Білім

МАМАНДЫҒЫМ – МАҚТАНЫШЫМ

Атырау аграрлы-техникалық колледжінің түлектеріне де диплом тапсыру салтанаты болып өтті. 
Салтанатқа жиналған барлық қатысушыларды оқу орнының директоры Болат Қожиев құттықтады.
- Жыл сайын ауыл шаруашылығы мамандарымен келісім-шарт жасап, жергілікті басқару орындарымен үнемі қоян-қолтық жұмыс жасап келеміз. Біздің колледж – ауыл шаруашылығы мамандары оқытатын өңіріміздегі жалғыз оқу орны. Жыл сайын 25 ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша түлектер осы оқу орнын тәмамдап келеді. Өткен жылы құрылысшы, ауыл шаруашылығы, бухгалтер мамандықтары бойынша 32 түлек ауылдарға аттанып, «Дипломмен - ауылға» мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмысқа орналасып, жағдай жасалды. Биыл бұл үрдіс бойынша әр өңірге ауыл шаруашылығы мамандығының сегіз түлегі аттанбақ. Олар Құрманғазы, Қызылқоға, Жылыой аудандарына барып қызмет ететін болады. Оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуын басты назарда ұстап келеміз, - деген колледж директоры, түлектерге сәт сапар тіледі.

Читать далее »

БАСТЫ БАҒЫТ – түпкі НӘТИЖЕДЕ

Жақында облыстық қазақ-түрік лицейінде «Ғылыми нәтижеге бағытталған білім беру моделіне көшу жағдайында педагог қызметкерлердің құзыреттілігін дамыту» атты аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. 
Жиынды «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры, педагогика ғылымдарының кандидаты, профессор Маржан Ғалымжанова алғы сөзімен ашып, күн тәртібін белгіледі. Пленарлық мәжілісте педагогика ғылымдарының докторы, профессор Жауымбай Қараев, Ақтөбе облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры, физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Ш.Көбенова онлайн режимінде Ақтөбе, Атырау облыстарымен бірлескен эксперименттік алаңдар және өзара тәжірибе алмасу бағыттарымен таныстырды.

Читать далее »

БІЛІМДІНІҢ ҚОЛЫНДА БАР МҮМКІНДІК

Маусым айының соңғы күндері жоғары және арнаулы орта білім беретін оқу орындары түлектерінің дәстүрлі түрде салтанатты кеші өтіп келеді.
Атырау мұнай және газ институтының түлектеріне диплом табыстау рәсімі Студенттер сарайында өтті. Оған оқу орнының профессорлар-оқытушылар құрамы, түлектер және олардың ата-аналары қатысты.

Читать далее »

БІЛІМ СЫНАҒЫ БАСТАЛДЫ

7ybtТүлектердің он бір жылдық білімін саралайтын Ұлттық бірыңғай тестілеу облысымызда биыл 4 маусым күні басталды. Айта кетсек, биыл облыс бойынша 5040 шәкірт мектеп қабырғасынан ұшса, оның 4141-і тестілеуден өтуге ниет білдірген. Осымен оныншы рет өтіп тұрған білім сынағының алғашқы күні облыс бойынша 850 оқушы екі орталықта білімін таразылады. Оның 674-і Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде тапсырса, Мақат ауданының Доссор кентіндегі Б.Қанатбаев орта мектебі 178 түлекті тестілеуден өткізді.
Университетте алғашқы күні тестілеуден өткендердің ішінде Н.Тілендиев атындағы Кіші өнер Академиясы, Ы.Алтынсарин, Ф.Оңғарсынова, Ә.Жангелдин, Қ.Сәтбаев атындағы және №3, №12, №13, №7, №6, №32 және тағы басқа орта мектептерінің оқушылары болды.

Читать далее »

КӘСІПТІК БІЛІМ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

6yuБұл күнде кәсіптік білім беру жүйесі қалай жұмыс істеуде, оқыту үрдісі қалай ұйымдастырылып келеді, оқу орнын бітірген түлектердің жұмысқа орналасуы қаншалықты? Жуырда облыс әкімдігі жанындағы техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту және кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік кеңестің отырысында осы мәселелер кеңінен талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен өткен кеңеске облыстық кәсіптік білім беру оқу орындары мен облыстағы бірқатар кәсіпорын басшылары қатысты. 

