Денсаулық

Аллергиядан арылудың жолы бар ма?

4-1-1-1-1

Кез келген ортадан немесе көше бойынан көзі жасаурап, тыныс алуы қиындап тұрған адамды көрсек, аллергияға шалдыққанын бірден түсінетін болдық. Себебі, аймақта дәл қазіргі уақытта бұл ауру түрі өршіп тұр. Арамызда маусымдық аллергияға шалдыққандар саны көбейгені соншалықты, қазіргі кезде орташа есеппен әрбір үшінші адам осы аурудан зардап шегеді екен. Аллергияны мамандар ХХІ ғасырда ең көп таралған аурулардың бірі екенін айтады. Алайда, ...

Читать далее »

Медицинадағы әріптестік саланың дамуына септеседі

????????????????????????????????????

Атырауда Халықаралық оториноларингологтардың Каспий форумы ұйымдастырылды. Форум аясында V Еуразиялық Ассамблеясы және Қазақстан Республикасы лор дәрігерлерінің ІІ съезі өтті. Жиында Ресей, Беларусь, Әзербайжан, Өзбекстан, Польша, Украина, Грузия мемлекеттерінің дәрігерлері бас қосты. Шараның ашылу салтанатында облыс әкімі Нұрлан Ноғаев халық денсаулығын сақтауда шетелдік мамандармен тәжірибе алмасудың маңыздылығына тоқталды. – Елбасы Қазақстанның денсаулық сақтау саласына үлкен көңіл бөлуде. Тәуелсіздік алған жылдан бері ...

Читать далее »

Қалаған емханаға тіркеліңіз!

oms-5-400x220

15 қыркүйекте халықты емханаларға тіркеу жөніндегі науқан басталады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 15 қарашаға дейін әрбір азамат өзінің қалауы бойынша кез келген емханаға тіркеліп, қызмет түрлерін пайдаланады. Тұрғындар тұрғылықты мекен-жайын, жұмысын, оқу орнын ауыстырғанда, жазасын өтеу мерзімі аяқталғаннан кейін, әскери қызметін өтеп болған соң өзіне қолайлы деп тапқан басқа денсаулық сақтау ұйымына тіркеле алады. Сондай-ақ, алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымы ...

Читать далее »

Мәншүк Аймұрзиева: «Аурудың алдын алыңыз!»

1522643358_article_b_1500_

Мемлекеттік міндеттерді нақты белгілей отырып, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін енгізу. Елбасы Жолдауында алға қойылған бұл міндеттің маңызы қандай? Жалпы, оңтайландырудың мәні неде? Осы және өзге де сауалдар облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мәншүк АЙМҰРЗИЕВАМЕН сұхбатта өрбіді. – ­Оңтайландыру шеңберінде қант диабеті, гепатит сынды аурулар тегін емделетін сырқаттар тізімінен алынып тасталады. Көптің көкейіндегі бұл жайдың себебі неде? ...

Читать далее »

Көз ауруы «жасарып» барады

Көз ауру3

Атырау қаласындағы офтальмологиялық орталықтарға келушілер қатары күн санап артуда. Егде адамдар өз алдына, олардың ішінде көз жанары әлсіреген жасөспірімдер мен балалар да бар. Дерттің бұлайша дендеп, «жасаруының» себебі неде? Жалпы, аурудың алдын алу үшін бізге қайтпек керек? Науқасты қабылдап, қажетті ем-домын жасауда бүгінгі медицинаның жағдайы нешік? Облыстық офтальмология ауруханасының директоры Мұрат Құсайыновтың айтуынша, қазір көз ауруы алаңдатарлық жағдайға жетті. «Аурудың ...

Читать далее »

«Денсаулық» пойызы жыл соңына дейін 130-дай стансаға барады

456

Қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында Қазақстанның шалғай темір жол стансаларын аралауға «Саламатты Қазақстан» және «Денсаулық» пойыздары аттанды, деп хабарлайды ҚТЖ баспасөз қызметі. «Денсаулық пойыздарының» жолы Қостанай және Маңғыстау облыстарынан басталды. 2018 жылы «Денсаулық» медициналық пойызы Атырау, Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарын аралай отырып, 71 стансаға барады. Ал «Саламатты Қазақстан» пойызы қызметімен Шығыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды және Қостанай облыстарының шалғай ...

Читать далее »

Атырауда алғаш рет «инфо-донор» бағдарламасы іске қосылды

WhatsApp Image 2018-08-07 at 15.41.12

Атырауда алғаш рет «инфо-донор» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама Батыс Қазақстан бойынша тек Атырау облысында жүзеге асуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. Елбасы жолдауындағы «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында жүзеге асқан жоба Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен қаладағы қан орталығына енгізілді. «Инфо-донор» іске қосылған 1 ай көлемінде 656 адам электронды тіркеуден өтіп, донор болуға ниетті екендерін білдірген. Оның 473-і ...

Читать далее »

Қауіпті дәріні қайтарыңыз!

add.ua-vazar-n-160-mg-12,5-mg-tabletki-№90-32

Қытайда шығарылған «Валсартан» (80 мл) немесе «Вазар» (таблетка күйіндегі) деп аталатын дәрі-дәрмек адам ағзасына қауіпті деп танылып отыр. Нақтырақ айтқанда, дәріні дайындау барысында кейбір өзгерістерге жол берілгені анықталған. Сондықтан, дәрігерлер оны шұғыл түрде басқа препаратпен ауыстыру қажеттігін ескертеді.  Осыған орай, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс кардиологы Жанара Оралбекова, Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитетінің облыстық департамент басшысы Сара Оразова журналистерге ...

Читать далее »

Ақшадан ауру жұға ма?

photo_145398

Елімізде «Қазақстанда кәдімгі ақшадан ауру тарала бастады» деген ақпарат жария болды. Алматылық дәрігерлер көзге көрінбейтін бактериялардың менингит, туберкулез секілді соңы өлімге әкелетін дерттерді туғызатынын айтып дабыл қағуда. Бір қарағаннан-ақ банкноттарда  ауру қоздырғышы барын аңғару қиын. Сонда оның алдын алу үшін қайтпек керек? Купюрада біз білмейтін тағы қандай бактериялар бар? Тазалық талаптарын қалай сақтаған жөн? Сіз не дейсіз? Айдана ЕРТІЛЕУОВА, Атырау ...

Читать далее »

Шұғыл және кезек күттірмейтін науқасқа – арнайы қызмет

mp6YN4Qi

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізудегі қызметтің бірі – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің жаңа моделін әзірлеу. Шұғыл және кезек күттірмейтін жағдайға тап болған әр адамға көмек көрсетуге және жұртшылық үшін маңызы бар ауруларды бақылауда ұстауға бағытталған бұл пакеттің маңызы ерекше. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалының директоры Байтолла Ғазизовтан білгеніміздей, аталған пакет барлық азаматтарға тегін ...

Читать далее »