Ағылшынша ағып тұр…

Өткен аптада «APEC Petro Technic» колледжінің 10 студенті «Caspian Contractors Trust» компаниясында  арнайы сынақ тапсырды. Бұл –жобалау, өндіріс  және құрылыс-монтаж жұмыстары саласындағы жетекші компанияның бірі. Әсіресе, құрылыс индустриясында 2002 жылдан бері  бәсекелестік қабілетін танытқан компанияның мамандары әңгімелесу барысында студенттердің ағылшын тілін меңгеру және компьютерлік (Excel, AutoCAD) сауаттылық деңгейін тексерді. Сондай-ақ, студенттер болашақ мамандығы бойынша мамандар […]

Continue Reading

Қаңтардағы ұлттық бірыңғай тестілеуге 34687 талапкер қатысты

ҰБТ сынағын 25 615 қатысушы  қазақ тілінде, 10 162 тілек білдіруші  орыс тілінде, сондай-ақ, 61-і ағылшын тілінде тапсырды. Тестілеу  нәтижесінде 24 012 (69%) түлек белгіленген шекті деңгейдегі 50 ұпайға ие болды. Ал, 10 675-і (31%)  бұл белестен көріне алмады. «Қаңтар, наурыз және тамыз айларындағы ҰБТ-ға қатысу мектеп бітіруші түлектің жоғары оқу орнына  ақылы түрде түсуіне мүмкіндік береді. […]

Continue Reading

Жастықтың оты лаулап жанарымнан…

Биыл маңызы жағынан зор, тарихи кезеңге аяқ басып отырмыз. Елбасы күні кеше ғана 2019 жылды «Тәуелсіздік ұрпақтары» жылы, жастар жылы деп жариялады. Мағжан ақын айтқандай «Арыстандай айбатты, Жолбарыстай қайратты, Қырандай күшті қанатты» жастарға сенім артты. Бұған дейін Мемлекет басшысы жас өркенді елдің болашағы деп, үнемі ізденіске, оқу-білімге үндеп отыратын еді. Ендігі жерде Тәуелсіз елдің ұрпақтарының […]

Continue Reading

Алғашқы ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шықты

Қазақстанда бірінші ақылы Ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысы шықты, – деп хабарлайды “sputniknews.kz” порталы. “Қысқы” ҰБТ-ға 34 687 мектеп оқушысы қатысқан. 24 012 адам немесе тапсырғандардың  69 %-ы шектік ұпайдан артық балл жинаған, деп хабарлады білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директоры Рамазан Әлімқұлов. 10 675 білім алушы (31 %) жеткілікті ұпай жинай алмады. Мемлекеттік тілде тапсырғандар саны 25 мыңнан […]

Continue Reading

Үлкенді сыйлап, кішіге үлгі болсақ…

Бүгінгі күн – мен үшін тарихи күн. Астанада «Тәуелсіздіктің ұрпақтары» атауымен Жастар жылының ашылу салтанаты өтті. Осы жиында Мемлекет басшысы қарттар үйінде қазақтың ата-әжелерінің отырғанына қабырғасы қайысатындығын баса айтты.       «Қазақта мұндай бәле болған жоқ. Әкесін, қартайған шешесін үйінде ұстайтын. Кіші баласын отау иесі деп айтқан. Қазақта баласын жетімдер үйіне беру болған жоқ. Мұндай жетімдер […]

Continue Reading

Қызыл үйден шыққан ұстаз

1955 жылдың қыс айы болатын. Қызыл үй елді мекенінің қырында жалғыз үй болып тұрғанбыз. Анам Жәмилә колхоздың сиырын бағады. Мен мал өріске кеткеннен кейін ілесе алмаған малдарды қораға қамап, оларға шөп салып, әлім келгенше қора тазалайтынмын, сөйтіп анама көмектесетінмін. Сондай күндердің бірінде қораға түлкіні қуған бір тазы ит кіріп кетпесі бар ма? Аң-таң болып тұр […]

Continue Reading