Денсаулық

Вирусты гепатиттерден қалай сақтану керек?

gepartidfsdg«Вирустық гепатиттер диагностикасы және олардың алдын алу» тақырыбында облыстық аурухананың мәжіліс залында көшпелі конференция өтті. Оған қала, аудандардағы емдеу мекемелерінің эпидемиологтары, инфекционистер, терапевтер мен педиатрлар қатысты.

Читать далее »

Бала дәрігерінен бас тарту медицинаға қандай жеңілдіктер әкеледі?

Медициналық жоғары білім беру жүйесінің жаңа стандарттары ТМД елдерімен қатар, Қазақстанда да 2006 жылдан бастап енгізіле бастаған еді. Содан бері еліміздегі ақ халаттыларды дайындайтын алты бірдей оқу орнында педиатрия факультеттері біртіндеп жабылып, бала дәрігерлерінің орнын «жалпы практика дәрігерлері» ауыстыра бастапты. Яғни, жас маман бұрынғыдай алты жыл педиатрияда, бір жыл интернатурада сәби ағзасын дүниеге келгеннен кәмелет жасына толғанға дейін жан-жақты зерттеп, ем-домын бүге-шігесіне дейін тереңдете оқымайды. Оның орнына бес жыл бакалавриатта жалпы негізде оқып, содан кейін екі жыл интернатурада белгілі бір дәрігерлік сала бойынша білім алады. Ендігі жерде ол – жалпы практика дәрігері. Бірақ, оқу мұнымен бітпейді. Бұдан кейін саланың күрделілігіне қарай екі-төрт жыл резидентурада оқып барып, толыққанды педиатр атануға болады.

Читать далее »

Есірткіге елігіп, өміріңе балта шаппа!

26 маусым - Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының залында облыстық ішкі істер департаментінің есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасы, қалалық денсаулық, білім бөлімдері, ЖИТС, наркология, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталықтарының мамандары, БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Есірткіге ешқашан жол жоқ!» тақырыбында баспасөз мәслихаты өткізілді.

 

Читать далее »

ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

halukӨмірзақ ЗИНУЛЛИН,
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі
Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысы,
медицина ғылымдарының кандидаты.

Жалпы, облыстың санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің тарихы өткен ғасырдың 20-40 жылдарынан басталады. Санэпидстанция құрылғанға дейін санитарлық қызмет уездік, округтік, аудандық және қалалық денсаулық сақтау бөлімдерінің құрамында болды.

Читать далее »

«ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ» — ЖАСТАР ҮШІН!

Денсаулық сақтау министрлігінің 2006 жылғы 19 қазандағы №419 «Жастарға достық қызметтерді енгізу туралы» бұйрығына сәйкес, 2011 жылдың 5 мамырында облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы жанынан «Жарқын болашақ» жастар денсаулығы орталығы ашылып, жұмыс істеп келеді. Аталмыш құрылымның атқаратын функциясы мен алға қойған мақсат-межесі хақында орталықтың директоры Алуа Сыралиеваны әңгімеге тартқан едік.

Читать далее »

АНАНЫ АҢСАУ

ananuБарлық саналы ғұмырын денсаулық сақтау саласына арнаған, Балықшы аудандық біріккен ауруханасында бас медбике болып қызмет атқарған Мария Бозбалақызы — үздік еңбегі үшін «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған санаулы жандардың бірі еді. Бүгінде өз міндетіне асқан жауапкершілікпен қарайтын ондай мамандар сирек. Медицина қызметкерлерінің кәсіби төл мерекесіне орай сүйікті жар, әзіз ана да бола білген оның рухына тағзым ете отырып, қызы Сәния Молдашеваның эссесін жариялап отырмыз.

Читать далее »

ӨМІР ЗАҢДЫЛЫҒЫ

3532325Ана. Бақыт. Махаббат. Әлемнің бар сұлу құбылысын бойына сыйдырған ұғымдар. Әйел бақыты деген түпсіз түсініктің бір тіні бала сүю, перзентті болуда жатса керек. Осы ретте ана атанып, бөбегін бауырына басқан бақытты жандарды атаулы мереке қарсаңында құттықтап, қуаныштарымен бөлісу мақсатында облыстық перзентханаға аттандық.

Читать далее »

БІЗ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ

6ht3ЕКІ РЕТ ОТА ЖАСАТУ ОҢАЙ ЕМЕС

Облыстық «Атырау» газетінде ұйымдастырылған «Дертке дәру таптыңыз ба?» атты «дөңгелек үстел» материалын оқып, басымнан өткен жағдайды баяндауды ұйғардым. Мүмкін, менің басымнан өткен оқиғаның тағы да қайталанбауына себепші болар.

Читать далее »

АДАМНЫҢ САУЛЫҒЫ – ҚОҒАМНЫҢ БАЙЛЫҒЫ

654464gОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫСЫНАН

2012 жылы медицина саласында облыс халқының денсаулығын жақсарту бағытында нендей жұмыстар мен іс-шаралар атқарылды, кемшілігі қайсы, 2013 жылғы міндеттер қандай? Осы тұрғыда облыстық аурухананың базасында облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның қатысуымен денсаулық сақтау басқармасының алқалы жиыны өтті. Оған қала, аудандардағы емдеу мекемелерінің бас дәрігерлері, денсаулық сақтау басқармасының мамандары, сондай-ақ, қала, аудандар әкімдерінің орынбасарлары қатысты.

Читать далее »

ДЕМОГРАФИЯ ДІҢГЕГІ

45463737347347АНА МЕН БАЛА САУЛЫҒЫНА – АЙРЫҚША КӨЗҚАРАС

Демография діңгегі болып табылатын ана мен бала денсаулығы қашанда маңызға ие. Өйткені, дені сау ана – дені сау ұлт. Денсаулық сақтау министрі Салидат Қайырбекованың «2015 жылға қарай ана мен бала өлімін 1,5 есеге, 2020 жылға қарай екі есеге азайтуға тиіспіз» деген мәлімдемесінің өзі осы игі тілектен туындағаны сөзсіз. Ана мен бала денсаулығын нығайтуда облыста атқарылып жатқан шаралар мен түйткілді тұстар тағы да талқыға салынды. Облыс әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық демографиялық саясат жөніндегі комиссия «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалымен бірлескен «Ана мен баланың денсаулығын қорғау жөніндегі кейбір мәселелердің шешілу жолдары» тақырыбындағы «дөңгелек үстел» басындағы әңгімеде осы саладағы біраз жайттар ашық айтылды.

Читать далее »