Денсаулық

БАЛА ДӘРІГЕРІ

Жанына шипа іздеген адамдардың алғысына бөлену, сол арқылы еңбек етіп жүрген ұжымының құрметтісі атану екінің бірінің пешенесіне жазыла бермейді. Ол үшін мол қажыр-қайрат пен адамдарға деген ыстық ықылас қажет. Осыған іскерлік, мейірбандық, қарапайымдылық сияқты қасиеттер қосылып жатса, адамның ажары ашыла түспек. Осы ретте облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының жансақтау бөлімшесінің меңгерушісі, анестезиолог-реаниматолог Жәңгірхан Кенжетайұлы Бахоновтың есімі ойға оралады.

Читать далее »

АЛДЫН АЛҒАН АУЫРМАЙДЫ

Атырау көліктегі тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Игорь Шиннің басшылығымен карантиндік және аса қауіпті індеттердің алдын алу және эпидемияға қарсы іс-шаралардың кешенді жоспарына сәйкес Атырау темір жол вокзалында оқу-жаттығу жиыны өтті.

Читать далее »

АУРУ БАЛАҒА АРАША БОЛҒАН

Арман мен  Мәлика мектепте оқиды

Редакциядағы қарбалас сәттің қамымен жүргенімде, қаламыздағы Назарбаев зияткерлік мектебінен журналистика үйірмесі жетекшісі Әнуар Жаманқұлов қоңырау шалды. Әріптесімнің сөзінен ұққаным, мектеп оқушылары көмекке зәру бір отбасына барып, қолұшын бермекші екен. Мұндайды қалт жіберуге бола ма, әлгі отбасы тұрып жатқан Томарлы поселкесіне қарай тартып кеттім...

Читать далее »

ӨЗ ҚАН ҚЫСЫМЫҢЫЗДЫ БІЛЕСІЗ БЕ?

Атырау қаласында адамдар көп шоғырланатын жерлерде Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күнін атап өту дәстүрге айналды. Биыл Дүниежүзілік артериялық гипертониямен күрес күніне арналған акция қаланың Халыққа қызмет көрсету орталықтары, «Дина», Насиха» сауда орталықтары, «Тамаша» ойын-сауық орталығында өткізілді.

Читать далее »

САНИТАРЛЫҚ ҚАДАҒАЛАУҒА – ҚАТАҢ ТАЛАП

Облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің ұйымдастыруымен «Өндіріс орындарындағы санитариялық қағидалардың орындалысы туралы» деген тақырыпта семинар өткізілді. Онда департаменттің өнеркәсіптік және коммуналдық нысандарды санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің басшысы Айгүл Ысқақова баяндама жасады.

Читать далее »

ТУБЕРКУЛЕЗ – ЖҰҚПАЛЫ, ӘРІ ҚАУІПТІ ДЕРТ

Туберкулез көбіне өкпені зақымдайды. Сондықтан, оның алғашқы белгілерін білген жөн. Ол – үш аптадан астам уақытқа созылған жөтел, іріңді қан аралас қақырық тастау, кеуде тұсының шаншуы, тамаққа тәбетінің нашарлауы, дене қызуының жоғарылауы, түнде қатты терлеу, жалпы әлсіздік.

Читать далее »

АТЫРАУ – ЕСІРТКІСІЗ ҚАЛА

Бүгінгі таңда дүние жүзі бойынша адам өміріне төніп тұрған қауіптің бірі нашақорлық болып отыр. Сондықтан, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау өте маңызды. Осындай мақсатта Шаймардан Сариев атындағы облыстық өнер мұражайында мектеп оқушылары сурет салудан сынға түсті.

Читать далее »

ҚАУІПТІ ДЕРТТЕН ҚАШЫҚ ЖҮР!

Жыл сайын, мамырдың үшінші жексенбісінде дүние жүзінде ЖИТС-тен қайтыс болғандарды еске алудың Халықаралық күні атап өтіледі.  Осы атаулы күнге орай облыстық ЖИТС-ке қарсы күрес және оның алдын алу орталығының ұйымдастыруымен шара өтті.

Читать далее »

«ГИППОКРАТ АНТЫНА АДАЛМЫЗ!»

Еліміздің медицина саласы жыл санап даму үстінде. Соңғы кезде емханалар мен ауруханалар заманауи құралдармен жабдықталып, қызмет көрсету сапасын жақсартып келеді. Әрине, бұған денсаулық сақтау саласында енгізіліп және қабылданып жатқан жаңа жүйе мен бағдарламалардың септігі тиетіні анық. Соның бірегейі – «Саламатты Қазақстан» бағдарламасы. Осы бағдарлама аясында Атырау қаласындағы №4 емханада атқарылып жатқан жұмыстар ауқымды. Бұған емхананың бас дәрігері Клара СҰЛТАНҒАЛИЕВАМЕН ой бөліскен кезде айқын көз жеткіздік.

Читать далее »