Читать далее »

ҰСТАЗДЫҢ ҰЛЫҚ БАҚЫТЫ

Саналы ғұмырын бір ғана мамандыққа арнап, өнегелі істерімен ұрпақ тәрбиесіне мол үлес қосып жүрген жандар аз емес. Сондай жандардың бірі – Қазимаш Сабырқызы. География сабағын өте қызықты етіп өткізетін ол еңбек жолын бастаған кезінен-ақ шәкірттерін бірден баурап, әлемнің түкпір-түкпірімен таныстырып шығатын. Оның сабақ түсіндірудегі бір ерекшелігі – оны күнделікті өмірмен байланыстырып отыратыны. Осындай шығармашылық ізденісі, талапшылдығы мен еңбексүйгіштігі еленіп, ұлағатты ұстаз «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» атағымен марапатталған да болатын.
Құрманғазы ауданында 1938 жылы 29 мамырда дүние есігін ашқан ол Нұржау селосындағы ауыл мектебінде дәріс алады. «Бізде балалық шақ болған жоқ. Әкеміз соғыстан оралып, 1943 жылы қайтыс болды. Шешеміз сауат ашпаған, төрт баланы тамақтандыру үшін балық аулап, 35 шақырымдық Котяев селосына апарып сатты, тапқан тиын-тебенмен керек-жарағымызды түгендеді. Біз ерте есейдік. Күндіз тезек теріп, қамыс шаптық. Үйімізге 7-8 шақырым жерден иінағашпен су тасыдық. Шамның жарығымен түнімен сабақ оқитынбыз» - дейді ол.

Читать далее »

ФАРИЗА АҚЫННЫҢ АҚ ТІЛЕГІ

Облыстағы іргелі білім ордаларының бірі – Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық дарынды балалар мектеп-интернатында да 25-ші мамыр күні соңғы қоңырау мерекесі болып өтті.
Осы білім ұясындағы соңғы қоңырау салтанатына сонау Астанадан Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың арнайы келіп қатысуы болашаққа қанат қаққалы отырған түлектер үшін есте қаларлық елеулі оқиға болды.
- Осы сәттен бастап сіздерге,-деді Фариза ақын, – жауапкершілігі мол өмір есігін ашады, оның қандай болатыны тек өздеріңізге байланысты. Үлкен өмірдің негізін сіздер өздеріңіздің білім ошақтарыңызда қаладыңыздар. Ең маңыздысы, қалаған мамандықтарыңызды таңдап, еліміздің жоғары оқу орындарына түсу үшін білім нәрімен сусындадыңыздар. Бүгінгі күні қазақстандық жастарға сапалы да, қолжетімді білім алуларына мүмкіндік бар. Сондықтан, сендердің қандай оқуды мақсат етсеңдер де, ағылшын, жапон, француз, өзге де елдердің мамандарымен тең түсетін азаматтар болып өсулеріңе тілектеспін...

Читать далее »

АЛДА – АСҚАҚ АРМАНДАР

   Өткен сенбіде облыс мектептерінде қызығы мен қиыншылығы мол, әр күні ұмытылмас естелікке толы оқу жылының аяқталу салтанаты өтті. Қырық төрт түлегіне қоңырау сыңғыры соңғы рет соғылған қазақ-түрік лицейінің шарасы Құрманғазы атындағы мәдениет сарайында ұйымдастырылды.

Читать далее »

ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ: АЛДА — БІЛІМ СЫНАҒЫ!

3-   Міне, оқу жылы да аяқтала келді. Мектеп түлектерінің он бір жылдық білімін сарапқа салатын маңызды шара – Ұлттық бірыңғай тестілеу жүйесінің өтуіне де санаулы күндер қалды. Аталған шараға облыс мектептерінің қаншалықты дайын екендігін саралау мақсатында облыстық әкімдікте облыс әкімінің орынбасары Шыңғыс Мұқанның төрағалығымен ҰБТ өткізу жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі облыстық комиссияның отырысы өтті. 

Читать далее »