Денсаулық

Мәскеулік ғалымдар көмегі

Өткен аптада Мәскеудің Н.И.Пирогов атындағы ұлттық медициналық зерттеу университетінің профессорлары облыстық перинатальдық орталықтың дәрігерлеріне балалар реаниматологиясы мен интенсивті терапия бойынша апталық оқу курсын өткізді. Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Читать далее »

Баласын ойлаған екпеден бас тартпайды

Ағымдағы жылдың 24-30 сәуірі аралығында еліміз бойынша иммундау апталығы өткізілді. Алдын ала егу арқылы соңғы жылдары көптеген қауіпті аурулар түрі азайғаны тәжірибеден белгілі болып отыр. Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Читать далее »

«Сәби сүйгім келеді…»

Осыдан 21 жыл бұрын Қазақстанда экстракорпоральды, яғни, денеден тыс ұрықтандыру зертханасы – «Экомед» емханасын алғашқы болып ашқан Салтанат Байқошқарова Атырауға келіп, «Қазақстан» қонақүйінде репродуктивті денсаулықты қорғау мәселесіне арналған конференция өткізді. Оның айтуынша, осы уақыт аралығында көптеген жұмыстар атқарылды. Бүгінгі күні де жас мамандар даярланып, жаңа технологиялар енгізілуде. – Орталық ашылысымен жұмыс бірден жүйелі жолға қойылып, бір жылға жуық уақыттан соң ...

Читать далее »

Ауру айтып келмейді десек те, оның алдын-алу – өз қолымызда!

Атырауоблысы — елімізбойыншатуберкулездіңэпидемиологиялықахуалыкүрделіаймақтардыңбірі. Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне орай аталмыш дертпен күрес айлығы кезінде облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы «дөңгелек үстел» ұйымдастырып, онда атқарылып жатқан жұмыстар мен шешімін күткен мәселелер кеңінен сөз болды. Толық нұсқасын газеттен оқи аласыз.

Читать далее »

АДАМ САУЛЫҒЫ – ҚОҒАМ БАЙЛЫҒЫ

Бір ғана Атырауда соңғы он жылда өңірдегі алғаш тіркелген аурулардың саны 12,4 пайызға төмендепті. Атап айтқанда, туберкулез ауруы 2,5 есеге, ал жұқпалы аурулар екі есе азайған. Дегенмен, денсаулық тақырыбы әркез өзекті болып қала бермек. Елдің көкейінде жүрген сұрақтары да жетерлік.  Тұрғындардың  пікірі негізіндегі сауалдарымыздың ең бастыларын  облыстың бас дәрігеріне жолдаған едік. Облыстық  денсаулық  сақтау   басқармасының басшысы Аманбек Қабдешұлы Жұмыровпен әңгімеміз төмендегідей өрбіді.

Читать далее »

ЕМІ ШИПА, СӨЗІ ДӘРУ

Бүгін таңда №1 қалалық емхана 67 мыңдай тұр-ғынға медициналық қызмет көрсетеді. Осындағы 50 кереуетті күндізгі стационар емхананың үшінші қабатында орналасқан. Мұнда емделушілер сырқатына орай қажетті емін алады. Стационарда бронх-демікпе, жүрек қан тамыр, қол-аяқ сырқаты, қант диабеті, гепатит, ревматология, жүктілік патологиясы, өзге де көптеген ауруларға шалдыққандардың сапалы ем алып шығуларына барлық жағдай жасалынған. Дәрі-дәрмек жеткілікті. Ақ желеңді медбикелер де бір тыным табар емес.

Читать далее »

ТӨТЕНШЕ ДӘРІГЕРЛЕР ӘРКЕЗ САПТА

Бұл денсаулық сақтау мекемесін күндіз-түні     жауынгерлік күзетте деуге болады. Өйткені, мұндағылар тек дәрігерлік міндетін ғана атқармайды, төтенше жағдайлар қызметкерлері саналады. Міне, осы талап оларды әркез саптан табылуға жүктейді.

Читать далее »

АУЫРМАУ ЖОЛЫ – ҮНЕМІ ҚОЗҒАЛЫС

немесе «Өмірге оралу» жобасының артықшылығы қандай? 

Әңгімемізге арқау болғалы отырған жоба «Өмірге оралу» деп аталады. Адам өмірге қай уақытта қайта оралғандай болады? Әрине, ауыр науқастың бетін қайтарып, айыққанда ғана. Аурудың жеңілі жоқ. Сондықтан да, «қай жерің ауырса, жаның сол жерде» деп қазақ бекер айтпайды.

Читать далее »

ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫНА – АЙРЫҚША НАЗАР

Елімізде денсаулық сақтау саласын ұлттық басымдықтардың қатарына қойып, ана мен бала денсаулығына ерекше көңіл бөлініп келеді. Алайда, салада шешімін күткен мәселелер де жоқ емес. «Атырау-Ақпарат» ЖШС жанындағы коммуникациялар қызметінде аталған сала бойынша облыста атқарылып жатқан және алға жоспарланған жұмыстар кеңінен сөз болған брифинг өтті. 

Читать далее »

ҚЫЗЫЛШАҒА ҚАРСЫ

қосымша иммундау басталды

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің Атырау облысы бойынша тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті 2015 жылдың 1 қазанынан бастап 15-19 жастағы жасөспірімдер арасында қызылшаға қарсы қосымша иммундау жұмыстарын бастады.

Читать далее »