Денсаулық

ҮМІТ ОТЫ АЛҒА ЖЕТЕЛЕЙДІ

«Өмірге оралу» - емдеу-сауықтырудағы жаңа бастама

«Болашақ КК» қоғамдық қоры жанындағы Консультациялық-диагностикалық емхананы өңірімізде білмейтіндер кемде-кем шығар. Өйткені он бес жылға жуық уақыттан бері бұл жерде емдеу-сауықтыру жұмыстары оңтайлы жүргізіліп келеді. Аталған емхананың тағы бір жағымды жаңалығы жақында бұл жерде медициналық реабилитация және ауыр науқастарды күтетін адамдарды үйрету туралы тағы бір маңызды шара қолға алынбақшы. Осыған орай «Эксон Мобил» мұнай-газ компаниясының демеушілігімен іске асқалы отырған «Өмірге оралу» атты аталған жоба туралы «Жайық-Ақпарат» баспасөз клубында баспасөз мәслихаты өтті.

Читать далее »

САҚТАНСАҢ, САУ ЖҮРЕСІҢ

Қазір республикада бірқатар өмірді сақтандыру компаниялары жұмыс істейді. Ал, солардың ішінде қайсысы арнайы қадағалаушы органдардың лицензиясын иеленген? Міне, осындай талаптарға толығымен жауап бере алатын «Казкоммерц-LIFE» мекемесі біздің облыс халқы үшін де игілікті істер атқарып келеді. 

Читать далее »

ТҰМАУ ЖӘНЕ ОНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жыл сайын дүние жүзі халқының 10 пайызы тұмау ауруына шалдығады. Жыл сайын дамыған елдерде бұл аурудан және оның асқынуынан 30-40 мың адам көз жұмады.

Облыста тұмау және жіті респираторлық вирустық жұқпалардың 2014-2015 ж.ж. эпидемиялық маусымында жіті респираторлы вирустық жұқпалардың 194 жағдайы тіркеліп, ауру көрсеткіші 34,3 пайызды құрады. Оның ішінде 14 жасқа дейінгі балалар арасында 157 жағдай тіркеліп, ауру көрсеткіші 88,4 пайызды құрап отыр.

Читать далее »

«МЕДИКЕР – АТЫРАУ» – «САПА КӨШБАСШЫСЫ – 2014»

«Медикер - Атырау» жауапкершілігішектеулісеріктестігікөппрофильдімедициналықорталық. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» арқылы ол 461 миллион теңге қаражат алып, заманауи медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Қазіргі уақытта орталық халыққа сақтандыру полюсі арқылы қызмет көрсетеді. Мұнда терапевт, кардиолог, невролог, гинеколог, офтальмолог, энодокринолог басқа да ауру түрлерін анықтап, тексеруге арналған диагностикалық аппараттар бар. Емделушілер үшін 22 төсектік күндіз-түні қызмет көрсететін аурухана жұмыс істейді.

Читать далее »

СІЗ ДҰРЫС ТАМАҚТАНЫП ЖҮРСІЗ БЕ?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адам өлімінің 60 пайызы дұрыс тамақтанбау салдарынан туындайтын көрінеді. Бүгінде белең алған жүрек-қан тамырлары аурулары осы тамақтану режимін сақтамағаннан өсіп келеді екен. Қант диабеті, туберкулез, остеопороз сияқты дерттер де дұрыс тамақтанбаудан болады. Бұл аурулардың алдын алып, сақтануда қандай шараларды іске асырған жөн? Осы сауал төңірегінде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығына қарасты «Жарқын болашақ» жастар денсаулық орталығының Атырау облысы бойынша бөлімінің ғылыми қызметкері Алуа Сыралиеваны әңгімеге тартқан едік.

Читать далее »

СҮТ БЕЗІНІҢ ҚАТЕРЛІ ІСІГІ

оны қатерсіз ету әркімнің өзіне байланысты

Қатерлі ісік ауруы неден, қалай пайда болады? Бұл аталмыш дерт біздің облыс көлемінде қандай деңгейде? Ал, қазір тұрғындар арасында өкпе, өңеш, қолқа, сүт бездері ауруларына шалдығушылар аз емес. Бүгінде осы қатерлі ісік ауруларының ішінде сүт безі ауруы бірінші орында тұр. Осыған орай біз дүниежүзілік басты проблемаға айналып отырған осы бейдауа дертті емдеудің аймақтағы жағдайы турасында медицина ғылымдарының кандидаты, доцент, жоғары санатты онколог-хирург, денсаулық сақтау ісінің ұйымдастырушысы, Атырау облыстық онкология диспансерінің бас дәрігері Жексенбай Нысановпен  әңгімелескен едік.

Читать далее »

ОБА ОШАҒЫ ОПЫНДЫРМАСЫН ДЕП…

Адамзат тарихында аса қауіпті жұқпалы аурулар аз кездеспеген. Соның ішінде оба, шешек, тырысқақ сияқты аурулардан дүниежүзінде миллиондаған адам  мерт болған. Әсіресе, оба ауруы  қоғамның дамуына көп кедергі келтірді. Қазіргі уақытта ғылымның қарышты дамуына байланысты бұл індеттің біздің елімізде оның таралуына жол берілмей отыр. Осы Атырау аймағында эпидемиологиялық мониторнинг жүргізетін мекеменің бірі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің Атырау облыстық обаға қарсы күрес стансасының ролі ерекше.

Читать далее »

«ӨЗ ҚАН ҚЫСЫМЫҢДЫ ТЕКСЕР!»

Бүкіләлемдік жүрек күніне орай облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткен онкүндік акция осылай аталды. Мамандардың пайымдауынша, облыс бойынша жүрек-қан тамырлары ауруларымен халықтың 38 пайызы диспансерлік есепте болса, оның үштен екісіне жуығы – қан қысымы ауруларына шалдыққандар. Мәселен, артериядағы қан қысымы өз мөлшерінен асқан кездегі жағдайды артериялды гипертонияға шалдығу немесе қан қысымының көтерілуі дейді. Қазіргі ...

Читать далее »

СКРИНИНГТІК ТЕКСЕРІС ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛАДЫ

Бүгінде елімізде тұрғындардың денсаулығын жақсарту мен олардың медициналық қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуге ерекше мән берілуде. 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік «Саламатты Қазақстан» бағдарламасында да осы мақсаттарды жүзеге асыру керектігі міндеттелген болатын.

Читать далее »

ЖЕДЕЛ ЖӘРДЕМ ІЗДЕСЕҢ, ЖЫЛЫОЙҒА КЕЛ!

Ауданның денсаулық сақтау саласында елеулі оқиға болды. Бұлай демеске бола ма? Құлсары қаласы ғана емес, әсіресе, шалғай елді мекендердегі сырқат жандарға жедел көмек көрсететін көлік-терге зәрулік әлі де күшінде тұрса...

Читать далее »