Денсаулық

«Жедел жәрдем»: бүгінгі беталысы

????????????????????????????????????

Ауруы асқынып, дерті дендеп, өзін жайсыз сезінген адам «жедел жәрдем» қызметіне жүгінеді. Бұл ретте сала қызметкерлері қас пен көздің арасында науқасқа жетіп, дерттің алдын алуы қажет. Осы орайда облыстағы аталған қызметтің жайы қалай? Мамандар мен техника қызметі жедел шақыртуға қаншалықты дайын? Аталған сауалдарға жауап іздеген едік. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының анықтамасы: Облыста 1 дербес «жедел жәрдем» стансасы, Атырау қаласында 3 ...

Читать далее »

Әбдібек Әбдіжәлі: «Бала саулығына байыппен қарасақ»

????????????????????????????????????

1974 жылы негізі қаланған облыстық балалар ауруханасында бүгінде заманауи талапқа сай медициналық көмек көрсетіліп келеді. Ауыз толтырып айтар жаңалықтары да аз емес. Бұл ретте облыстық балалар ауруханасының директоры Әбдібек Әбдіжәлімен сұхбаттасқан едік. – Әбдібек Жұбанышұлы, алдымен аурухананың алғашқы қалыптасу кезеңіне тоқталсаңыз… – Негізінен нысан 1974 жылы іске қосылды. Оған дейін балаларға медициналық қызмет көрсету 1967 жылы облыстық аурухананың құрамында 40 ...

Читать далее »

Ауруханаға автокөлік сыйлады

Ауруханаға – автокөлік4

Мақат аудандық орталық ауруханасының көліктер паркі «Mercedes» маркалы жаңа реанимобильмен толықты. Осынау көптен күткен жаңалыққа «НКОК» компаниясының демеушілігімен қол жетті. Бұл көлікті жылжымалы шағын клиника деуге болады. Көлікте дефибриллятор монитор, жүрек ширатқыш, өкпені жасанды желдету құралы және жан сақтау шараларын орындауға қажет басқа да жабдықтар бар. Аурухананың бас дәрігері Батырбек Оңдасыновтың айтуынша, адам өмірін арашалауда әр секунд санаулы болған сәтте ...

Читать далее »

Дәрігердің қабылдауына Telegram арқылы жазылуға болады

20180717113605

Egov.kz порталы Telegram-бот арқылы жаңа үш қызметті ұсынады, деп мәлімдеді «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ баспасөз қызметі. «Ұлттық ақпарат технологиялары» АҚ ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің @EgovKzBot Telegram-боты арқылы үш қызметтің іске қосылатыны туралы мәлімдейді. Енді бот арқылы азаматтар емханаға тіркелу, дәрігер қабылдауына жазылу және үйге дәрігер шақыру мүмкіндігіне ие», – делінген хабарламада. Қызметтерге қол жеткізу үшін «Мобильдік азаматтар базасына» тіркелу, яғни ...

Читать далее »

“Саламатты әдеттер” марафоны басталды

WhatsApp Image 2018-07-13 at 12.50.46

Денсаулық сақтау министрлігінің бастауымен республика көлемінде “Саламатты әдеттер” марафоны басталды. Атырауда 11 шілдеде басталған бұл челлендж 8 қыркүйекке дейін жалғасады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Марафон 11 шілде күні Атыраудағы «Ретро парк» саябағында басталған болатын. Шара қалалық №7 емхана мен Атырау медициналық колледжі және салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының ұйымдастыруымен өткізіліп отыр. Мұндағы басты мақсат – әрбір адамның  ...

Читать далее »

Деннің саулығы – басты құндылық

Деннің саулығы –

Соңғы жылдары облыстағы медицинаның дамуы қарқын алды. Елбасының ұлт саулығын жақсартып, адам капиталын дамытудағы тапсырмалары негізінде аймақта бірқатар жұмыс жолға қойылып, заманауи медициналық әдіс-тәсілдер қолға алынды. Төрт нысан ашылады Облыс тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсетуге баса көңіл бөлініп, қаржыландыру көлемі ұлғайды. Бұл ретте бірқатар мекемелер қалпына келтіріліп, биылдың өзінде облыс орталығында төрт жаңа нысан құрылысы аяқталады. Олар: Тасқала ауылындағы дәрігерлік ...

Читать далее »

Аурудың алдын ал!

??????????

Бұған дейін хабарланғандай, еліміздің кейбір аймақтарында менингокок инфекциясы өршіп тұр. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың мәлімдеуінше, Қазақстандағы ауа райының бірқалыпсыз болуы аталған инфекцияға қатысты көрсеткіштерді әлі де өзгертуі мүмкін. Олай болса, әркімге өз денсаулығын күтіп, аурудың алдын алу маңызды. Осы мақсатта Атырау қаласындағы «Baizaar» сауда, ойын-сауық орталығында тұрғындарға түсіндіру акциясы өтті. Облыстық денсаулық сақтау саласына қатысты құзырлы органдардың бірлесіп ұйымдастыруымен ...

Читать далее »

«НКОК» үшін басты байлық – денсаулық!

IMG_3589

Қашан да халық қамын алдыңғы кезекке қоятын «Норт Каспиан ОперейтингКомпани Н.В.» (НКОК) мекемесі медициналық қызметкерлер күні қарсаңында Атырау облыстық ауруханасының ұжымымен кездесіп, оларды келіп жеткен кәсіби мерекемен құттықтады. Солтүстік Каспий жобасының операторы болып табылатын «НКОК» компаниясының басқарушы директоры Бруно Жардэн олардың ерен ерлігі мен есепсіз еңбегіне мол табыс, қажымас қайрат тіледі. Сондай-ақ, сыйлық ретінде соңғы үлгідегі күйікке қарсы жаңа «Clinitron» ...

Читать далее »

Атыраулық дәрігерлер 122 мың адамның өмірін сақтап қалды

whatsapp-image-2018-06-17-at-11.21.38-(1)

Жыл басынан бері Атырау облысының дəрігерлері 122 мың адамның өмірін сақтап қалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 мың адамға артық, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Медицина қызметкерлері күніне орай өткен мерекелік шарада қырық дәрігер марапатталды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нəутиев медицина қызметкерлеріне міндеттерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтері, жауапкершілік пен денсаулық сақтауда қосқан үлестері үшін алғыс білдірді. – Бүгінгі ...

Читать далее »

Дәрі-дәрмек неге тапшы?

pic3

Облыстық мәслихаттың әлеуметтік және мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы болды. Онда депутаттар «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы» облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк Аймурзиеваның есебін тыңдады. Облыстың бас дәрігерінің айтуынша, өткен жылы бюджет есебінен халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамтуға бөлінген қаражат игерілген. Биыл осы мақсатқа 3,7 млрд. теңге қаражат қарастырылды. Күні бүгін ...

Читать далее »