТІ МІНСІЗ

Қашанда Елбасымыз халықтың денсаулығын бірінші кезекке қойып келеді. Өйткені, дені сау халық мемлекетіміздің экономикасы мен әлеуметтік, рухани дамуында басты рөл атқарады. Осы тұрғыда облыстық аурухана Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі, «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында халыққа медициналық қызмет көрсетуде біршама жұмыстар тындыруда.

Читать далее »

«Денсаулық фестивалі-2013» акциясы

салауатты өмір салтын насихаттауға арналды

Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен сенбі күні қаладағы Қ.Смағұлов алаңында, «Денсаулығым керемет - жаттығуға көп рахмет!» ұранымен «Денсаулық фестивалі - 2013» кең көлемді акциясы болып өтті.
Денсаулық фестиваліне мектеп оқушылары, жоғары және орта оқу орындарының студенттері, емдеу орындарының, мәдениет, білім, дене шынықтыру және спорт басқармаларының қызметкерлері, сондай-ақ басқа ниет білдірушілер қатысты.

Читать далее »

ГЕПАТИТ ЛАС ЖЕРДЕН ЖҰҒАДЫ

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің мәжіліс залында санэпидемиологтар мен дәрігер –инфекционистер, емханалардың дәрігерлері, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен аймақта вирустық гепатиттердің алдын алу айлығын қорытындылауға арналған баспасөз мәслихаты өткізілді.

Читать далее »

БІЗДІҢ СҮЙІКТІ ДӘРІГЕР ОНЫ ЕМДЕЛУШІЛЕР ОСЫЛАЙ АТАЙДЫ

Уақыт өткен сайын қаладағы емханалардың бел ауырып, балтыры сыздағандарға дер кезінде көмек беруі былай тұрсын, ондағы ақ халатты абзал жандардың біліктілігі, науқас адамға деген аялы қамқорлығы қашанда қажет-ақ. Осындай абыройлы міндетті жете түсінген ұжымның бірі - №5 қалалық емхана. Осы емдеу орнына келгенімде бас дәрігер Күлшара Жұмағалиева күндегі әдеті бойынша ертеңгілік емхана ішін, бөлмелердің, лабораторияның жұмысқа әзірлігін тексеріп жүр екен.

Читать далее »

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛ!

Дүниеге келетін сәбидің денсаулығы анасының саулығымен тікелей байланысты. Өткен ғасырдың 80-інші жылдары адамзат үшін бұрын-соңды болмаған АИТВ дерті туралы естігенде иммунитет тапшылығы вирусы ана құрсағында жатқан ұрпаққа қауіп төндіреді деген ой түсімізге де кірмеген.

Читать далее »

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТ ЖЕҢІЛЕР…

өйткені, жайлы да, сайлы аурухана ғимараты салынып бітуге жақын

«Әліптің аяғын күт» деген қанатты сөз жетегінде біз бұл мәселені бірнеше ай бойы кейінге қалдырдық. Денсаулық сақтау басқармасы басшысының үстіміздегі жылдың сәуір айында берген хатында 180 төсектік жаңа жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы 2011 жылы басталып, 2014 жылы бітуге тиісті екендігі, жұмыс қарқыны жақсы жүріп жатқандығы, ғимаратты үстіміздегі жылдың шілдесінде тапсыру жоспарланып отырғандығы туралы айтылған. Жұқпалы аурухананың ішкі жағдайын, балаларын бауырларына қысып, бар үміттерін дәрігерлерден ғана күткен аналардың шарасыз жүздерін көзбен көріп, жанымызбен сезінгесін бұл жаңалыққа қуана қарап, «жақсы болды-ау» дестік. Бірақ, аурухана шілдеде тапсырылған жоқ, келісім-шарт бойынша 2014 жылдың наурызында тапсырылады деп күтілуде.

Читать далее »

МАРИЯМНЫҢ МАРАПАТЫ

Мариям Меңдіғалиева облысымыздың санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында отыз жылдан астам еңбек етіп келеді. 1982 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина институтының санитарлық-гигиеналық факультетін бітіргеннен бері Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық қызмет саласында әртүрлі жауапты қызметтерде болды. Бүгінде ол – ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің МСЭҚК Атырау облысы бойынша департаментінің тамақ нысандарын санитарлық-гигиеналық қадағалау бөлімінің басшысы.

Читать далее »

ӨМІР ҚЫМБАТ АДАМҒА

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен психиатриялық жүйке-тамыр аурулары ауруханасы дәрігерлерінің ұйымдастыруымен облыстық балалар ауруханасының залында «Жасы кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жайы» деген тақырыпта семинар өтті.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Түркпенбай Нұржігітов аталмыш семинарды ашып, облыста медицина саласындағы тақырыптарға орай ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарлардың жиі өткізіліп жүргенін, енді бұл шара психиатр, нарколог және невропатолог мамандардың арасында өткізіліп отырғанына назар аударды.

Читать далее »

ЕКПЕ АУРУДАН САҚТАЙДЫ

Бүгінгі таңда республикамыздағыдай облысымыздың аумағында 28 шілде мен 28 тамыз аралығында вирустық гепатиттердің алдын алу айлығы өтуде.
Мәселен, Ұлттық егу күнтізбесіне «В» вирустық гепатитке қарсы екпені енгізгеннен бері соңғы 2002-2012 жылдары облысымызда «В» гепатиті 8,4 есеге, ал екі жастағы балалар арасында «А» вирустық гепатиті алты есеге төмендеді.
2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, облысымызда балаларды «В» және «С» вирустық гепатитке скринингтік тексеру басталды. Ауру көзі жұғу жолдарының көптігін ескере отырып, алдын алу шараларының ең тиімдісі екпе-вакцина алу болғандықтан, жаңа туған нәрестелерді «В» және «А» вирустық гепатиттерінен сақтауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ екі жастағы балаларға алғашқы екі аптада, созылмалы «В», «С» вирустық гепатитімен ауырған 14 жасқа дейінгі балаларға екпе жүргізіледі. Вакцина егу жылына екі рет жүргізілуі керек.

Читать далее »

ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АЗАЯТЫН ЕМЕС

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясы Атырау облыстық филиалының ұйымдастыруымен «Жұқпалы аурулармен күрес туралы» мемлекеттік бағдарламаның жүзеге асуы бойынша қоғамдық тыңдау өткізді. Оған денсаулық сақтау, санитарлық қадағалау саласы басшылары мен қызметкерлері, емдеу орындарының бас дәрігерлері, мекеме, ұйымдар, жоғары оқу орындары, ардагерлер мен БАҚ өкілдері қатысты. 
Қоғамдық тыңдауды «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалы төрағасының орынбасары Кеңес Қосыбаев ашып, жүргізіп отырды. Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті директорының орынбасары Ерболат Уайысов талқыланып отырған мәселе бойынша баяндама жасады.

Читать далее »