Денсаулық

ҒАСЫР ДЕРТІ ДЕНДЕМЕСІН ДЕСЕК…

Бүгін таңда дүниежүзін ерекше алаңдатып отырған қауіпті дерттің бірі - ЖИТС (СПИД). Адамзат өміріне қауіпті бұл аурудың пайда болып, әлемді сілкіндіргеніне ширек ғасырға жуық уақыт өтті. Қазіргі уақытта әлемде АИТВ/ЖИТС-пен 41 миллионнан астам адам тіркелсе, оның 22 миллионға жуығы осы дерттен көз жұмған. Ал, Қазақстан бойынша күні бүгінгі осы жұқпаны жұқтырғандардың саны 21 мыңнан асқаны ойландырады. Бұл дерттен Атырау облысы да қалыс қалып отырған жоқ. Ғасыр дерті саналып отырған бұл аурудан сақтанып, оның алдын алуда облыста нендей жұмыстар жасалып жатыр? Осы сауал төңірегінде Атырау облыстық ЖИТС орталығының бас дәрігері Күлсім ДҮРЖАНОВАНЫ (суретте) әңгімеге тартқан едік.

Читать далее »

ӨМІРІҢДІ ӨКСІТПЕ, ӨРЕН!

ЖИТС-тің (Жұқпалы иммундық тапшылық синдормы) алдын алу және оған қарсы күресу орталығы мен Облыстық  халық шығармашылығы орталығының  ұйымдастыруымен  Балықшы поселкесінің  «Жастар» мәдениет сарайында Бүкіләлемдік ЖИТС-ке  қарсы күрес  Компаниясы  шеңберінде «Мақсатты бағытымыз – нөл» тақырыбында акция өткізілді.

Акцияға жоғары оқу орындары, колледждердің студенттері, әскери бөлімнің сарбаздары, ЖИТС, Салауатты  өмір салтын қалыптастыру орталықтарының, наркологиялық  диспансердің мамандары мен  дәрігерлері  қатысты.

Читать далее »

«САҚТАНСАҢ,САҚТАРМЫН!» ДЕГЕН…

Ғасыр індеті саналған ЖИТС (СПИД) ауруы салғырттықты көтермейді. Оған ЖИТС-ті жұқтырғандардың қатары бойынша Қазақстан Орта Азия елдерінің арасында алғашқы орында келе жатқаны дәлел.
Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығында болған «дөңгелек үстел» басында қатерлі дертпен күресіп жүрген дәрігерлер осы мәселелерді, сондай-ақ адамның қорғаныш тапшылығы қоздырғышынан сақтану жолдары жайлы мәселелерді талқылады.
«Дөңгелек үстелге» қатысқан облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Гүлнәр Мәмбетова, ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының дәрігері Айгүл Мұқамбетқалиева, наркология диспансерінің нарколог-дәрігері Светлана Страмоусова, тері-венерология ауруханасының дәрігері Сәуле Сейтжанова, туберкулезге қарсы күрес диспансерінің дәрігері Амангелді Аймұрзаев, облыстық санэпидқадағалау департаментінің маманы Арайлым Қасанғалиева, қалалық перзентхана дәрігері Әсем Төремұратова, салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының үйлестірушісі Әйгерім Смағұлованың дәйектемелеріне қарағанда, АИТВ инфекциясы мен ЖИТС-ті емдеу өте күрделі. ЖИТС-тен сақтанудың ең сенімді амалы – бұл адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) жұқтырудан алшақ болу. Сондықтан, адамдарға бұл ауру туралы, одан сақтану тұрғысында түрлі іс-шараларды жүргізу өте тиімді болмақ.

Читать далее »

САЛАУАТТЫЛЫҚ – ӨМІР САЛТЫМЫЗ

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде студенттер апталығы ұйымдастырылды. Апталық аясында студенттер арасында «Мен салауатты өмірді таңдаймын» атты акция, «Әсем гүлдер әлемі» композиция жасау байқауы өтті. Іс-шаралар Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында «Біз жасампаз жастармыз» атты бірінші курстықтарды студенттер қатарына қабылдау салтанатымен қорытындыланды.

Читать далее »

ОБА – ЖҰҚПАЛЫ АУРУ

одан сақтанбасқа болмайды
Адам баласының тарихында аса қауіпті жұқпалы аурулар аз кездеспеген. Өткен ғасырларда оба, шешек, тырысқақ сияқты аурулардан дүние жүзінде миллиондаған адам қаза болды.

Читать далее »

САЛАҚТЫҚ САН СОҚТЫРАДЫ

Облыстың жалпы білім беретін мекемелерінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтуды ұйымдастыру оқушылардың денсаулығын сақтап қана қоймай, оқытудың тиімділігін де арттырады. Осы тұрғыда облыс бойынша 41938 бастауыш 1-5 сынып оқушылары, 4884 аз қамтылған отбасы балаларына – барлығы 46704 оқушыға ыстық тамақ ұйымдастырылған.

Читать далее »

ЖҰМЫРТҚА ДЕНСАУЛЫҚҚА ПАЙДАЛЫ МА?

Жұмыртқа - көп жағдайда оларды әртүрлі жолдармен қолданудың арқасында барлық елдер асханасында танымал әмбебап өнім. Бірақ оның пайдасы мен зияны туралы даулар толастамауда, деп хабарлайды aif.ru сайтынан.

Читать далее »

ЖҮРЕККЕ ОТАНЫ ЖҮРЕКТІ ДӘРІГЕР ЖАСАЙДЫ

Қашанда жүзінен шуақ, жүрегінен мейірім төгіліп жүретін кардиолог-дәрігер Гүлжан Тұрғановаға емделушілер үлкен сеніммен қарайды. Бір көргеннен-ақ оның болмысынан қарапайымдылық, кішіпейілділік тәрізді қасиеттерді көріп, тәнті боласың. Ол туралы емделушілердің жүрекжарды ризашылықтары да аз емес. «Жақсы дәрігер, білікті кардиолог» деген ілтипатты сөздер оның еңбегіне берілген әділ баға дерсің.

Читать далее »

ЕМІ ДӘРУ ЕМХАНА 63 МЫҢНАН АСТАМ АДАМҒА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУДЕ

Медициналық қызмет саласының негізгі көрсеткіші емхананың жұмысынан көрінеді. Осы ретте №1 қалалық емхана ұжымының  халық денсаулығын сақтау жолында  тындырып жатқан өнегелі істері аз емес. Мұнда 63 мыңнан астам  тұрғын есепте болса,  олардың басым бөлігі – Нұрсая, Тұлпар, Лесхоз шағын аудан тұрғындары. Оларға 280-дей жоғары білімді  дәрігер, орта және кіші буын мамандар қызмет көрсетеді.

Читать далее »

ЖҮЙКЕ СЫРҚАТЫ ЖИІЛЕП БАРАДЫ…

Мемлекетіміздің медицина саласында әрбір жеке адам өз денсаулығының құндылығымен айқындалады. Соның ішіндегі ең маңызды іс-шаралардың бірі республика тұрғындарына арнаулы жетілдірілген психиатриялық көмек көрсету болып табылады.
Облысымызда жүйке ауруларының алдын алу, оған шалдыққандарды емдеу жайы қандай деңгейде? Осы сауал төңірегінде облыстық психиатриялық-жүйке тамырлары аурулары ауруханасының бас дәрігері, ҚР Денсаулық сақтау ісінің үздігі Қуаныш НҰРМҰХАНОВ мырзаны әңгімеге тартқан едік.

Читать далее »