Білім

ҚАБІЛЕТСІЗ БАЛА БОЛМАЙДЫ

Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынан, қазіргі таңда туа біткен, тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарынан қаршадай бастарынан дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан-жылға артуда. 
Мүмкіндігі шектеулі балаларға арнайы көмек көрсету - қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі. Дамуында ауытқулары бар балалар да дені сау балалар дамитын заңдармен өседі, бірақ қоршаған ортада бейімделу үшін компенсаторлық мүмкіндіктері біршама аз болады. Сондықтан, мұндай бала мемлекеттік қолдау мен көмекті және дұрыс, ұзақ ұйымдастырылған арнайы дамыта-түзету тәрбиесін қажет етеді.

Читать далее »

ҰСТАЗ МӘРТЕБЕСІН ҚАЛАЙ АРТТЫРАМЫЗ?

Қазіргі қоғам талабына сай бәсекеге қабілетті, рухани ойлау дәрежесі биік, ұлттық сезімі оянған, парасатты да білікті, ар-ожданы мол жеке тұлғаның қалыптасуына ұйытқы білім мен тәрбиенің ошағы - мектеп болса, мектептің жүрегі, тірегі – мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктеледі. Жеке тұлғаның адами қасиеттері мен белсенділігінің, білімінің негізі қалыптасуы мектепке дейінгі тәрбие мен мектептің бастауыш сатысынан басталады.

Читать далее »

АҒЫЛШЫНША БІЛГЕНГЕ ӘЛЕМНІҢ ЕСІГІ АШЫҚ

«Өмір бойы білім алу әрбір қазақстандықтың жеке кредосына айналуы тиіс». Елбасының бұл салиқалы сөзі жүрегі елім деп соғатын, парасаттылығы мен қабілеттілігі қатар дамыған жастар үшін ұранмен тең. Себебі, қазіргі таңда елдің бәсекелестікке қабілеттілігі оның азаматтарының дәл осы қасиеттерімен анықталуда. 
Президент өзінің халыққа Жолдауында жастарға ерекше сенетінін, білім берудің басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің әрбір азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі қажеттігін, қоғамның дамуы білім арқылы ғана көрінетіндігін атап көрсетті.

Читать далее »

«АҚЫЛДЫ ЭКОНОМИКАНЫ АҚЫЛДЫ АДАМДАР ЖАСАЙДЫ»

ал олардың тәрбиесінде педагогтардың алатын рөлі ерекше
«Біздің еліміздің негізгі тірегі - зияткерлік ұлт мүмкіндігі. Сондықтан да, біздің балаларымыздың сапалы білім алуы маңызды. Ақылды экономиканы ақылды адамдар жасауы керек, ал олардың тәрбиесінде педагогтардың алатын орны ерекше» дегенді Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов жиі айтады. Сондықтан да, мұғалімдердің біліктілігін арттыру мәселесіне көзқарас түбегейлі өзгеруі керек» дейді біздің пікірлесіміз Ғалымжанова Маржан Анесқызы. Бүгінде «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтын басқарып отырған педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор, Ақпараттандыру Академиясының академигі Маржан Анесқызымен арадағы сұхбат негізінен қоғамдық пікір туғызып жүрген мәселелер төңірегінде өрбіді.

Читать далее »

ЖАҢАША ОҚЫТУ – ЖЕТІСТІК КӨЗІ

«Өз біліміңмен шәкірттеріңді шектеме, олардың туған уақыты бөлек емес пе...» деген еврей халқының даналық сөзін негізге ала отырып, ХХІ ғасыр жеткіншектеріне білім беру үшін кез келген ұстаз шығармашылықпен айналысуы қажет деген көзқарасты қолдаймын. Қазіргі қоғамда болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер білімді, саналы жастарды тәрбиелеушілерге үлкен міндет жүктейді. 

Читать далее »

ШЕТЕЛДІК ТАҒЫЛЫМДАМАНЫҢ ТӘЛІМІ МОЛ

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату аясында еліміздің жалпы орта білім беретін мектеп директорлары және олардың орынбасарларының біліктіліктерін көтеру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен келісілген түрде 70 басқарушы қызметкер үшін тағылымдама ұйымдастырылған болатын. Бұл тағылымдамаға Атырау қаласы бойынша базалық мектеп болып бекітілген №16 және №31 орта мектептің директорлары Светлана Ысмағұлова мен Ғаділжан Кереев және директордың ғылыми- әдістемелік ісі жөніндегі орынбасарлары қатысып келді. 

Читать далее »

БОЛАШАҚҚА – САПАЛЫ БІЛІММЕН

Жаңа оқу жылына санаулы күндер қалды, дайындығымыз қалай?
Биылғы тамыз мәслихатында қойылып отырған «Сапалы білім мен тәрбие беру – Қазақстанның мемлекеттік саясатының басымдығы» мәселесі қоғамымызда білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін білім беру жүйесін жаңғыртуға бағытталып отыр.

Читать далее »

КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУ: ҮЛКЕН ӨМІРГЕ БАСТАҒАН ЖОЛ

keshenditesАтырау облысы бойынша Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 19-21 шілде аралығында кешенді тестілеу өтті. Облыс бойынша биылғы жылы 2632 талапкер тест тапсыруға құжаттарын тапсырған. 57 талапкер тест кезінде белгілі себептермен қатыспай қалған.

Читать далее »

БОЛАШАҚ БҮГІННЕН БАСТАЛАДЫ

bolashakҚ.Дүтбаева атындағы гуманитарлық колледжін тағы бір мәрте жас мамандар бітірді. Салтанатты шара Махамбет атындағы қазақ драма театрында өтті. Колледж қазіргі таңда 377 маманды дайындап шығарды. Олардың ішінде 50 студент «үздік диплом» иесі атанды.

 

Читать далее »

ШЫДАМ МЕН ЕҢБЕК – БӘРІН ДЕ ЖЕҢБЕК

shadamМахамбет атындағы қазақ драма театрында «Ақ жол саған, арманшыл ұрпақ!» атты қаламыздағы үздік оқу орындарының бірі – Каспий өңірінің қазіргі заманғы колледжінің бітіруші түлектеріне диплом тапсыру салтанаты өтті.

Бүгінде колледж тарихындағы жетінші түлектерін ұшырып отырған білім ордасы жаңа заман талабына сай білім беріп келеді. Бұл туралы басқосуда балаларын осы ұяға сеніп тапсырған ата-аналар үлкен мақтанышпен жеткізді.
Биылғы оқу жылын 145 бітіруші түлек үздік дипломмен аяқтап отыр. Колледж директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қалалық мәслихат депутаты Бақытгүл Хаменова үздік дипломдарды өз иелеріне табыс етті.
Колледж қабырғасында өзде-рінің сапалы білімдерімен ғана емес, ерекше дарын иесі, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, интеллектуалдық ой-өрістері кең, студенттік жылдары өзінің ерекше белсенділігімен көзге түскен түлектерді директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әлия Оңаева Алғыс хаттармен марапаттады.

Читать далее »