Білім

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

ОЛ ҚАЛАЙ ІСКЕ АСУДА?
ҒАЛАМТОР ҒАЛАМАТЫН ПАЙДАЛАНЫП...

Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының  басты жаңалықтарының бірі - білім ошақтарының электронды оқытуға көшуі. Қазір Атырау облысындағы 24 білім беру мекемесінде электронды оқыту жүйесі жұмыс жасайды.

Читать далее »

БІЛІМДІ ЕЛДІҢ КЕЛЕШЕГІ КЕМЕЛ

Сейсенбіде ҚР Премьер-министрі Серік Ахметовтің төрағалығымен Үкіметтің онлайн режиміндегі кезекті селекторлық мәжілісі өтті. Оған Атырау облысының әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов қатысты.

Мәжілісте «Қазақстан Республикасында білім беру мен ғылымның басымдық берілген бағыттары туралы» мәселе қаралып, талқыланды. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов хабарлама жасады.

Читать далее »

ОРТАҚ ОЙ, ОРАЙЛЫ ШЕШІМ

Елбасының «Қазақстан-2050» стратегиясы» Жолдауын іске асыру аясында гуманитарлық ғылымдардың жаңа көкейкесті тақырыптарын зерделеу және насихаттау мақсатында  Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде өткен семинар-кеңес «Қазіргі жастардың рухани құндылықтары» деп аталды. Облыстық әкімдік пен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан  мемлекеттік университеті, Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан агротехникалық университеті, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ш.Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті, Атырау мұнай және газ институты, облыстық Жастар мәселелері жөніндегі басқармасы, БАҚ өкілдері қатысқан шара Х.Досмұхамедов ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

Читать далее »

ЖАҢАШЫЛДЫҚ БАСТАУЫ

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену жағдайында еліміз қазақстандық білім беру жүйесін қайта жаңғырту үстінде.
Әр облыста құрылған «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалдары педагогтер біліктілігін арттыру бағытында ауқымды істерді атқарып, мамандардың әлемдік іс-тәжірибені меңгеруіне зор мүмкіндік жасады. Сондай-ақ, әйгілі Кембридж университетінің ұстаздарымен жүзбе-жүз кездесіп, өзара тәжірибе алмасуымызға ықпал етті.

Читать далее »

БОЛАШАҚ КІЛТІ – БІЛІМДЕ

Бүгінгі заман мұғалімдерінің алдында шәкіртке сапалы білім берумен ғана шектелмей, оны келешек өмірге дайын азамат ретінде қалыптастыра білу міндеті тұр. 
Жалпы, бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуында жетекшi рөл атқарады десек, жеке тұлғаның қалыптасуы ұстаздан басталады. Білім саласындағы түбегейлі өзгерістер оқытушыдан үлкен жауапкершілікті талап етеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған елу елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім» деп атап өткен еді. Сондықтан да, бүгінде оқытудың түрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтердің іс-тәжірибесі зерттеліп, колледж өміріне енуде.

Читать далее »

ДӘРІС БЕРУДІҢ ЖАҢА САТЫСЫ

«Қазақстан Республикасының 2011-2020 жылдарға дейінгі білім беруді дамыту бағдарламасының» басты мақсаты – қоғамның жаңа талаптарына сәйкес келетін, сапалы, бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Осыған орай, білікті мамандарды кәсіби даярлауда «Өрлеу» біліктілікті арттыру орталығы» акционерлік қоғамы әлемдік білім беру кеңістігіне ене отырып, жаңа фармация мұғалімдерін даярлауды бастады.

Читать далее »

БІЛІМДІ ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЗОР

Жаңалыққа кенде емес саланың бірі – білім беру ұйымдары. Сан түрлі  реформалар  жүзеге  асып   жатқан бұл саланың жұмысы жайлы сұрақ көп. Елбасының биылғы халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттерді іске асыру мақсатында және облыстағы білім беруді дамытудың өзекті мәселелері хақында жақында облыстық білім беру басқармасының  басшысы   Б.Сәрсенғалиев интернет-конференция  өткізді. Онлайн  режимінде ұйымдастырылған конференцияға келіп түскен сұрақтар мен басқарма басшысының   жауабын   назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Читать далее »

БІЛІКТІ ҰСТАЗ ҒАНА БІЛІМДІ ШӘКІРТ ТӘРБИЕЛЕЙДІ, –

дейді тәжірибелі ұстаз, гимназия директоры София Әлібаева
«Мектеп – кеме, білім - теңіз». Терең астар мен үлкен мәнге ие бұл қағида оқушыларға сапалы білім беруге, жас ұрпақ бойында бәсекелестікке қабілеттілікті қалыптастыруға тәрбиелейді. Ұрпақ тәрбиесі – ұлт болашағы. Еліміз тәуелсіздік алып, өркениетті елдер көшіне ілесіп, заман ағымына қарай батыл қадам жасаған сайын ұрпақ тәрбиесіне қойылатын талаптар да күшейіп келеді.

Читать далее »

АТЫРАУДА «НАЗАРБАЕВ ЗИЯТКЕРЛІК МЕКТЕБІ» АШЫЛДЫ

Ел мен елді білім теңестіреді. Қазақ елінің абыройын асқақтатып, келешегін нұрлы қылатын бүгінгі ұрпақтың сапалы білім алуы үшін мемлекет тарапынан жасалып жатқан қамқорлықта шек жоқ. Соның бірі де бірегейі - Елбасы бастамасымен еліміздегі ірі қалаларда бой көтеріп жатқан зияткерлік мектептері.

Читать далее »