Білім

БІЛІМ КӨЗІ – КІТАПТА

«Өрлеу» АҚ филиалы Атырау облысы бойынша  педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты «Білім беру кеңістігіндегі мектеп кітапханасының рөлі»  тақырыбында  облыстық «дөңгелек үстел» өткізді. 

Читать далее »

ОҚУЛЫҚТАҒЫ ОЛҚЫЛЫҚ

 оқушының ынтасын түсіреді
Он бір жыл бойы өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындататын мектеп оқулықтарының бүгінгі күнгі сапасы сын көтермейді. Иә, бюджеттің миллиардтаған қаржысына жыл сайын оқулықтардың шығарылып жатқаны, олардың сыртқы сапасының да біршама жақсарғаны рас. Алайда «судың да сұрауы бар» демекші, мемлекет қаржысы есебінен басылған осы оқулықтың ішкі мазмұнына келгенде олқылықтардың алдан шыға келетіні бар. Бұл мәселе осыған дейін де сан мәрте көтерілгенмен, түзелер түрі жоқ.

Читать далее »

«ТУҒАН ЕЛГЕ ТАҒЗЫМ»

жобасы аясында мұнайлы өлкенің үлкен мүмкіндіктері белгілі болды

Павлодар қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің «Оқжетпес» шаңырағының үздік 24 оқушысы мен бір топ ұстаздар қауымы «Туған елге тағзым» өлкетанулық–танымдық экспедициясы аясында Атырауда болып, мұнайлы өлкенің тыныс-тіршілігімен танысты.

Читать далее »

ӨНЕРГЕ ҚАМҚОРЛЫҚ

өз  нәтижесін  берді

Индер ауданында шә-кірттерге білім нәрін себетін он бес мектеп болғанымен де өнерге баулитын жалғыз ғана орын бар еді. Оның өзі де құрылғанына қырық жыл болғанымен, басқасын айтпағанда мектептің тұрақты ғимараты жоқтығынан көптеген қиындықтарды бастан кешіп келе жатқанды.

Читать далее »

УАҚЫТ НАЙҚАЛУДЫ КҮТПЕЙДІ

«Оқысаңыз, балалар, шамнан шырақ жағылар, тілегенің алдыңнан іздемей-ақ табылар...» деп Ыбырай Алтынсарин жырлағандай, жас шақта терең де сапалы білім алғанға не тең келер? Мұны Елбасымыздың өзі жылма-жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында тереңнен толғап, көптің назарын қайталап білім-ғылымға ден қоюға шақыруда.

Қазірде бұл үлкен міндетті іске асыруда Атырау қалалық білім бөліміне қарасты 56 мектеп, 36 балабақша, 6 саз мектебі және екі мектептен тыс мекеме жұмыс жасауда. Олардың 47-сі орталық жылу жүйесіне қосылған. Күні бүгін оның он сегізінің жылу  жүйелерінің қысқы маусымға дайындығы тексеруден өткені белгілі болып отыр.Өзгелерінде де, белгіленген кестеге сәйкес, осы айдың 10-ына дейін аяқталады деп күтілуде.

Читать далее »

ЖАС МАМАНДАР – ЕМХАНАЛАРҒА

Атырау медицина колледжінің құрылып, жұмыс істей бастағанына биыл 70 жылға жуықтады. Осы жылдар ішінде оқу орны қабырғасынан бірнеше мыңдаған орта буын медицина мамандары түлеп ұшып, облысымыздың қала, аудандарындағы емдеу орындарында жемісті еңбек етіп келеді. Осындай өзіндік тарихы бар аталмыш оқу орнынан емдеу ісі, акушерлік ісі, мейірбике ісі, лабораториялық диагностика, фармацевт, гигиена және эпидемиология, стоматология бөлімдері бойынша биыл 406 жас түлек бітірсе, оның 87-сі – «Үздік диплом» иелері.

Читать далее »

СӘНДІК ҚОЛДАНБАЛЫ ӨНЕР – ҰЛТ МЕРЕЙІ

Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінің «Өнер және мәдениет» бөлімін «Сәндік қолданбалы өнер» мамандығы бойынша биыл бітіретін түлектер диплом қорғау жұмыстарын бастап кетті. Өзге мамандықтардан ерекшелігі – бітірушілер алған білімдерін шығармашылық жұмыстары арқылы да көрсетті.

Читать далее »

АҚ ЖОЛ САҒАН, ЖАС ӨРЕН!

Атырауда мектеп бітіруші түлектердің «Дарынды түлек-2014» шарасы өтті

Армандарына ақ қанат байлаған мектеп түлектері алтын ұя – білім ордаларымен қош айтысып, үлкен өмірге қадам басты. Биыл облыс бойынша 4696 жас орта білім аттестатын алды.

Читать далее »

«ЕДІЛ-ЖАЙЫҚ» ӘНІНЕ БЕЙНЕБАЯН ТҮСІРІЛДІ

Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның «Парасат», Қырғызстанның «Дәнекер» ордендерінің иегері, көрнекті композитор, жазушы, музыка зерттеушісі, суретші Илья Жақановтың «Еділ-Жайық» әніне Атыраудағы «Еркеназ» триосы ал-ғаш рет бейнебаян түсірді.

Читать далее »

БАЛА ЖАНЫНЫҢ БАҒБАНЫ

Біздің №15 «Балбөбек» балабақшасында жан-жақты қалыптасқан жақсы үрдіс бар. Ой-өрісі енді ғана қалыптасып келе жатқан бүлдіршіндерді қазіргі заман талабына сай инновациялық технологиялар негізінде тәрбиелеуге жете мән берілуде. Осының нәтижесінде балабақшамыз «Мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым экономикалық түсініктерін қалыптастыру» тақырыбындағы эксперимент алаңына алынып, «Тірек балабақшасы» куәлігіне ие болды.

Читать далее »